Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тарихнама ғылымы: мақсаты мен міндеттері






Тарихнама ежелгі грек тілінен аударғ анда “история” - тарих жә не “графия” - тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен адамзат қ оғ амын танудың аса маң ызды тү рлерінің бірі болып табылатын тарих ғ ылымының тарихы деп тү сінген жө н. Сондай-ақ тарихнама деп белгілі бір тақ ырыпқ а немесе тарихи дә уірге арналғ ан зерттеулердің жиынтығ ын атайды.[2]

Адамзат жазуды пайдаланғ анғ а дейінгі кезең де тарихи білімнің кейбір белгілері ауыз ә дебиеті ү лгілерінде ұ рпақ тан ұ рпақ қ а жеткен аң ыз, ә ң гімелерде, шежірелерде сақ талып келді. Онан кейін тарихи таным белгілері кө не жазба ескерткіштерінде (Авеста, Бехистун сына жазулары, Кү лтегін жазуы, Тоныкө к ескерткіші[3]), т.б. кө рініс таба бастады.

Адамзат ө зінің ө ткеніне ү лкен мә н беріп, одан тағ лым, сабақ алу мақ саттарында бастан кешірген оқ иғ алар мен тү рлі жайттарды ә р алуан жазу қ ұ ралдарының беттеріне, ал қ ағ аз пайда болғ аннан кейін хатқ а тү сіруге мү дделі болғ ан. Ал жазуы жү йелі тү рде дамымағ ан халық тар тарихты ауызша айтуды қ алыптастырды.

Тарихи оқ иғ алар тү рлі сипатта, мемлекеттердегі ө зіндік саяси ұ станымдарғ а, белгілі бір кө зқ арастарғ а, идеологияларғ а байланысты баяндалып отырылды. Мә селен, ежелгі дә уірде тарихи оқ иғ алар мен процестерді сипаттауда діннің рө лі айтарлық тай еді. Осығ ан орай кө не замандардағ ы жазбаларда тарихи баяндар “қ ұ дайдың еркімен” жү рген қ ұ былыстар ретінде жазылғ ан. Бірте-бірте тарихты танудың анағ ұ рлым жетілдірілген жолдары қ алыптаса бастады. Тарихты біршама жү йелі тү рде ә ң гімелеп жеткізудің алғ ашқ ы қ адамдары жасалды. Мұ ндай бастамалар дү ние жү зінде тұ ң ғ ыш рет ежелгі Грекияда орын алды. “Тарихтың атасы” атанғ ан Геродот ө зінің “Тарих” атты ең бегінде тарихи оқ иғ аларды деректердің негізінде сол замандағ ы “қ ұ дайдың еркімен” байланыстырып жазды, алайда пайдаланылғ ан мә ліметтер сыни талдаудан ө ткізілмей, олар бірінен кейін бірі тізбектеліп айтыла берді. Осындай кемшіліктеріне қ арамастан шығ арма грек тарихнамасының қ алыптасуына игі ә сер етті.

Ежелгі Ром мен Грекияда тарихи оқ иғ аларды “қ ұ дай еркімен” байланыстыру тә сілінен тыс баяндау ә дістері де кө рініс берді. Тарихи деректерге сыни кө зқ арас танытып, оқ иғ аларды жинақ тап кө рсетуден гө рі оларды біршама жү йелі тү рде, алғ ышарттарын, себеп-салдарын ашуғ а бағ ытталғ ан ең бектер жазылды. Осындай бағ ытта жарық кө рген шығ армалардың бірі - Фукидидтің туындысы. Тарихты жазуда Фукидид ұ станғ ан тә сіл ары қ арай ө з жалғ асын тауып, анағ ұ рлым мә нді тарихи ең бектердің дү ниеге келуіне мұ рындық болды. Ежелгі дә уірдегі Орта Азиядағ ы тайпаларғ а қ атысты мә ліметтер келтірілген Полибий, Тацит, Тит Ливий, Плутарх, Апиан, т.с.с. ең бектері ә лемдік тарихнамада жоғ ары бағ аланады. Дегенмен олардың ең бектерінде тарихи фактілерді жалаң баяндау дә стү рі кең інен орын алды.

Ежелгі Қ ытай тарихшысы Сыма Цян оқ иғ аларды хронологиялық тұ рғ ыда сипаттаудан бас тартып, Қ ытайдың саяси жә не мә дени ө мірі қ амтылғ ан анағ ұ рлым жетілдірілген тарихи шығ арма дайындады. Сыма Цяннан кейінгі қ ытай тарихшылары оның ұ станғ ан тә сілін ү лгі етіп, тек ө з елдерінің тарихына ғ ана емес кө ршілес орналасқ ан мемлекеттердің ө ткенін жазып, жан-жақ ты қ амтылғ ан шығ армалар жазуғ а ұ мтылды. Қ ытайдағ ы тү рлі империяларды басқ арғ ан ә улеттердің ішкі жә не сыртқ ы саясатына байланысты елдердің тарихын жазу бірте-бірте дә стү рге айнала бастады. Сондық тан да Қ ытай тарихшыларының ең бектерінен ежелгі Қ азақ стан аумағ ында ө мір сү рген ғ ұ н, ү йсін, қ аң лы тайпалары туралы мол мә ліметтер кө рініс тапқ ан. Сондай деректердің бірқ атары “Мә дени мұ ра” бағ дарламасы ауқ ымында топтамалар тү рінде жарық кө ріп, зерттеушілерге бұ рын-соң ды мә лім болмағ ан жә дігерлер ретінде қ азақ жеріндегі тарихи оқ иғ аларды шынайы зерделеуге мү мкіндік берді[4]. Деректік топтамаларды жарық қ а шығ аруда Қ азақ стан Республикасы Р.Сү лейменов атындағ ы Шығ ыстану институты елеулі ең бек сің ірді.

Қ азақ станда тарихи білімді қ алыптастыру ұ зақ уақ ыттарғ а созылғ ан процес болды. Ежелгі дә уірден бү гінгі кү нге дейінгі тарихи оқ иғ алар мен процестердің зерттелуі негізінде Отан тарихының тарихнамасы жү йелі тү рде ғ ылымнан орын алды. Уақ ыт ө ткен сайын ол жаң а ғ ылыми зерттеулермен толығ ып, аясы кең еюде. Енді отандық тарихнаманың қ оржынындағ ы іргелі зерттеулерге тоқ талып, тарихи дә уірлердегі ө зекті мә селелерді қ арастырғ ан шығ армаларғ а қ ысқ аша шолу жасайық.

Ежелгі дә уірдегі Қ азақ стан тарихына қ атысты зерттеулер кө бінесе археологиялық қ азба жұ мыстарының жү ргізілуіне байланысты жарияланды. Қ азақ даласындағ ы археологиялық ескерткіштерді зерттеу қ азан тө ң керісіне дейінгі уақ ыттарда басталғ анымен мардымды ғ ылыми жұ мыстар атқ арылмады. Кең естік кезең де археологиялық экспедициялар ұ йымдастырылып, біршама қ азба жұ мыстары жү ргізілді. Қ азақ стан Ғ ылым Академиясының қ ұ рылуы, тарих жә не этнография институтының ашылуы ежелгі дә уірдегі Отан тарихын зерттеуге зор серпіліс берді. Ғ алымдар Ә.Х. Марғ ұ лан, М.Қ. Қ адырбаев, С.М. Ақ ынжанов, Х.А. Алпысбаев, Г.Б.Зданович, К.А.Ақ ышев, А.Г.Медоев, Г.А.Кушаев, т.б. басшылығ ымен Қ азақ станның ә ртү рлі аймақ тарында археологиялық қ азба жұ мыстары жү ргізіліп, нә тижелерінде іргелі зерттеулер жарық кө рді. Тас жә не қ ола дә уірлеріне жататын кө птеген тұ рақ тардың орындары ашылып, бірқ атар мә дениеттердің сипаты мен мазмұ нын ашуғ а мү мкіндіктер тудырылды. Осындай зерттеулердің барысында ертедегі кө шпелілердің ескерткіштері айқ ындалып, сақ тардың, ү йсіндердің, кангюйлердің, ғ ұ ндардың мә дени, ә леуметтік-экономикалық, саяси ө мірлерінің мә селелерін терең детудің сә тті қ адамдары жасалды. Кө п жылдар бойы жү ргізілген зерттеулер нә тижесінде аса қ ұ нды археологиялық материалдар жинақ талып, соның негізінде темір дә уірін кезең деу, скиф-сақ, ү йсін ү лгісіндегі мә дениеттердің шығ у проблемаларын, кө шпелі мал шаруашылығ ының қ алыптасу факторларын, механизмдерін, ертедегі қ оғ амның жә не кө шпелілер мемлекетінің ерекшеліктерін, ө зіне тә н белгілерін анық тап, нақ тылай тү су мү мкін болды.

Ежелгі жазба деректерді жә не археологиялық жә дігерлерді талдау тарих ғ ылымында ертедегі тайпалардың, тайпа одақ тарының қ оғ амдық -саяси, ә леуметтік-экономикалық, мә дени-тұ рмыс тіршілігін жан-жақ ты ә рі терең қ арастыруғ а жол ашты. Осы тұ рғ ыда тың тұ жырымдарымен ерекшеленетін біраз ең бектер ғ ылымнан орын алды.

Ертедегі тү ркілер мен ғ ұ ндардың тарихи баяны Л.Н.Гумилевтің монографиялық зерттеулерінен кө рініс тапқ ан. Дербес, іргелі шығ армаларда ежелгі тү ркілердің, ғ ұ ндардың мемлекеттері, ә леуметтік-саяси кө шпелі қ ауымдастық тардың пайда болуы, дамуы мен ыдырауы мә селелері зерттелген. Автордың назарынан ғ ұ ндардың, тү ркілердің тұ рмыс-салты, діні мен мә дениеті тыс қ алмағ ан.[5]

Соң ғ ы уақ ыттарда сақ, ү йсін, ғ ұ н тайпаларының тарихына қ атысты соны зерттеулер жү ргізіліп, Отан тарихы ғ ылымы жаң а бағ ыттағ ы ой- тұ жырымдармен толық ты. Осы орайда “Алаш” тарихи-зерттеу орталығ ының атқ арып отырғ ан ғ ылыми ізденістерін айта кеткен жө н. Орталық ғ алымдары қ азақ ру-тайпаларының тарихи баянын зерттеу барысында олардың ежелгі дә уірдегі ө ткенін тың деректер негізінде ашып кө рсетуге ұ мтылуда. Мұ ндай талпыныстар бұ рын-соң ды ғ ылымда кешенді тү рде жасалмағ ан. Ежелгі дә уірдегі тү ркі тайпаларының тарихы орталық жариялағ ан бірқ атар ең бектерден кө рініс тапқ ан.[6]

Ертеректен бері орта ғ асырлардағ ы тү ркі жә не монғ ол тайпалары мен ұ лыстарының тарихынан хабар беретін бірқ атар деректік тұ рғ ыдағ ы ең бектер жарық кө рді. Тарихнамадан елеулі орын алатын туындылардың бірі – Фазлуллах Хамадани Рашид ад-Диннің “Жами ат-тауарих” деген ең бегі. Шығ арманың бірінші томынан аталмыш тайпалардың ә дет-ғ ұ рыптары, діни наным-сенімдері, кө шпелі тұ рмыс-салты, орналасулары кө рініс тапқ ан. Екінші томында тайпалардың этникалық қ ұ рамы, монғ ол ұ лыстарының қ ұ рамына енген тү ркі жерлерінің топонимикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы, т.б. жө нінде мә ліметтер келтірілген.[7]

Орта ғ асырлардағ ы еуропалық тарихнамағ а таурат пен христиан теологы Августин Блаженныйдың философиялық тарихи тұ жырымдамалары ә сер етсе, мұ сылман тарихнамасына қ асиетті Қ ұ ранның тигізген ық палы зор болды. Орта ғ асырларда араб тілінде жазғ ан авторлардың шығ армалары деректік материалдарының молдығ ымен ерекшеленеді. Мә селен, тарихшы географтар Ә л-Якуби, Ибн-Хордадбек, Ибн ә л-Факих, Ибн-Русте, Ибн-Хаукаль, Ә бу- Дулаф, Ә л-Масуди, Ә л-Макдиси, Ә л-Марвази, Ә л-Идриси, Гардизи ө з кө здерімен кө ргендеріне негізделген тарихи-географиялық деректер тү ріндегі ең бектер жазғ ан. Авторлар орта ғ асырлардағ ы Қ азақ стан аумағ ында мекендеген тү ркештер, оғ ыздар, қ арлұ қ тар, қ ыпшақ тар, кимектер, т.б. туралы ауқ ымды мә ліметтер беріп, олардың орналасуы, шаруашылығ ы, қ алалары, сауда жолдары, қ олө нері жайында мол деректер келтірген. Араб тіліндегі деректердің авторлары қ ұ растырушыларғ а айналып, уақ ыт ө ткен сайын олардың шығ армалары ө здерінің мә нін жойғ ан. Дегенмен олардың бойында бізге келіп жетпеген бірқ атар қ ұ нды мә ліметтер сақ талғ ан. Қ ұ растыру ә дісі бойынша ең бек жазғ ан орта ғ асырлық авторлар тарихи оқ иғ аларды баяндауда елеулі кемшіліктерге жол беріп, қ ателіктерге бой алдырғ ан. Ә йтсе де мұ ндай шығ армалардың тарихи білім қ алыптастырудағ ы, ә рі орта ғ асырлық тарихнамадан ө з заманынан мә лімет беретін деректік тұ рғ ыдағ ы ең бектер ретіндегі маң ызы айтарлық тай.

Осы дә уірде пайда болғ ан араб тіліндегі жазба деректердің де біразы топтамалар тү рінде жарияланды.[8] Мұ сылман тарихнамасы Мұ хаммед ә л- Насауи, Мұ хаммед Иакуб Бухари, Мұ хаммед Карминаги, Бабыр, Мұ хаммед Хайдар Дулати, Мұ хаммед Юсуф Мунши, Мир Мұ хаммед Амин Бухари, Хафиз Тыныш, Мұ хаммед ибн Наджип Бекран, Хайдар ибн Хусаин Рази, т.б. авторлардың шығ армаларымен толығ а тү сті.[9]

Мұ хаммед Хайдар Дулат тарих жазуда шынайылық принципіне ү лкен мә н берді. Тарихи оқ иғ аларды баяндау шындығ ында орын алғ ан жайттарғ а сә йкес болуы қ ажет екендігін басшылық қ а алып, ө зі ә ң гімелеген процестердің ақ иқ атына кепілдік беріп отырды. Мұ хаммед Хайдар “Тарих и Рашиди” ең бегін объективтілік принципін ұ стану арқ ылы жазғ андығ ына кө пшіліктің назарын аударып, ХУ-ХУІ ғ асырлардағ ы Дешті-Қ ыпшақ пен Орта Азия аумағ ындағ ы тарихи оқ иғ аларды анағ ұ рлым шынайы кө рсетуге тырысқ ан. Сондық тан да бұ л ең бек деректік жағ ынан аса қ ұ нды шығ арма болып табылады. Сонымен қ атар ө з заманының куә гері болып табылатын шығ арманың тарихнамалық дерек ретіндегі де маң ызы зор.

Қ азақ даласының орта ғ асырлық тарихын жазу жө ніндегі тарихнамадағ ы алғ ашқ ы қ адамдар ХУІІ - ғ асырда жасалды. Тү ркі тарихшысы, жалайыр тайпасының ө кілі - Қ адырғ али Қ осымұ лы 1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аң ыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағ ына сү йене отырып “Оқ иғ алар жинағ ы” деген ең бек қ ұ растырғ ан. Ең бекте Алтын Орда жә не ол ыдырағ аннан кейінгі кезең дегі Дешті Қ ыпшақ тағ ы мемлекеттік қ ұ рылымдар, тү ркі, тү ркіленген тайпалар туралы оқ иғ алар суреттелген.[10]

Хиуа ханы Ә білғ азы “Тү ріктер шежіресі” жә не “Тү рікмендер шежіресі” атты тарихи шығ арма дайындағ ан. Оларда орта ғ асырлық тайпалардың тарихы, тү ркі этнонимдерінің этимологиясы жә не сол кездегі Қ азақ станның тарихи географиясы қ арастырылғ ан.[11]

Қ азақ даласы Ресей империясының қ ол астына қ аратылғ аннан кейінгі кезең де орыстың шығ ыстанушы ғ алымдарының ө лкенің тарихына, рулық тайпалық қ ұ рылымын зерттеуге ық ыластары ауып, ынта - жігерлері артты. Солардың нә тижесінде Қ азақ стан тарихнамасына қ айталанбас мазмұ ндағ ы қ ұ нды ғ ылыми зерттеулер енді. Бұ л ең бектер тек мазмұ нымен ғ ана емес методологиялық ұ станымдарымен, зерттеу ә дістерімен, салихалы тұ жырымдарымен ерекшеленді. Сондай туындылардың бірі, тіпті бірегейі Г.Е.Грум-Гржимайлоның, А.И.Левшиннің, Н.И.Гродековтың зерттеулері болып табылады. Авторлар қ азақ халқ ының қ ұ рамына кірген бірқ атар рулар мен тайпалардың тарихи тағ дырлары, олардың шығ у тегі, этникалық атаулары, ұ рандары мен таң балары турасында мол мә ліметтер келтіріп, кө бінесе ауызша тарих айтуда орын алып келген мә селелерді талдағ ан.[12]

Тарихи деректердің, соның ішінде археологиялық жә не этнографиялық жә дігерлердің атқ аратын рө лінің зор екендігін ө з кезегінде ғ алым Ш.Ш.Уә лиханов дә йектеген. Саяхаттарғ а шығ ып, ел ортасын кө п аралағ ан ғ алым жазба деректерден басқ а халық даналығ ы болып саналатын фольклорлық материалдардың тарихи оқ иғ аларды баяндаудағ ы маң ызы зор екендігін дә лелдеп, бұ рын-соң ды тарихшыларғ а беймә лім болып келген рухани мұ раның кө зін ашты. Кө птеген аң ыз-ә ң гімелердің, жыр-дастандарды ғ ылыми айналымғ а ендіре отырып, қ азақ халқ ының қ алыптасуы, дә стү рлі шаруашылық тың ерекшеліктері жө нінде сү белі зерттеулер жариялады. Шоқ ан ө з зерттеулерінде қ азақ жә не ноғ ай эпостарын, аң ыздарды, тарихи ә ң гімелерді, ө зге де фольклорлық материалдарды кең інен пайдаланғ ан. Шоқ анның тү ркі халық тарының тарихын зерделеген ең бектері орыс жә не дү ние жү зілік тарихнамада жоғ ары бағ ағ а ие болды. Ұ лттық тұ рғ ыда тө л тарихымыздың ө зекті мә селелерін зерттеген кө рнекті қ азақ шығ ыстанушысының шығ армалары кү ні бү гінге дейін ғ ылыми мазмұ нын жоғ алтпай келеді.

Тарих шығ ыстану зерттеулерінің одан ә рі дамуы, сондай-ақ география мен этнография жетістіктері ХІХ-ғ асырдың аяғ ына қ арай орыс ғ алымдарының жекелеген шаң ырағ ы, негізінен ә скери саяси сипаттағ ы мә ліметтерді тү сіндіруден оларды тарихи тұ рғ ыдан қ орытуғ а кө шуіне, ә ртү рлі тү ркі халық тарының этникалық тарихы жө нінде жиынтық ең бек жасауғ а ә рекет етулеріне мү мкіндік берді. Осы орайда Қ азақ станның орта ғ асырлық тарихын зерттеуде Н.А.Аристовтың тү ркі тайпалары мен халық тары туралы кең інен мә лім ең бектері елеулі орын алады. Н.А.Аристов зерттеулері қ арастырылғ ан мә селелерінің ауқ ымдылығ ымен, айналымғ а тү скен мол дерек кө здерімен, пайдаланғ ан ғ ылыми зерттеулерімен ө згелерден дараланады[13]. Жан-жақ ты ә рі терең зерттеулер жү ргізуінің нә тижесінде тү ркі, сондай - ақ қ азақ халқ ының этникалық қ ұ рылымы, ү ш жү здің қ ұ рамы жайлы анағ ұ рлым толық ә рі кешенді ғ ылыми жетістіктерге қ ол жеткізді. Қ азақ тарихнамасында ғ алым зерттеулеріне тең дес шығ армалар кемде кем.

Алаш қ айраткерлері Ә.Бө кейханов, Ж.Ақ паевтың шығ армалары да тарихнамадан ө зіндік орын алады.[14] Ұ лт зиялылары қ азақ халқ ының қ алыптасуына байланысты пікір танытып, тарих ғ ылымының дамуына ү лес қ осты. Ал ауызша тарих айтудың ұ лттық тарихты қ алыптастырудағ ы қ айталанбас ерекшеліктері жайындағ ы Ш.Қ ұ дайбердіұ лының, М.Тынышпаевтың пікірлері жә не дә стү рлі деректер негізінде жазылғ ан ең бектері тө л тарихымыздағ ы қ ұ нды рухани мұ ра болып саналады.[15]

Кө шпелі мал шаруашылығ ымен айналысқ ан монғ олдардың қ оғ амдық ө мірі мен тұ рмыс тіршілігін жан-жақ ты қ арастырғ ан Б.Я.Владимирцевтің монографиясы тү ркі халық тарының тарихын зерттейтіндерге бағ ыт - бағ дар беретін сү белі ең бек.[16]

В.В.Бартольдтың орта ғ асырлық Қ азақ станның тарихы жө ніндегі зерттеулерінің ғ ылыми маң ызы зор. Оның ең бектері отандық жә не дү ниежү зілік шығ ыстануда, сонымен бірге тарихнамада іргелі ә рі салихалы зерттеулер қ атарына жатқ ызылады. В.В.Бартольдтың орта ғ асырлардағ ы Қ азақ стан мен Орта Азияның тарихын бір жү йеге келтіріп белгілеген кезең дері тарих ғ ылымына қ осқ ан сү белі ү лес болып табылады. Ол негізгі белгілері жағ ынан отандық тарихнамасынан берік орын алады. В.В.Бартольдтың ең бектері Қ азақ стан тарихын зерттеуде кө п жағ ынан негізге алынады.[17] Ғ алым зерттеулерінің ерекшелігі сонда, ғ ылыми айналымғ а нумизматика, эпиграфика, этнография, археология жә дігерлері қ оса ендірілді.

В.В.Бартольдтың ғ ылыми зерттеулерін ары қ арай жалғ астырып, кү рделі теориялық мә селелердің тү йінін шешкен ғ алым А.Н.Бернштам болды. Қ азақ станның ежелгі дә уіріне қ атысты ғ ұ ндардың, ү йсіндердің тарихын зерттеуде қ омақ ты нә тижелерге жеткен. Шығ ыстанушы ғ алым тү ркі жә не қ ытай деректерінің негізінде тү ркілер қ оғ амындағ ы ә леуметтік-экономикалық қ атынастарды, олардың кө рші елдермен байланыстарын кө рсетті. Тү ркі, қ арлұ қ қ ағ андық тарының тарихының кейбір тұ старын нақ тылады.[18]

Қ азақ станның орта ғ асырлардағ ы тарихын, соның ішінде монғ ол жаулап алу кезең ін, Алтын Орданың баянын мұ сылман деректері бойынша зерттеп, ғ ылымда ірі жетістіктерге жеткен ғ алымның бірі - А.Ю.Якубовский.[19] Кө рнекті ғ алым ХІ-ХІІІ ғ асырлардағ ы монғ олдар тарихына теориялық шолу жасап, кө шпелі тү ркі тайпаларының ә леуметтік-шаруашылық тарихын зерделеудің тұ жырымдамасын қ алыптастырды. Методологиялық мә селелерде УІ-ХУ ғ асырлардағ ы Орта Азия тарихын кезең дерге бө ліп, қ омақ ты табыстарғ а қ ол жеткізді.

Отандық тарих ғ ылымының дамуына ежелгі дә уір мен орта ғ асырлардағ ы Батыс жә не Оң тү стік Қ азақ стан халқ ының қ оғ амдық қ ұ рылысы мен мә дени тұ рмысына талдау жасау арқ ылы елеулі ү лес қ осқ ан зерттеуші-ғ алымдардың бірі - С.П.Толстов. Ол массагеттер, дайлар, қ аң лылар тарихына қ атысты мә селелерде кө не жазба ескерткіштерінің кө мегімен тың тұ жырымдар қ орытып, кү рмеуі қ иын тү йіткілдерді тарқ атуғ а атсалысты. С.П.Толстов Сырдария оғ ыздары туралы ү лкен тарихи археологиялық жә дігерлерді талдап, оларды ғ ылыми айналымғ а тү сіру нә тижесінде пә рменді пікір танытып, бірқ атар жаң алық тарғ а қ ол жеткізді.[20]

Қ азақ станның орта ғ асырлық қ ыпшақ тарының шығ у тегі, шаруашылығ ы, ә дет-ғ ұ рыптары мен діни наным-сенімдері мә селелерін, сонымен бірге хорезм- қ ыпшақ қ атынастарын анағ ұ рлым толық қ арастырғ андардың арасынан С.М.Ақ ынжановтың есімі ерекше аталады. Ғ алым ө зі зерттеген проблемаларын монография тү рінде жариялап, тарих ғ ылымының ө ркендеуіне септесті[21].

Араб деректері бойынша қ ыпшақ тар тарихын зерделеген Б.Е.Кө меков зерттеуінің тарихнамада ө зіндік орны бар.[22]

С.Г.Кляшторныйдың монографиясында ежелгі тү ріктердің руналық мә тіндерінен алынғ ан материалдар алынып, бір жү йеге келтіріліп, ө зге де тарихи деректермен салыстырылып, қ орытылғ ан. Солардың негізінде тү ркілер ғ ана емес кангюйлерге қ атысты проблемалар тиянақ ты зерттелген.[23]

Жазба деректер мен археологиялық жә дігерлердің мол қ орына сү йене отырып дайындағ ан С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұ лтановтың салихалы ең бегі отандық тарихнамадағ ы айтулы қ ұ былыс болды.[24]

Тә уелсіздік жылдары отан тарихының ежелгі жә не орта ғ асырлардағ ы тарихы бұ рын-соң ды ғ ылыми айналымғ а тү спеген қ ытай, парсы, араб тілдеріндегі тың деректердің негізінде жаң а тарихи таным тұ рғ ысында зерттеліп, ғ ылыми ең бектер жарияланды. Тү ркі кезең індегі найман, керейт, онгут ұ лыстарының тарихы қ ытай, монғ ол деректерінің желісінде З.Қ инаятұ лының зерттеулерінен кө рініс тапты.[25] Монғ ол жаулап алуы мен ұ лыстардың қ ұ рылуы мә селелері ғ алым назарынан тыс қ алмады. Жошы ұ лысының, Ақ Орданың анағ ұ рлым нақ ты, толық тарихымен танысудың мү мкіндігі туды.

Монғ ол жаулап алуына байланысты жаң а кө зқ арастардың қ алыптасуына Н.Мың жанның ең бектері ық пал етті.[26]

Тү ркілердің сонымен бірге қ арлұ қ тайпалары тарихи баяны К.Аманжоловтың, С.М.Сыздық овтың туындылары тү рінде жарық кө рді.[27]

Кейінгі орта ғ асырлардағ ы ө зекті мә селелерге, соның ішінде Қ азақ хандығ ы тарихына М.Ә бусейітова, Ә.Хасенов, З.Қ инаятұ лы, С.Жолдасбайұ лы, Б.Кә рібаев, т.б. қ алам тартып, ө здерінің тұ жырымдарын тү йіндеді[28].

ХУІІІ-ХХ ғ асырлардың аралығ ын қ амтитын ғ ылымның дә уірлеу мә селелерінде жаң а заман деп аталатын кезең дегі басты тарихи оқ иғ а қ азақ даласының Ресей империясының қ ол астына ө туі саналады. Бодандық ты қ абылдау нә тижесінде ө зінің тә уелсіздігінен айырылғ ан қ азақ елі патшалық ө кіметтің отарына айналды. Сондық тан да осы кезең дегі барлық зерттеулер отар аймақ тың хал-ахуалын ашып кө рсетуге арналды. Қ азақ станның отарлық кезең інің тарихы, оның ө зекті мә селелері кө бінесе кең естік кезең де зерттелгендіктен тарихи шындығ ы толық ашылмады. Ә сіресе отарлық езгіге қ арсы ұ лт-азаттық қ озғ алыстардың ақ иқ аты бү ркемеленді. Еліміз тә уелсіздікке қ ол жеткізгеннен кейін ғ ана бодандық бұ ғ ауын киген ө лкенің ө ткені, оның тү йінді мә селелеріне назар аударылып, мұ рағ ат қ ойнауындағ ы соны қ ұ жаттар мен материалдардың кө мегімен объективті тү рде жазыла бастады.

ХУІІІ ғ асырдың алғ ашқ ы ширегіндегі қ азақ -жоң ғ ар қ атынастарын ұ лт зиялылыры М.Ж.Кө пеевтің, Ш.Қ ұ дайбердиевтің, М.Тынышпаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Бө кейхановтың кү ш-жігерлерін жұ мсауы барысында дү ниеге келген іргелі зерттеулерінің негізінде шынайы саралауғ а мү мкіндік туды.

Кең естік тарихнамада Қ азақ станды отарлаудың басталуы оның Ресейге “қ осылуы” тұ рғ ысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мә селенің экономикалық жағ ына да, саяси себептеріне де мү лде терең деп бармай, оны тек қ ана сыртқ ы факторларына қ арап, қ осылу кездейсоқ тық тан болды деп есептеді. Енді біреулері империяның отаршыл мү дделерін жақ тап, жергілікті халық ты менсінбеу, оны тө мендету пиғ ылын танытты. Ү шіншілері “қ осылудың ” прогрессивті салдарын іздеп бақ ты. “Жабайы, артта қ алғ ан” қ азақ халқ ына мә дениет ә келген, шаруашылығ ын жақ сартып, тұ рмыс тіршілігін жандандырғ ан отарлау саясаты деген тұ жырымдаманы бекітуге жанталасты. Осындай бағ ыттарда патшалық биліктің қ ұ йтырқ ы саясатының бет пердесі бү ркемеленіп, кө птеген шығ армалар жарияланды. Тек қ азақ халқ ы ө кілдерінің ең бектерінде бодандық ты қ абылдаудың шынайы тұ стары ашып айтылды. Мә селен, қ азақ ағ артушы ғ алымдары Шоқ ан Уә лиханов, Абай Қ ұ нанбаев, Ыбырай Алтынсарин ұ лы державалық шовинизмге қ арсы ө з пікірлерін білдірді.

Қ азақ станның Ресей қ ұ рамына кіру проблемасы Ә.Бө кейхановтың ең бектерінен анағ ұ рлым толық кө рініс тапты. Ұ лт зиялысы, Алаштың ардақ тысы “Қ ырғ ыз ө лкесінің тарихи тағ дыры жә не оның мә дени жетістіктері” атты зерттеуінде “қ осылу”деген сө зді мү лде қ олданбай, “жаулап алу”, “бағ ындыру” терминдері арқ ылы империяның боданына, отар елге айналудың алғ ышарттары мен себеп, салдарын тү сіндіреді.[29]

Кең естік кезең де аталмыш мә селеге ерекше мә н беріліп, бірқ атар зерттеушілер оларды жан-жақ ты таразылауғ а ық ылас танытты. Солардың арасында Т.Рысқ ұ лов, Х.Досмұ хамедов, П.Г.Галузо, Ғ.Тоғ жанов, С.Мең дешев жә не т.б. бар. Ә сіресе Ресей бодандығ ындағ ы қ азақ елінің жағ дайын, отаршылдық қ а қ арсы бас кө терулерді ғ ылыми тұ рғ ыда терең зерттеп, ғ ылымғ а мол ең бек сің ірген П.Г.Галузо болды.[30]

Ұ лт зиялылары Қ азақ станның Ресей бодандығ ына ө туін сыртқ ы саяси жағ даймен байланыстырды. Жаулап алу қ азақ бұ қ арасына кү йзеліс пен тонаушылық ә келгендігін баса кө рсетті.

Қ азақ станның Ресейге қ осылуының зерттеу қ орытындылары 1970-1990 жылдары жарық кө рген Г.Ф.Дахшлейгердің, Д.И.Дулатованың, Ж.Қ асымбаевтың, І.Қ озыбаевтың, И.Ф.Ерофееваның тарихнамалық ең бектерінде шығ арылды[31].

ХУІ-ғ асырдың орта кезінен ХХ-ғ асырдың басына дейінгі қ азақ -орыс қ атынастарының мә селелері отандық тарих ғ ылымындағ ы басым проблемалардың бірінен саналды. Мұ ндай басымдылық ты қ азан тө ң керісіне дейінгі ұ лыдержавалық шовинистік пиғ ылмен, кең естік кезең дегі коммунистік идеологияның ық палынан туындағ ан қ ұ былыс ретінде танығ ан жө н. Осындай қ ұ былыстың нә тижесінде қ азақ даласының Ресейдің айыр басты бү ркітіне бағ ынуы “кіру”, “ө з еркімен қ осылу” тә різді процестердің қ алыптасуына алып келді. Қ азақ станның Ресей бодандығ ын қ абылдауы, оның ішкі, сыртқ ы факторлары, Ә білхайыр ханның рө лі, қ азақ жү здерінің империяғ а адалдығ ы жө нінде ант берулері, т.б. мә селелердің зерттелуі дең гейі айқ ындалып, осы проблемағ а қ атысты ғ ылымның жай-кү йі кө рсетілді.

Бодан болудың ауқ ымындағ ы казак отарлауы тарихын кең естік кезең де П.Г.Галузо ғ ана зерттеген болса, тә уелсіздік алғ аннан кейін М.Ж.Ә бдіров, Т.Б.Митропольская, В.А.Терещук проблеманы анағ ұ рлым терең ә рі жан-жақ ты қ арастырып, тарихи шындық қ а сә йкес тұ жырымдар жасады.[32]

Отар аймақ тағ ы қ азақ тар туралы олардың тарихынан, ә леуметтік қ ұ рылымынан, тұ рмысынан, рухани ө мірінен, салық тө леуі мен ә дет-ғ ұ рпынан бастап, алуан тү рлі мә ліметтер беретін жалпылама ең бектер, сондай-ақ қ азақ қ оғ амының саяси, экономикалық жағ дайының, қ ұ қ ық тық нормаларының, мә дениетінің жекелеген мә селелерін арнайы жә не терең зерттеген шығ армалар тарихнамадан орын алады.

Отандық тарих ғ ылымында қ азақ қ оғ амындағ ы ә леуметтік-шаруашылық мә селелері, соның ішінде орыс шаруаларының Қ азақ станғ а қ оныс аударуы, ө лкеге капиталистік қ атынастардың енуі анағ ұ рлым терең зерттелді. Осы орайда Б.Сү лейменовтың, П.Г.Галузоның, Е.Бекмахановтың, Ц.Фридманның, Ә.Б.Тұ рсынбаевтың, М.Х.Асылбековтың, Е.Ділмұ хамедовтың, А.Нү сіпбеков-тың, Ж.Қ асымбаевтың, Ж.О.Артық баевтың, С.Игібаевтың [33] жә не т.б. ең бектері жарияланды. Қ азақ станғ а капиталистік қ атынастардың енуі мә селелеріне Т.Ә.Тө лебаевтың тарихнамалық зерттеуі арналды.[34]

ХІХ ғ асырдың соң ы ХХ ғ асырдың бас кезіндегі ө лке халқ ының ә леуметтік-демографиялық ахуалы зерттелген бірқ атар ең бектер отандық тарихнамағ а қ осылғ ан айтулы ү лес болды. Қ азақ халқ ының ХІХ-ғ асырдың соң ы ХХ- ғ асырдағ ы ә леуметтік-демографиялық жағ дайының тарихнамасы тарихнамалық тұ рғ ыда таразыланып, зерттелуге тиіс мә селелері анық талды.

Қ азақ тардың отарлық езгіге қ арсы ұ лт-азаттық кү ресі Отан тарихындағ ы айшық ты оқ иғ алардың бірінен саналады. Озбыр отарлау саясатына қ арсы даланы дү бірге толтырғ ан ондағ ан ірі ұ лт-азаттық қ озғ алыстар тарихы зерттеушілер ық ыласын ө здеріне аударды. Сондық тан да тә уелсіздік жолындағ ы кү рестердің баянын кө рсететін арнайы зерттеулер жарияланды. Олардың авторлары А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов ғ ылымғ а сү белі ү лес қ осты[35]. Айта кетерлік жайт ғ ылымда ә лі де болса осы ұ лт-азаттық қ озғ алыстар тарихнамасы кешенді тү рде талданбай келеді.

ХХ-ғ асырдың бас кезіндегі ұ лт зиялыларының қ алыптасуы, Алаш қ озғ алысы ғ ылымда тың деректер мен тыйым салынғ ан қ ұ жаттардың жариялылық қ а ие болуына байланысты жаң а қ ырынан зерттеліп, К.Нұ рпейістің, М.Қ ойгелдиевтің, Д.Аманжолованың ең бектері дү ниеге келді.[36] Зерттеуші ғ алымдар ұ лт кө шбасшылары болғ ан Алаш зиялылары қ азақ қ оғ амының дә стү рлі мә дениетімен тығ ыз байланысты еді, шын мә ніндегі рухани ренессанстың ұ йытқ ысы болатын. Олар ұ лттық нә рсенің бә рін қ ызғ ыштай қ орыды, діни фанатизмге, ұ лтшылдық, нә сілшілдік жә не ө зге де соқ ыр сенімдерге ұ рынбады деген тұ жырым тү йіндеді.[37] Жалпы ғ ылымда Алаш қ озғ алысына байланысты тиянақ ты шаралар атқ арылды. Мә селенің тарихнамасы сараланып қ ана қ оймай, деректері де талданып, бұ рын жарияланбағ ан мұ рағ ат қ ұ жаттары жә не ө зге де материалдар жинақ тар тү рінде жарық кө руде.

Кең естік кезең де отандық тарихнама ғ ылымы кө птеген жаң а зерттеулермен толық ты. Ғ ылыми ең бектер Қ азақ станда кең ес ө кіметінің орнауы мен нығ аюы, индустрияландыру, аграрлық салада жү ргізілген бірқ атар реформалар, “мә дени революция”, т.б. тарихи оқ иғ алар, процестерге байланысты жарияланды. Алайда зерттеулердің басым кө пшілігінде тарихи шындық кө рініс таба алмады. Ғ ылымда маркстік-лениндік методология мен коммунистік идеологияның ү стемдік алуына орай сараланғ ан мә селелер таптық тұ рғ ыда, социалистік саяси биліктің мү ддесінде ақ иқ аттан алшақ зерттелді. Мұ ның ө зі ғ ылымда таптаурын, сың аржақ тұ жырымдардың орнығ уына жол ашты. Нә тижесінде тарихты жазу номенклатуралық биліктің тапсырысы шең берінде ә рі қ атаң бақ ылауында болды. Дегенмен кең естік кезең де республикада тарихшы мамандарды дайындаудың дең гейі мен сапасы артты, ғ ылыми мектептер қ алыптасты. Отан тарихы проблемеларымен кешенді тү рде айналысатын арнайы зерттеу институттары қ ұ рылды. Осы орайда Ш.Ш.Уә лиханов атындағ ы тарих жә не этнология институты тарихшы-зерттеушілердің кө шбасшысы ретінде салмақ ты да салихалы ғ ылыми туындылардың дү ниеге келуіне мұ рындық болды. Қ азақ стан тарихының ежелгі дә уірінен “кемелденген социализмге” дейінгі аралық тағ ы тарихи процестердің баяны ұ жымдық зерттеулер, арнайы монографиялар, ғ ылыми мақ алалар, деректік топтамалар, т.б. тү рінде жарық кө рді. Отандық тарих ғ ылымының ө зіндік мерзімді басылымдарын - хабаршы, жаршы тә різді журналдарды шығ арып тұ ру мү мкіндігіне қ ол жеткізді. Осылайша отандық тарих ғ ылымы дамып, тарихи білім толық ты.

Кө рсетілген кезең де Қ азақ стан тарихын дә уірлеу мә селесі таптық тұ рғ ыда бекітіліп, ол формациялық тұ жырымдаманың аясына сыйдырылды. Алғ ашқ ы қ ауымдық қ ұ рылыс, қ ұ л иеленуші қ ұ рылыс, феодализм, капитализм, социализм деп аталатын бес дә уір замандарғ а, соң ғ ылары кезең дерге бө лінді. Мұ ндай кезең деменің кемшіліктері мен олқ ылық тары болғ анымен ғ ылым оны берік ұ станды. Осындай дә уірлеуге байланысты қ азақ тарихы ұ лттық ұ станымдардан тыс азаматтық тарих тұ рғ ысында зерттеліп, ө ткеннің саяси-басқ ару, ә леуметтік жіктелуі, бұ қ араның рө лі тә різді мә селелеріне басты назар аударды.

Тарихи оқ иғ алар мен процестерді ұ лттық тұ рғ ыда қ арастыру мү мкін болмағ андық тан тө л деректердің кө пшілігі ғ ылыми айналымнан тыс қ алды. Бұ л бір жағ ынан қ асақ ана жасалғ ан саясат болса, екінші жағ ынан оның астарында халық ты тө л деректерінен айыру, соның нә тижесінде шынайы тарихынан жат ету пиғ ылы жатқ ан еді.

Зерттеу принциптері мен ә дістерінің маркстік-лениндік методологияғ а бағ ындырылуы тарихи жағ даяттарды шынайы қ арастыруғ а жол бермеді. Сондық тан да тарихшылар тү рлі деректерді пайдаланғ анымен саяси жү йеге тиімді тұ жырымдар тү йіндеуге мә жбү р болды. Осығ ан орай ғ ылыми тұ жырымдар мен пікірлер бір арнағ а тоғ ысып, балама кө зқ арастар білдіру мү мкін болмады.

Кең естік кезең нің жекелеген проблемаларының зерттелуі туралы айтатын болсақ, кең ес ө кіметінің алғ ашқ ы аграрлық реформалары, ауыл шаруашылығ ын жаппай ұ жымдастыру, тың жә не тың айғ ан жерлерді игеру, тағ ы сол сияқ ты кейбір проблемелардың зерттелу дең гейі анық талып, бірқ атар тарихнамалық зерттеулер жарияланды. Кең естік кезең дегі Қ азақ стан тарихының тарихнамасын ө з кезегінде тарихнамашы ғ алым Г.Ф.Дахшлейгер арнайы зерттеп, елеулі ең бек жариялағ ан.[38] Алайда зерттеуде жасалғ ан тұ жырымдардың қ азіргі ғ ылым талаптарын қ анағ аттандыра алмайтындығ ы тү сінікті. Сондық тан да отандық тарихнама ғ ылымы тү бегейлі тарихнамалық зерттеулерге зә ру. Тұ тас бір кезең ді қ амтитын тарихнамалық ең бектер дайындаудың ә рі сол кезең дегі тарих ғ ылымының дамуын анық таудың, оны ары қ арай жетілдірудегі маң ызы зор. Сол себепті де ғ ылымда осындай проблемаларғ а назар аудару қ ажет. Ол ү шін белгілі бір мә селелерді зерттеуде жаң а тарихи таным тұ рғ ысында соны бағ ыттарды, тың кө зқ арастарды кө рсету керек. Сонда ғ ана тү рлі тұ жырымдар мен пікірлерге тарихнамалық талдау жү ргізу тартымды ә рі ғ ылымды дамыту ү шін ұ тымды болады. Ө йткені тарихнама ғ ылымы тарихи білімнің пайда болуы мен жинақ талуына, тарихи ойдың дамуын зерттеуге, тарих ғ ылымының қ алыптасуы мен алғ а жылжуына септеседі. Тарихнаманың міндеті - тарихи таным мен ойдың ә ртү рлі сатыларының заң дылық тарын ашу, ғ ылымда ә леуметтік тарихи ақ иқ аттың терең ә рі жан-жақ ты кө рініс табу ү рдістерінің негізгі мазмұ нын жә не ә дістерін зерттеу.

Тарихнама - тарих ғ ылымының тарихын зерттейтін ғ ылым саласы. Сондық тан да ол ү немі тарихнамалық зерттеулер деген ұ ғ ыммен тығ ыз байланысты. Тарихнамалық зерттеулер белгілі бір дә уірде пайда болғ ан тарихи таным бағ ыттарына тә н жә не ә леуметтік функциялар атқ аратын принциптердің негізінде жү ргізіледі. Сонымен қ атар тарихнамалық зерттеулердің міндеттері тарих ғ ылымының даму сұ раныстары мен қ ажеттіліктеріне байланысты айқ ындалады жә не қ ол жеткізілген тарихи таным мен тарихи ойдың дең гейіне, сондай - ақ зерттеу ә дістеріне тікелей тә уелді болады.

Тарихнамалық зерттеулер ғ ылым ретіндегі жалпы мә селелермен тығ ыз байланысты. Тарихи танымның даму жолдарын бірізді қ арастыра отыра тарихнамалық зерттеулер тарих ғ ылымының қ озғ аушы кү штерінің, ә ртү рлі ғ ылыми мектептердің бағ ыттарының пайда болуының жә не ауысуының заң дылық тарын, олардың объективті шынайылық тың кө рсеткіштеріне орай қ алыптастырғ ан тұ жырымдамаларының, сол ғ ылыми ой-тұ жырымдардың ө з заманының қ оғ амдық ө міріндегі, тарих ғ ылымын дамытудағ ы маң ызын айқ ындауғ а мү мкіндік береді. Белгілі бір тарихи тұ жырымдаманың ә леуметтік- тарихи тә жірибенің тезіне тө теп беруі туралы мә селені анық таудың міндетін қ ойғ ан тарихнамалық талдау тарихи зерттеулердің теориялық тә жірибесін қ орытындылауғ а алып келеді. Тарихнамалық зерттеулердің тарих ғ ылымын дамыту ү шін қ ажеттілігі тарихи танымның дамуы ережеге сә йкес бұ рын ғ ылыми айналымда болғ ан деректердің шынайылық дә режесін сын тезінен, сонымен бірге жинақ талғ ан фактілік материалдарды жаң а ой елегінен ө ткізуді талап етеді. Фактілік материалдың ү здіксіз ө сіп отыратын ө зара байланыстағ ы тарихи оқ иғ алардың буындары ретінде белгілі фактілердің тарихтың ағ ымында жаң а мә н мен маң ызғ а ие болғ андығ ын байқ ау нә тижесінде объективті қ ажеттілігі арта тү седі.

Осығ ан орай тарихнама зерттеудің мынадай негізгі аспектілерін иеленеді.

Біріншіден. Тарихи таным ө зінің дамуының ә рбір жаң а сатысында ә леуметтік қ ызмет атқ арады ә рі сол ә леуметтік функциялардың ә ртү рлі дә уірлерде жү зеге асырылуын анық тайды. Зерттеудің осы аспекті тарих ғ ылымы мен қ азіргі кезең нің ө зара қ арым-қ атынастарын қ арастыра отырып тарихнама тарихи танымның ә леуметтілігінің аса маң ызды дерегін зерттейді, тарихи танымның тарихшының ә леуметтік позициясына тә уелділігінің қ орытындысын шығ арады.

Екіншіден. Теориялық -методологиялық принциптерді зерттеу ә рбір тарихи ой-тұ жырымның бағ ыттарына тә н. Бұ л ү шін бір жағ ынан тарих ғ ылымы жә не екінші жағ ынан философия, ә леуметтану, саясаттану, қ ұ қ ық тану, теориялық жаратылыстану ғ ылымдары арасындағ ы байланыстарды ашу қ ажет. Алайда теориялық -методологиялық принциптерді зерттеу тарихшылардың белгілі бір мектептерінің жалпы теориялық пікірлерін жинақ тап талдаумен шектелмеуі тиіс. Ол тарихи зерттеулердің теориялық -методологиялық ережелері мен тә жірибесін қ олдануды талдауы қ ажет.

Ү шіншіден. Тарихи ең бектердің деректанулық базасын, деректерді пайдаланудың сипатын, зерттеудің нақ ты ә дістерін талдау. Тарихнаманы осы тұ рғ ыда қ арастыру зерттеудегі тарихи ойдың тү рлі бағ ыттарына тә н ө зіндік ә дістерін айқ ындауғ а, тарихи фактілерді орнату мен жү йелеуде ә рбір ғ ылыми мектептің орнын анық тауғ а, тарихи зерттеудің методологиясының жә не ә дістерінің ө зара байланыстарын ашып кө рсетуге мү мкіндік береді.

Тө ртіншіден. Тарихи зерттеулердің проблемасын, оның дамуы мен кең еюін талдау тарихи таным прогресінің аса маң ызды кө рінісін жә не белгілі бір тарихи дә уірдің ә леуметтік-экономикалық, саяси талаптарының кө рініс табуын талдау.

Бесіншіден. Тарихи ойдың ә ртү рлі бағ ыттары жә не тү рлі мектептер қ алыптастырғ ан ғ ылыми тұ жырымдамаларды зерттеу. Тарихи тұ жырымдамаларды талдау бір жағ ынан жарамсыз кө зқ арастардың жойылуы процесін дә йектеуге, екінші жағ ынан, тарих ғ ылымының дамуындағ ы сабақ тастық ты айқ ындауғ а, осы дамудың алдың ғ ы кезең дердегі объективті шынайы нә тижелерін жаң а жағ дайларда пайдалануғ а қ олайлы мү мкіндік тудырады. Осындай негізде ә ртү рлі мектептер ө кілдерінің тарихтың сол кезең деріндегі ө зекті мә селелері бойынша кү ресі анық бейнеленеді.

Алтыншыдан. Тарих саласындағ ы зерттеу жұ мысының тү рі мен ұ йымдастырылуын, оғ ан қ оса ғ ылыми мекемелер жә не мұ рағ аттар жү йесін, мамандар даярлау мә селелерін, баспа қ ызметін, тарихи тұ жырымдарды пайдалану тү рлерін, оларды насихаттауды зерттеу, т.б.

Тарихнамалық зерттеудің тү рлі аспектілері бір-бірімен тығ ыз байланысты. Тек тарихнамалық материалдарды кешенді тү рде зерттеу тарих ғ ылымы тарихының негізгі желісін жә не оны ғ ылым ретінде тұ тастай кө рсетуге, сондай-ақ жекелеген мә нді қ ұ былыстарын ғ ылыми тұ рғ ыда қ айта жаң ғ ыртуғ а жол ашады. Сонымен қ атар тарихнамалық зерттеу заманауи кө кейкесті мә селелерді белгілеп, оларды жаң а тарихи таным мен кө зқ арастар негізінде ғ ылым таразысынан ө ткізуге, тың ең бектер дайындауда жинақ талғ ан тә жірибені қ олдануғ а мү мкіндік береді. Тарихнамалық мә селелерді зерттеу қ азіргі кезең де зерттеушіден мә дениеттің жалпытарихи жоғ ары дең гейін, нақ ты тарихи материалды терең білуін, біліктілікті, сонымен қ атар ғ ылымның методологиялық ұ станымдарын жан-жақ ты мең геруін талап етеді.

Тарихнама тарихтың тарихын зерттейтін ғ ылым саласы ретінде ө зінің алдына нақ ты мақ сат-міндеттерді қ ояды.

Тарихнама ғ ылымының мақ саты - белгілі бір ғ ылыми мә селенің зерттелу дең гейін анық тап, тарихнамалық деректердің мә н мазмұ нын, зерттелу бағ ыттары мен ү рдістерін айқ ындау, объективті тү рде зерттелмеген тұ старын тану.

Ғ ылымның міндеттері;

-тарихнамалық деректерді жинақ тау, жү йелеу;

-тарихнамалық фактілерді жинап, оларғ а талдау жасау;

-тарихнамалық фактілердің тарихи оқ иғ алар мен процестерді зерттеуінің дең гейін сараптау, ұ тымды тұ стары мен олқ ылық тарын айқ ындау;

-тарихнамалық талдау арқ ылы ғ ылыми ең бектерге бағ а беру;

-тарихнамалық деректердің саяси-ә леуметтік жү йелер мен идеологияларғ а тә уелділігін анық тау;

-белгілі бір мә селенің зерттелмеген тұ старын айқ ындап, келешек ізденушілерге тың тақ ырыптар ұ сыну.

 

Тақ ырыптың мазмұ нын бекіту ү шін қ ойылатын сұ рақ тар:

1.Тарихнама ғ ылымының даму ү рдістерін кө рсетің із.

2.Отандық тарих ғ ылымның дамуына сү белі ү лес қ осқ ан орыс зерттеушілерінің есімдері мен ең бектерін атаң ыз.

3.Ә рбір тарихнамалық кезең дегі ғ ылыми ең бектердің ерекшеліктерін ашып кө рсетің із.

4.Тарихнаманың ө зге тарих ғ ылымы салалары арасында алатын орны мен атқ аратын рө лі қ андай?

5. Тарихнамалық зерттеу ү лгісі арнайы курсының пә ні, мақ саты мен міндеттері.

 

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.022 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал