Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шетел қазақтарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.






Дә ріс, №4, №5

Тақ ырып: Тә уелсіз Қ азақ стан жә не қ азақ диаспорасы.

Дә рістің мақ саты: «Менталитет» ұ ғ ымына, қ азақ диаспорасына тә н менталитетке, Еуразиялық интеграция жү йесіндегі қ азақ диаспорасы, Қ азақ стан Республикасы мен қ азақ диаспорасы арасындағ ы ө зара қ атынастарды терең танып-білу ү шін қ ұ ндылық тық дең гейдегі ә р қ илы байланыстарғ а тоқ тала отырып, студенттерге қ андас бауырластарымыздың сана-сезімін, дү ниетанымын терең танып білуіне жағ дай жасау.

Тірек сө здер: Нигилистену, маргинал, жаһ андану, менталитет, бейсаналық, интеграция, репатриант этникалық кең істік, т.б.

Негізгі сұ рақ тар мен қ ысқ аша мазмұ ны: 1. Шетел қ азақ тарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер. 2. Қ азақ диаспорасы - тә уелсіз Қ азақ станның сыртқ ы саясатындағ ы басымдылық. 3. Еуразиялық интеграция жү йесіндегі қ азақ диаспорасы.

 

Шетел қ азақ тарының санасы мен менталитетіндегі ерекшеліктер.

Қ азақ диаспорасының кешенді мә селелерін зерттеу барысында назар аударатын ерекше мә селе - алыс жә не жақ ын шет елдерде ө мір сү ріп отырғ ан қ андастарымыздың ө зіндік ұ лттық санасының ә р тү рлі дең гейдегі кө ріністері жә не оралман-репатриант қ азақ тардың этникалық дү ниетанымындағ ы кү рделі ө згерістерді зерделеу. Ә рбір халық тың ғ асырлар бойы қ ордаланатын рухани ә лемі болады. Оның тарихи қ алыптасуына, дамуына жә не келесі ұ рпақ қ а сабақ тастық пен жалғ асып отыруына себепкер болатын кө птеген факторлар мен жағ дайлар жү йесі болуы тиіс. Яғ ни ол халық тың кө птеген жылдар бойы бейімделген ә лемді тү сіну, тү йсіну, сезіну, игеру ә деттері мен мү мкіндіктерінің жү йеленуі, бейнеленуі болып табылады.

«Қ азақ диаспорасы» қ ұ былысы соң ғ ы уақ ытта елімізде ә леуметтік, гуманитарлық зерттеулер объектісіне айналуда. Бұ л ү рдіс кө птеген тарихи дү ниетанымдық мә селелерді нақ ты ғ ылыми тұ жырымдауғ а мү мкіндік береді, этникалық ауқ ымды бағ дарларғ а теориялық сипат жасалуғ а негіз болады.

Бұ рынғ ы Кең ес Одағ ында ұ лт саясаты ү лкен бұ рмалаумен жү ргізіліп келгені белгілі. Кө птеген халық тар ө зінің ұ лттық, ұ лыстық дамуында тоталитарлық жү йенің қ ыспағ ын кө ріп келді. Соның нә тижесінде ә леуметтік кең істікте ә р халық қ а тиісті табиғ и-тарихи дамудан гө рі «жеделдетілген интернационалдандыру саясаты» жетекші рө л атқ арғ ан болатын. Бұ ндай жағ дай ұ лттық сананың мә ң гү рттенуіне (яғ ни ұ лттық сабақ тасу заң дылығ ының бұ зылуына), нигилистенуіне (сұ рық сызданып, басқ аларғ а еліктеушілік басымдық танытуына), маргиналдануына (шала ұ лттанып, шекаралық қ асиеттерге иемденуге) ә келіп соқ тырды. Ә лбетте, адамзат тарихында ү лкен, дамығ ан халық тар саны аздау ұ лыстарғ а қ ай жағ ынан болса да ө з ық палын жасап отырғ ан жә не болашақ та да ә сер ете бермек те. Бұ л процесті соң ғ ы уақ ытта жаһ андану (кейде «ғ аламдану» деген ұ ғ ымда қ олданылады) деп атайды.

Ал, енді этнопсихологиялық аспектілерді қ арастыру барысында оның іргелі категориясы болатын «менталитет» ұ ғ ымының мә н-мағ ынасы мен шығ у тегі туралы айта кеткен жө н. Менталитет немесе ментальдылық деген ұ ғ ым mens-ақ ыл, ой тә сілі, пайымдау, жан дү ниесі деген тү сініктерден туындайды. Сө йтіп, менталитет дегеніміз жеке адамның немесе ә леуметтік топтың ә лемді белгілі бір кейіпте, қ алыпта сезіну, тү йсіну жә не іс-ә рекеттер жасау мақ сатында қ ордаланғ ан дайындық тары мен ың ғ айларының жү йесі. Ол – жеке жә не ұ жымдық сананың терең іргестастық дең гейіндегі қ ұ былыстарын қ амтиды жә не бейсаналық, одан тысқ ары жағ дайда жү зеге асып отыратын ү рдістерді де бойында ұ стайды.

Бейсаналық - Швейцариядағ ы атақ ты психолог Карл Густав Юнгтің тү сіндіруі бойынша тек қ ана жеке басқ а байланысты санадан тыс қ ұ былыстармен шектеліп қ ана қ оймайды, сонымен қ атар ежелгі дү ниемен байланысы бар қ асиеттерін атайды.

Менталитет адамдардың ішкі дү ниесінің (рухани, психологиялық, саяси, діни, ұ лттық, жыныстық жә не т.б.) тұ рақ ты бейімділігін білдіреді. Менталитет мә селесін мынандай тү рлерге бө луге болады: балалық (жасқ а байланысты), ұ лттық (этникалық), азиялық (континенттік), орта ғ асырлық (ө ркениеттік), бюрократиялық (мемлекеттік), мұ сылмандық (діни) жә не басқ а тү рлері. Ә рине, осы аталғ андар бір-бірімен ө зара байланысып, барынша бір-біріне ә сер етумен болады жә не соның арқ асында олар ө згерістерге ұ шырап отырады. Ә р тү рлі елдегі қ азақ диаспорасының бә ріне тә н тү пкі гендік негіздер мен ұ қ састық тар да бар, сонымен қ атар ә леуметтік дү ниеде ө зіндік тү зетуден ө ткізіп, ерекшеленген ерекшеліктер де кездеседі. Сондық тан қ азақ диаспорасының менталитеті мә селесін талқ ыламас бұ рын жалпы халық қ а тә н қ асиеттерге тоқ тала кеткен жө н. Жалпы қ азақ менталитетіне назар аударатын болсақ, бұ л халық тың жоғ ары дең гейдегі капиталистік нарық тық қ атынастардың ық палын ө з тарихында терең сезінбегенін білеміз, сондық тан да болар ә лі де рулық -жү здік бағ дарлар кейбір жағ дайларда ұ лттық санадағ ы ұ лттық біртұ тастық тың қ алыптасуына кедергі болуда жә не қ азақ тар соң ғ ы кезең дегі мешіттердің кө беюіне қ арамастан мұ сылман дініне толығ ынан берілмеген халық деуге болады жә не олар ө зінің аруақ қ а сенетін далалық пірлерінен айырылғ ан емес. Осындай қ асиеттер кө п халық тарда кездесе де бермейді.

Қ азақ халқ ының ү лкен бір бө лігінің басқ а этникалық кең істіктерге ә р тү рлі себептермен ауысып кетуінен негізінен қ азақ диаспорасы мә селесін туындатқ аны белгілі. «Этникалық кең істік» деген ұ ғ ымның негізгі мә ніне назар аударатын болсақ, алдымен бұ л территория мә селесі екенін байқ аймыз. Сондық тан «этникалық кең істік» дегеніміз белгілі бір этностың гендік қ орын, мә дениеті мен салт-санасын, тілі мен дә стү рлерін дамытуғ а, ө ркендетуге жә не ұ дайы жаң ғ ыртуғ а толық мү мкіндік алатын ө зіндік ә леуметтік, табиғ и жә не тарихи ортасы. Бұ л кең істікте ә рбір халық қ айталанбас ерекше біртұ тас дү ние ретінде қ алыптасады жә не жалпы адамзат мә дениетін ө зіндік бір жақ тарымен толық тыра, байыта тү седі.

Ресейде тұ ратын 700-800 мың ғ а жуық қ азақ тардың жартысына жуығ ы ө здерінің ө мір сү ріп жатқ ан жерлерін ежелгі мекеніміз деп есептейді. Ресейде халқ ының саны жағ ынан қ азақ диаспорасы он бірінші орында деп есептелінеді. Шынымен де қ азіргі Ресей мен Қ азақ стан шекарасы кезінде Кең ес ү кіметінің орашолақ жү ргізе салғ ан сызығ ымен анық талғ ан. Сө йтіп ежелден келе жатқ ан қ азақ ауылдары ө здерінің тілінде, дінінде ұ лттық бедерін жоғ алтпай дамып келе жатқ ан 1950 жылдардың аяғ ы мен 1960 жылдардың басында Ресейдің (Қ азақ станның ө зінде де) қ азақ мектептерін жабу, қ азақ шоғ ырларын ыдыратып, ө зіндік санасының біртұ тастығ ы кү штірек халық тардың (орыс, неміс) шылауында кетуіне ә келіп соқ тырады. Сө йтіп тоталитарлық мемлекет тарапынан саналы тү рде «этникалық бә секелесу» саясаты жү ргізілді. Ү лкендер жағ ы болмаса, жастар тү гелімен еуропаорталық негізде тә рбиеленіп, ойлау мен тү йсіну орыс тілінде жү ріп отырды. Соғ ан қ арамастан Ресейдің қ азақ тары (Орынбор, Омбы, Астрахань, Саратов, Волгоград облыстары) ө здерінің тілін, дінін, халық тың салт-дә стү рін жоғ алтқ ан жоқ деуге болады.

Қ азақ диаспорасының алыстағ ы (ТМД-ның сыртындағ ы) елдерінің ішіндегі кө бірек қ атынас жасап, барынша тә уелсіз Қ азақ станғ а бетін бұ рғ ан Моң ғ олия қ азақ тары болып табылады. Жалпы саны 150 мың дай қ азақ тардың біршама бө лігі Қ азақ станның ә р жеріне қ оныс аударып та қ ойды. Ал енді олардың менталитетіндегі ерекшеліктерге келер болсақ, алдымен бұ л елдің кешегі коммунистік партия заманында бастан кешіргендерін ескере кеткен жө н, яғ ни демократиялық мемлекет болмағ андық тан қ азақ диаспорасы ө зіндік оқ шаулық та (Қ азақ станмен нашар байланыста) ө мір сү рді, жалпы елдің 6 процентін қ ұ райтын қ азақ тар ө здері тұ рып жатқ ан ө лкеде 90 процентке жақ ын. Сондық тан да болар қ азақ тың тілі мен салт-дә стү рі жақ сы сақ талғ ан. Бірақ кезінде барлық мешіттердің бә рін қ ұ ртып, дінге қ арсы соғ ыс жарияланғ аннан бері мұ сылмандық тұ рмыстық дең гейде ғ ана сақ талғ ан. Негізінен мал шаруашылығ ымен айналысатын бұ л ө лкеде ірі кә сіпорындар жоқ тың қ асы, халық тың ө ркениетті тұ рмыстан гө рі табиғ и шаруашылық қ а бейімділігі сақ талып келген. Қ азақ тілінде ө тетін сабақ тардан гө рі, моң ғ ол тілінде ө тетін сабақ тар қ азақ мектебінде басым. Бірақ жастар қ азақ пен моң ғ ол тілдерінде шатастырмай сө йлейтінін атап ө туге болады.

Қ ытай жерінде ө мір сү ріп жатқ ан қ азақ халқ ының ү лкен бір тобына (1, 2 млн-нан аса) тоқ талсақ, бұ л елдің соң ғ ы он шақ ты жылда экономикада қ ол жеткізген табыстары жоғ ары екенін атап ө ткен жө н. Бірақ идеология жағ ынан біздің елдің бағ дарынан біраз айырмашылық тар бар, сондық тан да болар, қ азақ тардың бірінші дү ниежү зілік қ ұ рылтайына Қ ытайдағ ы қ азақ диаспорасының ө кілдігінің келе алмауы. Қ ытай қ азақ тарының ө зіндік санасының сипаттамасына тоқ талатын болсақ, олар негізінен батыс мә дениетінен гө рі шығ ыс мә дениетінің (қ ытай, ұ йғ ыр, дү нген жә не т.б.) жә не мұ сылмандық салт-дә стү рдің ерекшеліктеріне кө бірек бетбұ рыс жасағ ан деуге болады. Ө зінің ежелден келе жатқ ан мал шаруашылығ ымен айналысу дә стү рін сақ тағ ан, ауыз ә дебиеті сияқ ты қ асиеттерін жақ сы жандандыра білген. Бірақ ә леуметтік саладағ ы этникалық бә секелестікте кенже қ алуғ а итермелейтін қ ұ былыстар кө птеп кездеседі. Дегенмен Қ ытайдағ ы қ азақ тардың ұ лттық ө зіндік санасында болашақ қ а деген сенім біртіндеп орнығ ып келе жатқ андай. Себебі, екі елдің арасында қ азіргі кезең де бірталай саяси, қ ұ қ ық тық мә селелер халық аралық дең гейде шешімін табуда.

Тү ркиядағ ы қ азақ тардың тағ дыры ө зіндік ерекшеліктерге толы: бұ л елге негізінен қ азақ тар ХХ ғ асырдың ортасында Шығ ыс Тү ркістаннан қ оныс аударғ ан (Ү ндістан, Ауғ анстан, Пә кістан, Ирак жерлері арқ ылы).

Ал қ азіргі кезең де Тү ркия жеріне барынша бейімделген қ андастарымыз Еуропаны «бағ ындыруғ а», «мойындатуғ а» бет бұ рғ ан десе де болады. Еуропа елдеріндегі кө птеген диаспора ө кілдері осы Тү ркия жерінен тарағ андар. Ұ лыстың негіздері – наймандар мен керейлер. 2002 жылдың 18-19-шы мамырында Кельн қ аласында Еуропа қ азақ тарының қ ұ рылтайын ұ йымдастырғ ан да солар болатын.

Ө збекстанда ө мір сү ріп жатқ ан қ азақ диаспорасының ө зіндік санасына келетін болсақ, онда бұ л республикадағ ы қ азақ тар ө здерінің ұ лттық келбетін, салт-дә стү рін, ә дет-ғ ұ рпын, тілін, дінін (мұ сылмандық діни сананың да ық палы зор) жә не бұ л рухани қ ұ рылымдарды қ оғ амда негізінен жақ сы сақ тай білген. Ә рине елдегі этникалық ү лкен жә не тү пкілікті халық - ө збектердің ө мір салты, мә дениеті мен салт-дә стү рі ө зінің ық палын этникалық топтарғ а тигізуі заң ды қ ұ былыс.

Ө збекстандағ ы қ азақ тардың саны жө нінде ә р тү рлі деректер кө рініс беріп жү р. Ө збектеніп кеткен қ азақ тардың санын айқ ындау ө те қ иын мә селе. Мә селен, ө збекстандық журналист Ниязи Назымның қ азақ тардың ө збектеніп кету себептерін кө рсетуге тырысқ ан сө здерінен байқ ауғ а болады: «Ө збекстанда негізінен бір жарым миллион қ азақ тұ рады. 624 қ азақ мектебі бар еді, соның жартысынан кө бі жабылды. Теледидардан, радиодан бірде-бір қ азақ тіліндегі бағ дарлама берілмейді. Анда-санда Ташкенттен «Нұ рлы жол» деген газет шығ ады. Қ азақ тіліндегі аудандық газеттердің бә рін жапқ ан».


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал