Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шежіре шертпесі.






(Саты шежіресіне " Алғ ы сө з" орнына)

 

Мынау жарық дү ниенің дидарына кім келіп, кім кетпеді... Шыр етіп ө мірге келіп, ең бектеп бастап ержетіп, ащы мен тә тті, жаман мен жақ сыны сезіп, кө рінгенге еріп, кө рмегенді кө ріп, шым-шытырық кү н кешіп жү ріп, не тындыра алмай, не тындырғ аның ды білдіре алмай басқ ан із, кө шкен жұ ртқ а қ айта бұ рылып бір қ арауғ а шамаң жоқ, кө зден нұ р, кө кейден жыр тайып, ө зің қ артайып, есіктен қ арар ел, ең кеймеден жазылар бел қ алмай, енді ө лмектен басқ а амал жоқ болғ анда, шыбын жаның ә лі де кеудең де тұ рғ анда «қ ош» деп қ олын ұ стауғ а, «артық -кемімді кешір, ұ рпағ ымды ө сір» деп аманатың ды артуғ а артың да қ алқ айып, қ алып бара жатқ ан балаң ды шақ ырасың алдымен.

Одан соң егер бар болса,

Ағ аң келер аң қ ылдап,

Інің келер қ оң қ ылап.

Не боларын біле алмай,

Не ө зің ді қ ия алмай,

Қ арындас тұ рар солқ ылдап.

Одан ә рі қ аптағ ан қ алың туыс, Шығ ыс Барқ ытбелдің арғ ы мен бергі беті, Тарбағ атй-Маң ырақ, Сайқ ан менен Сауырында соң ғ ы ү ш ғ асырдан бері кіндік кесіп, кір жуып отырғ ан алты Жұ мық бес Сатының алды сегіз атадан асып қ ұ да-жекжат болып кеткен, арты ә лі қ ыз алысып, қ ыз берісетін жеті атағ а жетпей жақ ын туыс боп жү рген ә р ата балаларының кө ген кө здерін шырамытқ анда, шідерің ді ү згендей қ ол-аяғ ың созылып ү здігіп жү ре берерсің... Санаң а сол сә тте ө зің нің атаң, не ә жең, не ә кең мен шешең, жетім ө ссең немерелес жақ ының, не нағ ашың келіп соң ымнан ер деп ұ мсына қ олын соза берер ме... Сонда, мынау жалғ ан дү ниеде сені мен менің кө рген бар жарығ ымыз - «қ оң ыр кү йім, ендеше қ оң ыр кү йім, ор қ ояндай орғ ығ ан қ айран кү німізді» (халық ә нінен) мен тек қ азақ та ғ ана шертілетін бір ғ ана шертпе кү йге тең ер едім. Ө йткені қ азақ тың бар болмысы, бар тағ дыры мен ар-намысы, ө ткені мен кешкені, кө рген тү стей тірлігінің ө зі, ата-бабасының кө зі осынау бір ғ ана шертпе кү йдің шанағ ына сиып тұ рғ андай кө рінеді мағ ан. Ол кү йдің аты - толғ ай тартылғ ан ә уені кө бің іздің кө кейің ізде жү рген - «Кертолғ ау». Ал шерткен кү йші-шежіреші - орыны толмағ ан аталарды компьютерден іздеп табатын программист ғ алым Мү сә йіп Қ ыдырқ анұ лы. Орайы келген соң ө здерің ізбен таныстыра кетейін, бә йжігіттің мұ рыны Мү сә йіп інім 1944 мешін жылы Семей облысының Кө кпекті ауданындағ ы Тассай ауылында дү ниеге келген. Ә кесі Қ ыдырқ ан тө рт ағ айынды болғ ан, солардан қ алғ ан жалғ ыз ұ рпақ ө зі мен балалары ғ ана. Бұ ғ ан да тә убе дейміз, ө йткені, тебірене тың дап отырсаң ыз «кертолғ аудың» ә р қ айырмасындағ ы бір кү рсініс, бір кү йініштің соң ында ү стің гі ішектің бойымен жоғ ары жорғ алай ө рлеп, ширық падан шығ арып жаның ды жайма-шуақ жайылманың кө кмайсасына жетелеген бір тә убе тұ стары бар. Мұ ны мен кең естік қ ызыл ү кімнің қ олындағ ы кү нкө рісін тартып алып қ азақ тарды қ асақ ана аштық пен қ ырғ ан, одан қ уғ ын-сү ргінге салғ ан қ иянатынан кейін, тіптен, жаһ анды жалмағ ан алапат соғ ыстан да аман қ алғ ан қ азақ аталарымыздың бү гінде ү зілмей тү тінін тү зу шығ арып отырғ ан киелі қ арашаң ырағ ы, солардың шежіресі деп білем. Солардың бірі ә кесі Қ ыдырқ аннан Мү сә йіп алты жасында қ алды. «Шешелі жетім ерке жетім, шешесіз жетім шын жетім» деп анасы оғ ан жетімдіктің тауқ ыметін тартқ ызбай ө сірді, Қ атарынан қ алтырмай Алматыдағ ы қ азақ тың жалғ ыз университетінде оқ ытып, ғ ылыми зерттеуші-математик атағ ын алып шығ арды. Сондық тан да анасы «Шекен мен Солтан ағ асы жә не Зейнеп жең гесіне біздің шежірешіміз ө мір бойы қ арыздармын» депті автор.

«Тарихқ а кө з салу- жү рекке ине шаншумен бірдей» депті неміс ғ алымы Людвиг Фейербах. Ал шежіре дегеніміз Тарих ғ ылымының бір тармағ ы. Сол тармақ тың тіреуіне еврей ұ лты анасын қ ойғ ан. Ал біздің шежіреміз атадан таралады. Соның ө зінде шежіреге тіреу болмаса да сү йеу болып ел билеген, ұ лттың ұ йтқ ысы болғ ан Мұ рын, Қ ызай сияқ ты киелі аналарымыз қ аншама! Атам заманғ ы Тұ марханымнан бастап олар қ азақ шежіресінің ә р тайпа, ә р руында тұ нып тұ р. Мү сә йіптің анасы Шекен шешеміз де сондай бір киелінің ө зі болмаса да кө зі деп білем мен. Жә не қ азақ ә йелдеріне тә н ұ лағ ат пен ұ стамдылық қ асиет қ азақ тың барша аналарының басынан кетпеген. Оғ ан мысалғ а арығ а бармай –ақ, осы Шекен анамыздың келіні, Мү сә йіптің қ осағ ы математик ғ алым Тоқ ан Қ ойбағ арқ ызын атар едім. Мү сә йіп пен Тоқ анның Бауыржан мен Сабыржандай екі ұ лы ата-ананың жолын қ уып Новосібір мемлекеттік университетінің математика факультетін, қ ыздары Ә сел Абылайхан атындағ ы Қ азақ тың мемлекеттік халық аралық қ атынастар жә не ә лем тілдері университетін тә мамдағ ан. Ал ә кесі Мү сә йіптің шежіреші болуына асатыдан келген ажалымен «кертолғ аудың» кү йіндей ө кіндіріп, ө мірден жастай кеткен Бауыржан себепші болды. «Алдымен ата-тегімізді тауып алайық» деп ә кесін қ олқ алап, оғ ан қ олғ а еркін тү се бермейтін Л. Гумилев, Н. Бичурин сияқ ты ғ ұ лама тархшылардың кітаптарын жинап берген де сол ұ лы Бауыржан еді.. «Алдымен ата тегімізді тауып алайық» деген осы ойдан тағ ы бір тә убеміз шығ ады. Ү ш ғ асыр бойы ұ лтты удай іріткен отарлық тың ойраны ө з алдына, ә сіресе соң ғ ы қ анды ғ асырда қ амшысын ү йіріп, қ айыстың орнына халық қ а темір ноқ та кигізген кең естің кезі шежіре тұ рмақ, «қ азақ та тарих жоқ, мү лдем болмағ ан» деп ө зің нің қ азақ деген ұ лт екенің ді қ асақ ана ұ мыттыра жаздады. Қ ариялары аштан қ ырылып, не ойғ а-қ ырғ а қ ашып қ ұ рығ ан соң кейінгі жастардың 70 жыл бойына ата-тек шежіресінен мү лдем мақ ұ рым қ алғ аны рас. Сол мә ң гү рттіктен соң ө зің ді танудың ең тө те жолы шежіреге бет қ оюымыздың бір ү лгісін қ азір тә уелсіздігіміздің мә н-маң ызы мен рухын жан-тә німен тү йсініп, атасын тануғ а аң сары ауғ ан Бауыржан сияқ ты бұ ла жастарымыздың қ ұ лашты қ ұ лшынысынан кө ріп отырмыз. Бұ л жә не жаң а серпілген жаппай қ ұ былыс болды, қ азір оның жолы ашық, жұ лдызы жанып тұ р. Демек, ендігі шежіре «кертолғ аудан» гө рі арнасы арқ ырағ ан «кең толғ ау» болары хақ. Оның да мысалын осы бір ғ ана отбасы - біздің шежіреші- кү йшіміздің шертпелерінен кө реміз. Бұ л шаруаны Мү сә йіп 2002 жылдан бастап, биыл қ олың ызғ а тиіп отырғ ан осы «Саты шежіресімен» қ оса 10 кітап шығ арып отыр. Сол Бауыржан ұ лының ө сиетіндей болғ ан «Кө нші шежіресін» 2004 жылы 280 беттік кітап етіп шығ арды. 2005 жылы Бауыржан ұ лының нағ ашысы «Бура» атасының шежіресін жинады. Бұ л шежіре кейіннен бес рет басылып шық ты. «Қ арау-Жасық» шежіресі 2006 жылы, «Терістаң балы шежіресі» 2008 жылы, «Қ аракерей» шежіресінің 1-томы «Байжігіт-Мә мбет шежіресі» 2009 жылы, ал 2-ші жә не 3- томдары –«Қ ожамбет шежіресі» 2010 жылы жарық кө рді. 2011-жылы Ө скеменде тұ ратын інісі Айбар Солтанұ лымен екеуі Ұ лы Отан соғ ысының ардагері, жерлес, ә рі туысы марқ ұ м Тоқ тар Кә ргенұ лының «Ө лең дер» жинағ ын топтап, ол жерлестерінің естеліктерімен толығ ып ө з ауылы – бү кіл Қ арағ анды-кө лдің тарихына келіп ұ штасты.

Қ азіргі таң да қ азақ жұ ртының тегіс бә рінде болмаса да кө бінің киелі тө рінде ө з ата-тегінің қ астерлі шежіресі сақ таулы тұ р десек артық айтқ андық болмасс. Алайда сол шежірелердің кө бі «анадан-анау, мынадан - мынау» дегендей қ арадү рсін жадағ айлау жазылғ ан. Кейбірі, мысалы «Бағ аналы-Балталы» шежіресі ә р ру аталарының анық тама кө рсетпесі жазылғ ан арнайы бетке сілтеме жасап оны тауып оқ уғ а, іздеуге сә л қ иындық туғ ызады. Ал ө зі математик болғ ан соң Мү сә йіп шежіренің тү зім формасына фотосуреттер мен аң ыз-ә ң гімелерді қ осу ө з алдына, тү сінуге, оқ уғ а да оң тайлы, ә рі шежіре туралы туындайтын кейбір келелі мә селелерді де қ амтығ ан ө з жаң алығ ын қ осқ ан. Оның біріншісі «Шежіре жинағ андардың тізімі». Мен осы тізімнен ө зім білетін екі адамның Мү сә йіп жинағ ан шежіреге қ алай қ атысты болатынын айта кетейін. Ол ү шін тө мендегі тізімге кө з салың ыз (12-беттегі «Шежірелер алқ асын» қ араң ыз).

Ө зімнің кө зім кө рген, ә кемнің інісі Серғ алиды ескіше оқ ытып, ә птиек аудартқ ан, Жетаралдың бастауыш мектебінде Жұ мағ азыдан бастап оның балаларын оқ ытқ ан, Сұ лтанмахмут Торайғ ыровтың шә кірті болғ ан, Тарбағ атай ауданында тұ ң ғ ыш рет Ленин орденін алғ ан ұ стаз-ата Смағ зам Шомбиннің ұ лы Қ абікен екеуіміз бір сыныпта оқ ыдық. Сол кездің ө зінде (бұ л 1956-жыл) қ ария шау тартып қ алғ ан, шашын тық ырлап ұ старамен алдыртқ ан, жұ мсақ сө йлейтін биязы ү нді, денелі адам еді. Ол кезде біз шежіренің не екенін де білмейміз, ә кеміз екеуі ө ткен-кеткенді айтып жиі ә ң гімелесіп отыратын-ды. Енді міне, Смағ зам шежіресі халқ ының қ ажетіне жарады. Тізімдегі бірінш бағ ан - жақ ша ішіндегі рет саны ә р шежірешінің анық тамасы. Мысалы шежіредегі ә рбір жол осы [х] белгісімен басталады. Демек бұ л белгі шежіредегі ә р адамның аты, ал ол [5]-тен кейін аты жазылғ ан Смағ зам атаның шежіресінен алынғ анын кө рсетеді. Ал ү шінші бағ анда шежірешіден алынғ ан жол саны кө рсетілген, тө ртінші бағ анда сол жолдардың бү кіл шежіреге шақ қ андағ ы ү лес пайызы бар. Осының бә рі ә р шежіреші - автордың қ ұ қ ығ ын қ орғ айды, сонымен қ атар аталғ ан аталар, жеке адамдар жө нінде хабарласып, қ ажет болса қ осымша мә лімет алуғ а мү мкіндік береді. Екінші адам Манап Ә утенұ лы сү йегі Дә улетбай, Қ ытайдың Шың жаң ында, Дө рбілжің де тұ рады. «Саты-Дә улетбай» шежіресін жинап жү ріп, Алматығ а жол тү скенде біздің ү йде жолық қ анбыз.

Мү сә йіп Қ ыдырқ анұ лы шежірешінің екінші жаң алығ ы кезінде Тарбағ атайдың арғ ы бетіне ауғ ан қ алың Жұ мық елінің соң ғ ы кезде ол жақ та жаппай кө птеп шығ арылып жатқ ан шежірелерін жинап, оларды ө з шежіресіне қ осқ анында. Отарлық саясаттың ойранынан кезінде қ осбасты самұ рық пен аждаһ аның аузы алдында арбалып жү рген қ азақ елін бір бауырды ортасынан қ ақ тіліп екіге бө лгендей, бір таудың қ ос қ апталын тұ тас жайлап жатқ ан бір ел, бір ру, бір атаның ұ лдарын Орыс-Қ ытай арасындағ ы 1881-жылғ ы шекара келісімі ең іретіп екіге бө лді. Содан бергі қ илы кө штердің бә рі шежіреге кері ә серін тигізгені ө з алдына, қ азіргідей бейбіт заманда қ ытайдағ ы Жұ мық жұ ртының шежіресінен Қ азақ стандағ ы аталас туыстары кө біне аталмай қ алып отырды. Ал Ахмет Байтұ рсынұ лының ә ліппесін ө з бетімен ү йренген Мү сә йіп сол екі жартыны бір бү тін етіп, жұ мық елінің біртұ тас толық шежіресін жасауғ а талмай ең бек етіп жү р. Қ олдарың ызғ а тиген «Саты шежіресінде» Манап Ә утенұ лының қ ытайда шық қ ан «Саты шежіресінен» 1828 жол алынып, оның бұ л шежіренің 8, 8 пайызын қ ұ рағ аны осы талпыныстың дә лелі.

Мү сә йіп шежірешінің ү шінші жаң алығ ы ө з шежіресіне енген адамдардың анық тап отырып жарық дү ниеде ө мір сү рген жылдарын кіргізуі. Айталық, Найман атаның ұ рпағ ы Домбауылдан басталғ анда қ азір 31- буын екенбіз. Шежіреші Мү сә йіп сол 31 буынның жасын ә р атағ а орта есппен 30 жылдан бө лген. Ә р буынның ерте туып, кеш ү йленгені, немесе, кеш туып ерте кеткені тә різді ауытқ ыларын қ оса есептегенде шежірешінің осы ұ стамы ә зірге кө біне тұ спа - тұ с сай келіп отыр. Шежірені оқ ығ анда бұ ғ ан кө ң іл сеніп, кө здерің із жетеді.

Енді тө ртінші жаң алық қ а келейік, жә не менің ойымша бұ л жаң алық шежіренің ө зіне бұ лтартпас ғ ылыми дә лел-дә йектемелер беріп, оның болмыс тұ рпатын тұ лғ аландыра тү седі. Мү сә йіп Қ ыдырқ анұ лы кө зі ашық, кө ң лі ояу ғ ылым адамы ретінде кө п ізденеді. Соның дә лелі осы шежреге 1917- жылғ ы қ азан тө ң керісінен кейін шетелге эмиграцияғ а кеткен статист, кезінде орыс шаруаларын қ оныстандыру қ орына алу мақ сатымен қ азақ жерлерінің «артығ ын» анық тау ү шін арнайы экспедиция ұ йымдастырғ ан Ф.А. Щербинаның ғ ылыми анық тамалық ең бегін пайдалануы. Щербина экспедициясы 1896-1911 жылдары Қ азақ станғ а екі рет келіп Ақ мола, Торғ ай, Семей облыстарының 12 уезін зерттеген. Оның жұ мысына елін, жерін жақ сы білетін Алаш ардақ тысы Ә лихан Бө кейхановтың ө зі қ атынасқ ан. Экспедицияның жинағ ан материалдары негізінде ә р уезге бір томнан 12 томдық ең бек жазылғ ан. Онда 18-ғ асырдың соң ы мен 20-ғ асырдың басындағ ы қ азақ тардың шаруашылығ ы жә не ә леуметтік жағ дайы жө нінде кө птеген деректер жазылғ ан. Мү сә йіп шежірешінің жаң алығ ы іздеп, тауып отырып «Саты шежіресіне» осы экспедицияның материалдарын қ осқ анында. Экспедицияның шежіреге қ аншалық ты қ ұ нды болғ анын ө здерің із оқ ып білесіздер. Бұ л жә не Мү сә йіптің осы шежіреге пайдаланғ ан 348 ә дебиетінің тек біреуі ғ ана.

Тағ ы бір сө з Мү сә йіп Қ ыдырқ анұ лы халқ ының ұ лтжанды азаматы ретінде тарихқ а сұ ң ғ ыла кө збен сү ң ги қ арап, қ азақ тарихына жасалғ ан кейбір қ иянаттар мен қ исынсыз дү ниелерді тап басып тү йсініп, ол туралы баспасө з беттеріне ғ ылыми мақ алалар жазып тұ ратынын атап айту лә зім.

Қ орыта келгенде шежіренің «кертолғ ау» кү йін кемеліне келтіре шерткенде жоғ арыда ө зіміз арнайы тоқ талғ ан тө рт жаң алық бір шежірешінің иығ ына тү скен жең іл жү к емес. Шежіреші – кү йшіміз Мү сә йіп Қ ыдырқ анұ лының ендігі мақ саты Жұ мық тың Болат, Қ араша, Қ ожан, Сайболат, Тә уке жә не Байжіттің -Тоғ ас руларының шежіресін шертпек. Бұ л шежірелердің алдағ ы жылдарда ә лі де арнасын кең ейте тү сіп, одан арғ ы жерде жалпы қ азақ шежіресінің қ омақ ты ү лесі болып қ осылып, жалғ ыз «кертолғ ау» емес, «кең толғ ау» атты керемет кү йдің кө п топтамасы болып шертілеріне ө з басым кә міл сеніммен бек ү міттімін.

 

Қ ұ сыман Игісін

Жазушы-публицист, Қ Р мә дениет қ айраткері,

ШҚ О. Тарбағ атай ауданының қ ұ рметті азаматы.

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал