Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқыту әдістерін білім көзіне қарай






Ауызша әдіс. Сөз адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында маңызды орын алатын құрал болып табылады. Онсыз оқу үрдісі жүрмейді. Бұл оқыту әдіс ойды жеткізудің мазмұнының формаларына қарай ажыратылады.

Оларға:

- Мұғалімнің оқу материалын монологтық түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру мектеп дәрістері, іс-әрекеттің әдістері мен қандай да бір географиялық ақпараттармен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру);

- Оқулықтың немесе басқа кітаптардың мәтінімен жұмыс;

- Пікіралысу түрлеріндегі сыныппен, оқушылардың оқулықтың мәтініндегі сұрақтар мен тапсырмалармен жұмысы жатады;

Ауызекі сөйлеу әдісінің негізгі міндеттері:

- Жаңа білімді меңгерту барысында ақпараттарды жеткізу;

- Сабақтың мақсатын белгілеу;

- Сабақты бекіту барысында бұрын меңгерілген тірек білімдерінің өзектілігін арттыру;

- Оқу материалдарын жүйелеу.

Мұғалімнің сөйлеген мазмұнды мағыналы сөзі оқшылардың сөз қорының дамуына жеке тұлға ретінде әсер етеді. Әңгімелесу мен қатар мұғалімнің монологтық сөзін оқушылар негізгі ойды жеткізудің ретінің үлгісі ретінде қабылдайды.

Оқушылардың шығармашылық ізденіс әрекеттерін айқындауда ауызекі сөйлеу әдістерінде қолданылатын өзекті сұрақтар эвристикалық (күрделі) әңгімелесудің маңызы зор. Семинар сабақтарда өзекті сұрақтар қою арқылы пікір алысу ойлау, сөйлеу есте сақтау әрекетке жауап қайтару жылдамдығы сияқты оқушылардың жеке интеллектуалдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.



Ауызша әдісті жетілдірудің бағытына оқушылардың ойлау әрекетін ұйымдастырудағы мүмкіндікті толық пайдалану болып табылады.

Бұған мұғалім оқулықтың мәтінін талдау, өзекті тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды салыстыру, талдау, жүйелеу жинақтау сияқты логикалық ой-әрекетінің тәсілдерін меңгерту қажет.

Көрнекілік әдіс.Географияда қолданылатын көрнекілік әдістері оқыту әдістерінің бұл топтары қандайда бір мазмұнды айқындайтын көрнекіліктің құралдарына қарай бір-бірінен ажыратылады. Көрнекілік әдістерінде білім көздері алуан түрлі оқу көрнекі құралдары ретінде беріледі. Аталған әдістер оқу картиналарын иллюстрациялық кестелерді экранды құралдарды, педагогикалық суреттерді басқа да үлгілерді қолдану әдістеріне қарай топтастырылады.

Мұғалім көрнекі құралдарды көрсетіп, оны оқушылардың қабылдауын ұйымдастырып,

 

олардың ой әрекеттерін бақылауды, қандайда бір географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістерін үйретеді. Оқушылардың іс-әрекеті көрнекі материалдардың мазмұнын ой елегінен өткізу арқылы түсініп, оларды талдап қорытынды шығару болып табылады.

Көрнекі әдістің негізгі қызметі нақтылы бейнелі материалдар арқылы теориялық білімнің меңгерілуін үрдісін қамтамасыз ету, жеке нысандармен аумақтарды өткенде географиялық нысандар (тау, өзен, табиғат зоналарының ландшафтылары, қалалар т.б.) туралы ұғымдардың меңгерілуін қамтамасыз ету.



Көрнекілік әдісін қолдану оқушылардың көрнекі көрнекі-бейнелі ойлау, байқампаздың, түйсіну және көру арқылы есте сақтау дағдылары дамиды. Ол жеке тұлғаның эмоциялық сферасында қолайлы әсер етіп, табиғаттың сұлулығын түсініп, бағалай білуге үйретеді.

Көрнекілік әдісі ауызекі сөз әдісімен тығыз байланысты. Мысалы, Шаруашылықтың салалық құрамы, табиғаттағы ауаның қозғалысы мен басым желдердің түзілу заңдылықтары кестелерді көрсетіп оларды талдау арқылы түсіндіріледі немесе мұғалім жануарлауларды ауызша түсіндіріп, демонстрацияның жүру үрдісін лап көрсетеді.

Көрнекілік әдісін қолданудың бірнеше алғышарттары бар.

1. Мұғалім оқушыларға әртүрлі көрнекі құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту қажет.

2. Оқушыларға көрнекі құралдардың немесе нақты нысандарды пайдалану арқылы қоршаған ортаны түсінуге дағдыландырудың арнайы тәсілдерін меңгерту керек.

3. Әрбір жаңа білім көздерін өткенде ол арнайы оқып үйрену нысаны болуы тиіс. Мұғалім оқушыларға оларды меңгерудің ережелерімен меңгеру тәсілдерін үйренуі тиіс.

Көптеген сызба-нұсқалардың оқыту мүмкіндігі оқушылардың олармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгергенде ғана жүзеге асады.

Оқушыларға сызбанұсқалармен жұмыс істеу тәсілдерінің құрамына төмендегідей:

1. Көрсетілген сызба нұсқаны оқып оның құрылу ерекшелігін анықтау;

2. Нысандарды, құбылыстар мен олардың арасындағы байланыстардың сызба нұсқада бейнелену әдістерін анықтау;

3. Сызба нұсқадан нені түсінгендерін айқындау.

Оқушылар кез-келген оқыту құралдарының құрылу ерекшеліктерін түсінгенде олармен өз беттерімен жұмыс істеп, қарапайым суреттер мен сызба-нұсқалар кестелер құра алады.

Тәжірибелік әдіс.Көрнекілік және ауызша әдістерден оқытатын нысандары жағынан айырмашылығы географиялық шындық пен олардың үлгілер жағынан айырмашылығы бар.

Географиялық деректердің көбі үлгілерде көрініс тапқан. Олар географиялық нысандар мен құбылыстарды танып біліп, даму заңдылықтарын анықтауға, ғылыми болжамдарды құруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде географиялық шындық пен оның үлгілері арнайы жасаған оқу құралдарында беріледі. География сабақтарында жергілікті жердің планын сызып, ауа-райына жүргізген бақылауларының нәтижелерін қолдана отырып графиктік кестелер диаграммалар тұрғызу, кескін карталармен жұмыс істеу байланыстарды анықтау арқылы оқушылардың өздері де үлгілер құрады. Тәжірибелік (практикалық) әдістердің мәні мұғалім географиялық нысандарды немесе үлгілерді қолдана отырып, олардың оқушылар үшін белгісіз жаңа білім алу жөнінде оқу мақсатын қояды.

Мысалы тектоникалық карталарға талдау жасап, оларды физикалық караталрмен беттестіре отырып, қазіргі жер бедері мен жер қыртысының құрылысының арасындағы байланыстарды анықтау.

Тәжірибелік әдісте мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында соңғылары жетекші роль атақарады. Бұл әдіс жаңа білімді меңгеріп, оны бекітуде ғана емес, оқушылардың өз бетімен танымдық әрекеттерін жүзеге асыру арқылы іскерлік-дағдыларды қалыптастыруда маңызы зор. Оның құрамы кестеде көрсетілген.

Тәжірибелік әдісті жүзеге асыруда сыныпта орындалатын сарамандық (зертханалық) жұмыстардың маңызы зор. Сарамандық жұмыстар оқушыларды алған білімдерімен қалыптасқан іскерлік-дағдыларын іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін оқытудың тиімді түрлерінің бірі.

Жаттығу сарамандық жұмыстары алған біліммен қалыптасқан іскерлікті бекітіп біртіндеп жылдам ойнап жауап беретіндей автоматты әрекеттерге көшетін дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Жаттығу сарамандық жұмыстарын орындау үшін тапсырмаларды орындаудың ретімен ережелері көрсетілген арнайы кестелер болуы тиіс.

Оқушылардың қажетті іскерліктері меңгеруін бақылау мақсатында қорытынды сарамандық жұмыстарды орындату қажет.

Қорытынды сарамандық жұмысты орындау барысында үлгерімі жақсы оқушылар іс-әрекетті жаңа жағдайда қолдануды көздейтін өзекті немесе шығармашылық тапсырмалар ұсыну қажет. Мысалы, Африка мен Оңтүстік Американың географиялық орынының ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылықтарын оқушыларға өз беттерімен орындатып тәжірибелік әдісті пайдалану оқушылар география пәніне тән оқу жұмыстарының тәсілдерін меңгергенде нәтижелі болады.

Белгілі бір курста меңгерілуге міндетті іскерлік дағдылардың жиынтығын оқу жұмыстарының тәсілдері дейміз. Алуан түрлі оқу жұмыстарының тәсілдерінің көмегімен әртүрлі білім көздерінен ақпараттарды ала алады.

Мысалы, географиялық шындықтың негізгі үлгісі болып табылатын картамен жұмыс істеу үшін төмендегі ретпен оған сипаттама бере білуі тиіс.

Картаның аты, оның мазмұны, аумақты қамтуы, масштабы нысандар мен құбылыстарды кескіндеу әдістері.

 

Сарамандық жұмыстың реттік саны
Жұмыстың мазмұны Жұмысты орындаудың мақсаты мен орындаудың ережесі а) жоспары; ә) іс-әрекеттік тізімі; б) жұмысты орындаудың кезеңдері. Білім көздері оқулық; беті, сурет карта кестелер; Атлас: беті, басқа білім көздері.
Сарамандық жұмыстың нұсқалары, орындаған жұмыстың нәтижелерін сызба-нұсқа, кесте, кескін картадағы үлгі, мәтіндік сипаттау, сипаттама беру, сызба жасау, есептеулердің нәтижелерін шығару.

Географияны оқытуда тәжірибелік әдіс ауызекі сөйлеу, көрнекілік әдістері мен үйлестіре отырып қолданылатындықтан әрбір курсты немесе тарауды оқытуды аяқтағанда тәжірибелік әдістің рөлі артады. Оларды оқушылар мұғалім берген өздік жұмыстарды орындау барысында қолданып, өздері таңдаған нысандарға қажетті білім көздеріне сүйене отырып сипаттама береді. Мұғалім тек орындалған жұмыстардың нәтижелерін бақылап тексеру міндетін атқарады.

Ойын дамытып, оқу-танымдық үрдістердің жекелеген қадамдарын өз беттерімен орындауға үйретеді.

Мысалы, мұғалім Анд тауының әртүрлі ендіктердегі биіктік белдеулердің ауысуы тақырыбынан алған бьілімдеріне негізделіп, «биіктік белдеу» түсінігіне анықтама бер.



mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2022 год. (0.019 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал