Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






тексеру






Сынып


АДАМ, МЫСЫҚ, ИТ ЖӘ НЕ ТАРАҚ АН

Бірде ү ш бала «Лего» кострукторынан ү й салып отырып, тарақ андар туралы ә ң гіме бастады. Ә р жаң а сұ рақ тың нә тижесінде балалар мынандай шағ ын ә ң гіме қ ұ растырды.

«Адам баласы тарақ андармен кү ресуде, бірақ олар сондай ө лмес жандар болып шық ты, себебі адамдар қ анша рет бұ л тіршілік атаулыны қ ұ ртуғ а тырысса да олар ө мір сү руге талпынды. Мысық тышқ андарды аулап, адамның баспанасында тұ руғ а жә не жұ мсақ жерді паналауғ а, тамағ ын тоқ қ ылуғ а мү мкіндік алды.

Ит ө зін адамзат баласының досымын деп санап, ү йді кү зетіп, мал бағ уғ а кө мектесіп, аулада жасалғ ан кү ркешікте тұ ру жә не қ арнын тойдыру иү икіндігіне жетті. Кейбір адамдар итті ү йінде ұ стап, ерекше тағ амдар беріп, баптайды. Ал кейбірі иттерді шынжырлап, ү йін кү зеттіреді. Қ айсыбір иттер кө ше кезіп, далада бос, емін-еркін жү руде.

Тек тарақ андар ғ ана баспанасыз, дайын асы жоқ. Бірақ мың -мың дап ү й-ү йде, кө зден таса жерлерде, шкафтардың асты мен артында, қ уыс-қ уыста, жылы орындарда ө мір сү руде. Олар адамның кө зі ұ йқ ығ а кеткенде шығ ады. Ү лкендер олардың кө зін қ ұ рту ү шін ұ яларына химикаттар қ ұ яды, одан кейін жү здеген тарақ андар ө лгенімен, олар адам кө зінен тасалап, біраз уақ ыттан кейінқ айтадан шығ ады. Тарақ андардың саны азаймайды, керісінше, кө бейе тү седі. Адамдар оларды

қ ұ ртумен ә лек, бірақ қ азірше ешқ андай нә тижеге келген жоқ.Бұ л кү рестің жең ілген жә не жең іліске жеткен жақ тары ә лі кө рінбейді.

Адам сол қ алпы мысық пен итті жанына алып, оларды асырап, ү йінде ұ стайды, тек қ ана тарақ андар адам баспанасының сұ раусыз келген қ онақ тары болып отыр.

(205 сө з)

 

 

ЖЕТІҚ АРАҚ ШЫ

Тү нгі аспанда шө міш тә різді келген жеті жұ лдыз Жетіқ арақ шы деп аталады. Ол бір тә улікте Темірқ азық ты бір айналып шығ ады.

Аң ыз бойынша жеті ұ ры – қ арақ шылар ө мір сү ріпті. Олар кү ндіз ұ рлық пен айналысып, тү нде сол жасағ ан ә рекеттері ү шін ұ ялыпты. Ақ ыры қ арғ ысқ а ұ шырап, қ айтыс болыпты. Ұ рылардың жандары жұ лдызғ а айналып, аспанғ а ұ шып кетіпті. Бірде олар Ү ркердің Ү лпілдек деген қ ызын ұ рлайды. Жетіқ арақ шының бас жағ ында жарқ ырап тұ рғ ан жұ лдыз – ұ рылардың басшысы Қ ыран қ арақ шы. Ал оның қ асында ә лсіреп кө рінетін – тұ тқ ында отырғ ан Ү лпілдек қ ыз. Ү ркер ө зінің қ ызын қ айтарып алу ү шін тү німен Жетіқ арақ шыны қ уып жү реді екен.

Жетіқ арақ шы туралы мынадай ертегі де сақ талғ ан: «Ертеде бір байдың жылқ ының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге кө міп тығ ып тастағ ан екен. Сол заманда елге атағ ы шық қ ан жеті ұ ры байдың алтынын ұ рлап кетеді. Бірақ, тастай қ атты алтынды бө ле алмайды. Сонда Қ ырын қ арақ шы: «Бө луді бір білсе, оның иесі біледі» деп байғ а келеді. Бай оны қ онақ қ ылып, барын алдына тосыпты. Ата дә стү р бойынша ет піскенше қ онақ ү й иесіне ә ң гіме, ертегі айтуғ а тиіс. Қ арақ шы осыны сылтау етіп ә ң гіме бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұ ры ұ рлапты, бірақ олар алтынды бө луді білмейді екен». Бай: «Ол ү шін алтынды биенің қ азығ а алынатын майына орап, қ айнату керек. Сонда алтын жібиді» депті.

Қ ыран қ арақ шы жолдастарына келіп, алтынды қ азының майына орап, қ айнатыпты. Жібіген алтынды оп-оң ай пышақ пен жетіге бө ліп, ө зара бө лісіп алыпты.

(206 сө з)

 

ЖЕТІ Қ АЗЫНАНЫҢ БІРІ

Баяғ ыда аң патшасы арыстан қ ызметшісі жолбарысты шақ ырып, ормандағ ы барлық аң дарды жина деп бұ йырыпты. Арыстан патша ә лемде ең қ айратты, ең ақ ылды ә рі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аң дар жинала қ алады. Арыстанның сө зін естіп болғ ан соі тү лкі алғ а шығ ып:

- О, ә лемде тең десі жоқ патшам! Бұ л ө мірде Сізден қ айратты, ақ ылды, епті жан жоқ. Сондық тан да біз сізді патша етіп сайлағ анбыз! Сіздің қ айырымың ыз шексіз, - депті. Барлық аң дар ө з пікірлерін айтыпарыстанғ а жағ ымпаздана, оны дү ниедегі ең кү шті, ақ ылды деп лепіртеді. Мақ тау сө здерге мә з болғ ан ақ ымақ арыстан бір бұ рышта қ ұ лағ ы салбырап, ө зі маужырапжатқ ан итті байқ айды. Дереу гү рілдеп итке тө не тү седі:

- Ә й, сен, оң бағ ан, мыналардың не айтып жатқ анын естіп отырсың ба ө зі? Неге сен ү н қ атпайсың? – дейді.

Ит салмақ ты қ алпын бұ збастан:

- Ә, сен бе едің... Сонша неге орманды басың а кө тересің? Менің де сені мақ тап бас ұ руым керек па? – деп, басын кө терместен тә кә ппарлана қ арсы сө йлейді.

- Ал сонда, - дейді арыстан, дү ниеде ең қ айратты, ең ақ ылды, ә діл ә рі епті кім?

- Мен ү шін дү ниеде ең қ айратты ә рі ақ ылды тек-адамзат.

Арыстан одан бетер ысқ ырып, дереу жолбарысқ а:

- Ит иттігін жасап, адамды мадақ тады. Біздің арамызда оғ ан бұ дан былай орын болмауғ а тиіс.Дереу арамыздан аластатың дар! – депті кү ндей кү ркіреп...

Бұ л сө зден соң ит мү лде кө ң ілі қ алып, олардың арасынан бір жолата ат қ ұ йрығ ын ү зіп кете барғ ан екен.

Содан бері ит адамның досы, кө мекшісі болыпты. Бертін келе

«Ит – жеті қ азынаның бірі» деген қ анатты сө з қ алыптасыпты.

(221 сө з)

 

 

КҮ НДЕЛІК БЕТТЕРІ

Айдана дә птер бетіне ә демі ә ріптердің басын қ ұ рап жазумен ә уес. Бұ л дә птері - ө згеше. Апайының айтуынша, кү нделік жазып жү р. Ө зінің кү ні бойы не істегенін, қ андай кітап оқ ығ анын, кө ргенін бір-екі сө йлеммен баян етеді.

Қ арап отырса, бұ ның ө зі қ ызық екен. Бір жыл ішінде Айдана кө п нә рсеге куә болыпты. Ү йренгені, білгені кө п-ақ. Қ алың дау дә птерін Айдана ә жесіне кө рсетті.

- Бұ л не? – деді ә жесі.

- Кү нделік дә птерім. Оқ ың ызшы, - деді Айдана ашық -жарқ ын қ алпымен.Ә жесі кү нделікті қ олына алды. Кө зіне кө зілдірік киді. Дә птерді парақ тап кө з жү гіртті. Сауатты жазылғ ан. Кө ргені мен білгенін балаң тілмен қ ағ азғ а тү сіріпті.

- Айналайын, не жазғ ансың? – деп алғ ашқ ыда ә жесі таң данысын жасырмаса да, риза пейілін байқ атты.

Айдананың кү нделігін оқ ып шық ты Бес-алты дә птер беті толыпты.

- Айдана не жазыпты? – деді атасы ә ң гімеге араласып.

- Не жазды дерің бар ма? Қ ызық -ақ екен, - деді ә жесі.

Сө йтті де кү нделіктің мазмұ нын атасына естірте айтты.

- Осы кө ктемде ауыл сыртында сары, қ ызыл гү лдерді қ ыр басынан тергенін, оларды мағ ан ә келіп бергенін қ уана жазыпты. Ауылда жаз кезінде масаның кө птігін кү нделік бетіне тү сіріпті. Масахана ішінің рахат екендігіне сү йсініпті. Балалармен емін-еркін ойнағ анын, таныс болғ анын тү п-тү гел қ ағ аз бетіне кө шіріпті. Ө зің -ақ оқ ып кө рсең ші, - деп ә жесі кү нделікті атасына ұ сынды.

«Атам мен ә жемнің бар болғ анына қ уанамын. Олар мені жандарынан еш тастамайды. Тойғ а да апарады. Ертегіні де жалық тырмай, жалық пай айтады. Содан балбырап ұ йқ ығ а кетем. Сү т қ айнатамыз қ ара қ азанғ а. Айран сү збесінен қ ұ рт жасаймыз. Кө рші баланың сегіз кө гершіні бар. Топ-топ болып ұ шқ аны ғ ажап-ақ».

Атасы кү нделікті оқ ып, Айдананың болашағ ынан ү лкен ү міт кү тті.

Нұ рғ али Қ адырбаев

(229 сө з)

 

 

КҮ ШІК ПЕН МЫСЫҚ

Қ арны ашқ ан кү шік жем іздеп, тауда қ аң ғ ып жү рсе, қ асқ ыр кездесіп қ алып:

- Ей, кү шік, сен сені жеймін! – депті.

- Қ ой, кө кешім, қ ой! Ә уелі мені тойғ ыз, сонан соң жерсің, - депті кү шік.

- Жарайды, жарайды! Менің соң ымнан қ алмай ере бер, - депті қ асқ ыр.

Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды кө ріпті. Қ асқ ыр серігіне қ арап:

- Мағ ан қ арашы, менің кө здерім, қ ұ лақ тарым, аузым, қ ұ йрығ ым қ андай екен? – депті.

- Сенің кө здерің шоқ тай жайнағ ан, қ ұ лақ тарың жылмиғ ан, аузың арандай ашылғ ан, қ ұ йрығ ың артқ ы екі аяғ ың ның арасына қ ыстырылып, жас шыбық тай майысқ ан, - депті кү шік.

- Мен не қ ылар екем, енді соғ ан қ ара, - депті де, қ асқ ыр атылып барып, бір бұ заудың тамағ ына жабысып, тұ ншық тырып ө лтіріпті. Сө йтіп, кү шікті де тойғ ызыпты, ө зі де тойыпты.

- Мен тойдым, сенің етің ді енді жемеймін. Қ ош бол! – депті де, қ асқ ыр желе жортып, кетіп қ алыпты.

Кү шік бұ заудың жемтігінің қ асында ү ш кү ндей болып, тегін етке тойып жатыпты. Ақ ырында іші пысқ ан соң жортуғ а шық қ а екен, бір аш мысық қ а кез болыпты. Оғ ан:

- Ей, мен сені жеймін! – депті.

- Қ ой, кү шеке, қ ой! Ә уелі мені тойғ ыз, сонан соң жерсің, - депті мысық.

- Жарайды! Менімен бірге еріп жү р, - депті кү шік.

Біраздан соң бұ лар бір топ тү йеге келіпті.

- Мысық, мағ ан қ арашы: менің кө здерім, қ ұ лақ тарым, аузым, қ ұ йрығ ым қ андай екен? – депті кү шік.

- Несін айтасың! Сенің кө зің бозарып тұ р, қ ұ лақ тарың салпиып, аузың аң қ иып тұ р, тілің салақ тап, қ ұ йрығ ың салбаң дап тұ р, - депті мысық.

- Енді мен не қ ылар екенмін, кө р де тұ р! – депті де кү шік жү гіріп барып бір тү йенің аяғ ын тістейін дегенде, тү йе мұ ны дә лдеп тұ рып, басқ а теуіп қ алыпты. Кү шік сол арада сеспей қ атыпты. Сонда мысық айтыпты:

- Ей, мақ таншақ! Сен ә лің е қ арамай, қ иын іске қ олың ды создың! Сенің етің ді енді мен жеймін! – депті.

(250 сө з)

 

ТАЗА БҰ ЛАҚ

Бір бұ лақ тың басында ү ш жолаушы бір-біріне кез болыпты. Бұ лақ бір тастақ жерден шығ ып жатыр екен. Айнала қ алың ағ аш, жапырақ тары бұ лақ тың ү стіне тө гілген, суы мұ здай салқ ын, шыныдай мө лдір, ө те таза бұ лақ екен.

Бұ лақ тың қ айнап жатқ ан кө зіне жақ ын қ азандай бір қ ара тасты қ ойыпты да, тасқ а:

- Ей, жолаушы болсаң, осы таза бұ лақ тай бол! – деп жазыпты. Ү ш жолаушы бұ лақ тан шө лдері қ анғ анша су ішеді, тастағ ы жазуғ а кө здері тү седі.

Сонда бір жолаушы тұ рып былай дейді:

- Бұ л жазылғ ан ақ ыл сө з екен. Бұ лақ кү ні-тү ні тынбай ағ ып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кең ейіп, ү лкейеді. Бұ ғ ан жол-жө некей кішкене бұ лақ тар қ осылып, сө йте бара, ү лкен ө зен болып кетеді. Мұ нан мынадай ғ ибар алуғ а болады. Сондай адал қ ызмет қ ыл, еш уақ ытта жалқ ауланып тоқ талып қ алма, сө йтсең, ақ ырында сен де ү лкейіп, мұ ратың а жетесің дегені деп білемін, - дейді.

Сонда екінші жолаушы басын шайқ ап:

- Жоқ, мен олай ойламаймын, - дейді. – Бұ л жазудың мағ ынасы сіздің ойлағ аның ыздан гө рі терең ірек соқ са керек: бұ л бұ лақ кім-кімге болса да даяр, ыстық тағ анды салқ ындатып, рақ аттандырады. Сусағ анның шө лін қ андырады. Онысы ү шін ешкімнен ақ ы дә метпейді. Олай болса, мұ нан «біреуге жақ сылық етсең, ол жақ сылығ ың ды ешкімге міндет етпе» деген ақ ыл болады.

Жолаушың ы ү шіншісі – кө ркем жас жігіт ү ндемей тұ рды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұ райды. Жігіт айтты:

- Менің ойыма бө тен бір нә рсе келеді. Бұ л бұ лақ тың суы бір орында тыныш тұ рып, шө п-шалам тү сіп, лай-қ оқ ым болса, бұ ғ ан адамнан гө рі айуан ынтық болар еді. Бұ лақ кү ні-тү ні тынбай ағ ып, тазаланып тұ рғ аны ү шін бұ ғ ан адам ынтық. Олай болса, бұ л жазудың мағ ынасы мынау: кө ң ілің ді, бойың ды осы бұ лақ тай таза сақ та. Бұ лақ қ а қ арасаң, кү н тү ссе, кү ннің, шө п тү ссе, шө птің сә улесін кө реміз. Ендеше, кө ң ілің сол сияқ ты сыртқ а ашық кө рініп тұ рсын дегені ғ ой деймін, - депті.

(261 сө з)

 

Ө ТКЕЛ Қ Ұ РЫЛЫСШЫЛАРЫ

(ертегі)

Ана қ ұ ндыздың ү ш баласы бар-тын. Жаздың бір мамыражай кешінде кіші ә лжуаздау баласын ертіп, ана қ ұ ндыз серуендеп, індерінен алыстап кетті. Ал ү лкенірек екеуі інде қ алғ ан-ды.

Ойда жоқ та алдарынан ата жаулары тү лкі шығ а келгенде, ана қ ұ ндыз қ атты састы.

- Байқ ап қ алды, енді қ ұ тқ армайды, - деді қ ұ ндыз сасқ алақ тап. - Ә лжуаз, сен ана бір қ алың шіліктің ішіне барып жасырын, ал мен оның бетін басқ а жақ қ а бұ рып ә кетейін.

Ана қ ұ ндыз тү лкіні ө з ізіне тү сіріп, бұ лталақ қ а салып қ аша жө нелді. Кішкене қ ұ ндыз шілік ішінде шыдамы жетіп отыра алмай тө ң іректі байқ астап кө ріп, індеріне қ арай заулады. Табанымен от басқ андай жанұ шырып келеді. Қ ұ ндыздың ө зіне жү гірісі ө нбей жатқ ан секілді. Бір сә т кішкен қ ұ ндыздың кө зі бұ тада отырғ ан бозторғ айғ а тү сіп:

- Бозторғ ай, бозторғ ай, анау ө зеннің сол жағ алауындағ ы екі ағ айыма тезірек хабар берші. Аналарымыздың ө мірі қ ыл ү стінде. Оның соң ында тү лкі. Ағ аларым апамызды қ ұ тқ аратын бір амал жасасын, -деді. Бозторғ ай кө к аспанғ а шарық тай кө терілді. Екі ересек қ ұ ндызғ а інілерінің сә лемін жеткізді. Ә у баста абдырап қ алғ ан қ ұ ндыздар аз-кем ойланып:

- Бозторғ ай, жақ сылығ ың ды ұ мытпаспыз. Жоғ арыдан анамызды жылдам байқ айсың ғ ой, інге қ арай қ ашсын. Осыны жеткізбесең, анамыз тү лкіні іннің маң ына жолатпауғ а тырысатыны анық. Сө йтіп жү ріп тү лкіге жем болып қ алуы ық тимал. Жалынамыз, осыны анамызғ а жеткізсең, - деді бала қ ұ ндыздар.

Бозторғ ай қ ұ рақ ұ шып, ана қ ұ ндызды іздеп кетті. Соң ында тү лкі, қ ұ ндыз алда қ ұ йындатып келеді екен. Бозторғ ай тө мендей ұ шып, оғ ан балаларының сә лемін айтты. Сонда ғ ана ана қ ұ ндыз беталысын ө згертіп, індеріне туралай тартты. Бозторғ ай да жоғ арыда жарыса ұ шып келе жатты. Ана қ ұ ндыз ө зенге жеткенде таң да атты. Ө зеннің бір жағ асынан екіншісіне дейін барлық қ ұ ндыздар жабылып, ө ткел салып қ ойыпты. Қ ұ ндыз солқ ылдақ, жің ішке жолмен зымырап арғ ы жағ ағ а шық қ анда, тақ ымдап қ алмай келген тү лкі қ орқ ақ тап, бергі бетте қ алып қ ойды. Жиекте ә рлі-берлі сілекейі шұ бырып жү рді де, аузына ә ні-міне тү скелі тұ рғ ан ә зір астан айырылғ анына қ апаланып, амалы қ ұ рып кейін қ айтты.

Содан бері қ ұ ндыздар нағ ыз кө пір қ ұ рылысшыларына айналыпты.

Роза Ә білқ адырова

(282 сө з)

 

 

Қ арғ а баласын «аппағ ым» дер,

кірпі баласын «жұ мсағ ым» дер

Жер дү ниенің патшасы Сү леймен пайғ амбар кірпі мен қ арғ ағ а былай деп бұ йрық береді:

- Сен, қ арғ а бар! Бір тү нде жер дү ниені аралап, бір жақ сы сайрайтын қ ұ с тап. Бұ л қ ұ сты ү йдің ас жағ ындағ ы тұ рғ ан қ апасқ а отырғ ыз. Таң атқ анда бұ л қ ұ с мені сайрағ ан даусымен оятсын!

- Сен, кірпі, барып жердің жү зін тінтіп, мағ ан бір жұ мсақ нә рсе тап, бұ л нә рсені ә келіп, дә л менің жастығ ымның ү стіне, бетіме таяу қ ой! Қ ұ с сайрағ анымен оянып, қ апасқ а қ арай бергенде, бетім бұ л нә рсеге тисін, - деді.

Қ арғ а дамыл таппай, кө п жерлер аралап, қ ұ стардың сайрағ анын естиді. Бұ ғ ан бірде-бір қ ұ стың сайрағ аны жақ пайды. Мұ ның ойлауынша, бұ лбұ л, сандуғ аш һ ә м басқ а қ ұ стар жаман сайрайтын кө рінеді. Даусы жақ сы қ ұ сты таба алмай, қ арғ а сорлы «енді мағ ан ө лім келді ғ ой» деп қ айғ ырды.

Таң мезгілде талып, шаршап қ арғ а ұ ясына қ айтты, «балаларымды бір кө ріп, амандасып кетейін» деп. Пақ ыр анасын кө ріп аш балапандар шиқ ылдап, қ арқ ылдай бастады. Бұ лардың қ арқ ылдағ аны қ арғ ағ а сондай жақ сы, нә зік кө рінеді. Бұ лардың қ асында бұ лбұ л, сандуғ ан ә лдеқ айда жаман сайрайтын кө рінеді. Қ арғ а сорлы қ уанып, балаларын Сү лейменге ә келіп, мұ ның қ апасына отырғ ызады. Кірпі тү ні бойы дамыл таппай, жер жү зін кезіп, жұ мсақ нә рсе іздейді, іздесе де таба алмайды. Бұ л да шалығ ып, шаршап, ү ң гіріне қ айтып келеді. Пақ ыр анасын кө ріп, мұ ның балалары алдынан шығ ып, қ ұ шақ тайды, кірпі де қ ұ шақ тайды. Кірпіге балаларының денесі сондай жұ мсақ кө рінеді. Бұ л «Жердің ү стінде ө зімнің балаларымнан жұ мсақ нә рсе болмас» деп ойлайды. Кө п ойламай, кірпі балаларын Сү лейменнің жастығ ының ү стіне ә келіп қ ояды.

Таң атты. Қ арғ аның балалары қ арқ ылдап, шақ ылдай бастайды. Сү леймен «бұ л не?» деп, қ апасқ а қ арай бергенде, мұ ның бетіне тікенектер кіріп кетеді. Қ араса, қ апаста қ арғ аның балалары отыр, жастығ ының ү стінде кірпінің балалары жатыр.

Сү леймен ашуланып, қ арғ а мен кірпіні шақ ырып алып, бұ лардың басын кесуге бұ йрық қ ылды. Жазалы болғ ан кірпі мен қ арғ а «дат, тақ сыр!» деді. Сү леймен «дат» берді. Екеуі бастан-аяқ қ ылғ андарын баян етіп еді, ойғ а тү сті. Бұ л ойлайды: «Ә ркімдікі ө зінікі-ө зіне балдан тә тті, оттан ыстық, кү ннен жарық һ ә м мамық тан жұ мсақ», - деп, қ арғ а мен кірпіні босатып жіберіпті.

(295 сө з)

 

Қ Ұ МЫРСҚ АНЫҢ Қ АНАҒ АТЫ

Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, қ ұ рт-қ ұ мырсқ аның тілін біледі екен. Бір кү ні ә лгі данышпан жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолғ а келгенде ат шалдырып, демалып отырса, кішкентай бір қ ұ мырсқ аның дә н тасып жү ргенін кө реді. Оны жерден кө теріп алады да, алақ анына салып тұ рып:

- Қ ане, қ ұ мырсқ а, айтшы, дә нді қ айда алып барасың? - деп сұ райды.

- Илеуіме апарамын, дейді қ ұ мырсқ а.

Адам сұ райды:

- Оны қ айтесің?

- Кейінге сақ таймын, дейді қ ұ мырсқ а

Адам:

- Кө п жинайсың ба? – деп сұ райды

- Қ ұ мырсқ а ө з шаруасының жайын былайша баяндайды:

- Жаздай жұ мыс істеп, жейтін азығ ымды жинаймын да, қ ыстыгү ні қ апннен қ аперсіз тынығ ып жатамын.

Данышпан қ ұ мырсқ аны шыр айналдыра қ арай бастайды:

- Басың неге ү лкен?

- Аз сө йлеп, кө п ойлаймын.

- Белің неге қ ылдырық тай?

- Қ омағ ай емеспін.

- Жылына қ анша дә н жейсің?

- Бір дә н жеймін...

- Соғ ан қ анағ ат етесің бе?

- Одан кө п жей берсем жер бетіндегі басқ а қ ұ мырсқ алар аш қ алмай ма? Қ анағ ат керек қ ой!

Қ ұ мырсқ аның ақ ылына, қ анағ атына, кө регендігіне сү йсінген данышпан оны сынап кө рмек болады. Қ орапқ а бір дә н салады да, қ ұ мырсқ аны соғ ан қ оса қ амайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады.

- Бір жылдан кейін келемін. Дә нің бар жейтін, қ амсыз жата бер, - дейді данышпан қ ұ мырсқ ағ а ескертіп. Осылайша қ ұ мырсқ аның азық ты қ алай ү немдейтінін білгісі келеді. Бір жыл ө ткен соң ә лгі данышпан қ ұ мырсқ ағ ақ айта оралады. Ө зі қ ойып кеткен жерден қ орапты тауып алады. Қ ұ мырсқ аның ө лі-тірісін білмек болып, қ орапты ашады. Қ араса, қ ұ мырсқ а тірі екен.

Қ асына қ алдырғ ан дә ннің жартысын ғ ана жепті. Бұ ғ ан таң данғ ан данышпан:

- Ей қ ұ мырсқ а, -депті себебін білмек ниетпен. –сен жылына бір дә н жеймін деп едің ғ ой. Мына дә нді неге тү гел жемей, жартысын қ алдырғ ансың?

Сондақ ұ мырсқ а былай депті:

- Айтқ аның дұ рыс, ал сен болсаң мені қ орапқ а салып, қ амап кеттің. Сыртқ а шығ а алмаймын. Егер сен мені бұ л қ амаудан босатуды ұ мытып кетсең, тағ ы да бір жыл қ амауда жататын едім. Бір дә нді тү гел жеп қ ойсам, аштан ө летін едім. Соны ойлап, қ анағ ат еттім.

Данышпан оның шыдамдылығ ы мен тастай берік қ анағ атына қ айран қ алыпты. Оны қ амап кеткенінің қ иянат болғ анын, азапқ а салғ анын енді тү сініп:

- Менің істегенім дұ рыс болмапты, кешір, - депті де, қ амаудан қ ұ мырсқ аны босатып жіберген екен.

Содан кейін данышпан қ анағ аттың қ асиетін адам баласына ү йретіпті.

Ы. Алтынсарин

(313 сө з)

АЛТЫНҒ А АЙНАЛҒ АН ТАС

ЯКИ АТА-АНАНЫҢ Қ АДІР-Қ АСИЕТІ

Ертеде, қ азақ тың Сарайшық деген шаһ арында Кө беш деген ә улие адам болыпты. Ө мірден ө тер сә тінде он жасар ұ лына: «Анаң ның білезігіне бір алтын білезік саларсың...» деген аманат ө сиет айтып, ү зіліпті. Ә кесінің соң ғ ы сө зін орындау ү шін жетім бала жас болса да алтын білезік іздеуге бел буады. Шешесіне ол сырын айтпайды. «Кә сіп іздеп, мал тауып келейін», - деп рұ қ сат сұ райды. Анасы ұ лын қ имаса да, батасын беріпті. Ә лгі бала «ақ ша берем» деген адамғ а жалданып, кү ні-тү ні жұ мыс істепті. Бірақ, тапқ аны алтын білезік сатып алмақ тү гілі, тамағ ына ә рең жетіпті. Кү ндердің кү ні жұ мыстың ауырлығ ынан ә бден ә лсіреп, бір дуалдың тү бінде талық сып жатады. Сол кезде біреу келіп, табанынан тү ртеді. Кірпігін ә рең кө терсе, ақ таяқ ты қ арт екен. Баланың орнынан тұ руғ а шамасы келмесе де, қ арияның айтқ ан сө зі қ ұ лағ ында қ алады. Ә лгі елес: «Ә й, ық ыласты бала, ө зеннің терең жеріне оң қ олың ды мал! Саусағ ың а ілінген тасты жұ дырығ ың а тү йіп алып шық, ө з ү йің е, анаң а жеткенше алақ аның ды ашпа, шешең ді кө рген сә тте ғ ана «Шеше, сағ ан сыйлық ә келдім» деп, алақ аның ды аш!»- депті.

Он жасар ұ л бар қ айратын жиып, шаһ ар шетіндегі ө зенге жетіп, қ арияның дегенін қ аз-қ алпында орындайды. Ү ш кү ншілік жердегі ү йіне жеткенше алақ ынын ашпайды. Анасына ә келе жатқ ан сыйлығ ы есіне тү скенде, ұ йқ ысын да, ас-суды да ұ мытады.

Сө йтіп, ү шінші кү ні кү н шық қ ан мезетте, бала есігінің алдында қ ара жолғ а кө зін сү зген анасын да кө реді. Кү ткен сә тінде ө лімші ү ні ә рең шығ ып, ұ л: «Шеше, міне сағ ан сыйлық!» деп, алақ анын ашып қ алады. О, ғ ажап! Ү ш тү н бойы сұ п-суық боп алақ анына батқ ан асық тай тас, алтын білезік болып жарқ ырап шығ а келіпті дейді аң ыз. Аң ыздың тү бі – ақ иқ ат.

Балалар, бұ л кереметтің сырын мұ сылмандық ә дептерден іздесең дер оң ай табасың дар. Ата-анаң шақ ырса, ісің ді тастап, лезде жетіп бар, айтқ ан тапсырмасын дереу орында. Ата-анаң ның қ асында даусың ды кө теріп сө йлеме, жү зіне қ абақ тү йіп ақ арама. Жолда алдынан кесіп ө тпе. Бір жақ қ а барарада, сапарғ а шығ арда рұ қ саты мен ризашылығ ын ал. Ата-анаң марқ ұ м болғ анда ү немі қ ұ рметпен еске ал, рухына дұ ғ а жасап, қ ұ ран оқ ы, қ алдырғ ан ө сиетін орында, ата-анаң ның ескі достарын кө зіндей кө ріп сыйлап, сә лемің ді ү збей жү р. Балалар, бұ л қ ағ идалар рухы биік, кө ң ілі таза жандардың қ олынан келетін, қ ұ лшынып істейтін ісі екенін ұ мытпа!

Абай Мауқ араұ лы

(326 сө з)

 

ЖАҚ СЫЛЫҚ Ұ МЫТЫЛМАЙДЫ

Баяғ ыда бір бала болыпты. Ол сабағ ын жақ сы оқ ыпты. Ү й шаруасына да кө мектеседі екен. Бірде сабақ тан келе жатып, жол жиегінде отырғ ан кіп-кішкентай қ арлығ ашты кө реді. Қ арлығ аш сынғ ан қ анатын сү йретіп, дә рменсіз жорғ алайды.

Бала қ арлығ ашты қ атты аяйды. Ү йге апарып емдемек болады. Сө йтіп, қ ойнына тығ ып, ү йге алып келеді.

- Қ ойнымда не бар, тапшы? – дейді папасына қ улана жымиып.

- Қ айдан білейін, балам, -дейді папасы. – Кә не, ө зің кө рсете ғ ой не екенін.

- Міне, қ ара! Қ арлығ аш. Кө рдің бе, ө зі кіп-кішкентай!

- Неге ұ стадың? Қ арлығ аш адамның досы ғ ой.

- Мен оны ұ стағ ан жоқ пын. Тауып алдым. Кө рдің бе? Қ анаты сынғ ан. Емдейін деп ә келдім.

- Онда дұ рыс екен, балам! – деп қ уанады ә кесі. – Жақ сылық жасайын деген екенсің. Қ арлығ ашты емдеп жаз, ол сағ ан «рақ метін» айтады.

Содан бала қ арлығ ашты кү тіп, емдей бастайды. Емдеп жемге ү йретеді. Ақ ырында қ анаты жазылып, ү й ішінде ұ ша бастайды. Қ арлығ аштың балағ а ү йренгені сондай, иығ ына келіп қ онып, қ олынан жем жейтін болады. Содан бала қ арлығ ашты кө руге асығ ады екен.

Бір жолы мектептен келген соң қ арлығ ашты дыбыстап шақ ырса, шақ ырғ анына келмейді. Байқ аса, терезенің кө зі ашық қ алыпты. Досының ұ шып кеткенін біледі. Ө зін тастап кеткеніне ө кпелеп, жылап жібереді.

- Мен ө зім-ақ қ оя берейін деп жү р едім. Неге қ оштаспай кетті екен?! – дейді ол ө ксігін баса алмай.

- Жылама, ботам! Қ арлығ аш енің жақ сылығ ың ды ұ мытпайды. Бір келуін келеді. Кө р де тұ р! – дейді ә кесі.

Содан ә кесінің айтқ аны келеді. Бірде барлығ ы ү й ішімен дастарқ ан басында отырғ анда, терезенің кө зінен зу етіп қ арлығ аш ұ шып кіреді де, шиқ -шиқ етіп бө лмені айнала шарлап, қ олын соза берген баланың иығ ына келіп қ онады. Қ арлығ аштың аузында тістеп алғ ан бір сап-сары дә ні бар екенін отырғ андар сонда ғ ана кө реді.

- Папа, мына аузындағ ысы не? – дейді бала.

- Қ ауынның дә ні. Сағ ан рақ мет айтайын деген сыйлығ ын қ абыл ал, - деп ә кесі кү леді.

Қ арлығ аш лып етіп терезе кө зінен ұ шып кетеді. Ал ә лгі дә н еденге ұ шып тү седі.

Содан ә кесі ұ лына дә нді қ ыш тостағ анғ а отырғ ызуғ а кө мектеседі. Кү н жылынғ ан соң ә кесі мен баласы ө скінді бақ шағ а апарып отырғ ызады. Бала ө скінді суарып, кү теді. Кү з болғ анда ә лгі кіп-кішкентай ө скіннен ү п-ү лкен, жұ пар иісі аң қ ығ ан, тә п-тә тті қ ауын ө сіп шығ ады.

- Мұ ндай тә тті қ ауын жеп кө рген емеспіз! – деп мақ тайды жұ рт.

Міне, баланың жақ сылығ ын қ арлығ аш осылай қ айтарғ ан екен.

(328 сө з)

 

 

 

Ұ МАЙ АНА

Есте жоқ ерте заманда, алып Алтай тауын қ оныстанғ ан бір қ ауым жұ рт болыпты. Олар жыныс орманды жамылып, аң аулап кү нелтеді екен. Бір жылы қ ыста кенеттен қ ұ рық бойы қ ар жауып, ауыр апатқ а ұ шырапты. Тек аю терісін жамылып, аң аулап кеткен Аю батыр ғ ана терең тас ү ң гірге тығ ылып аман қ алыпты.

Қ ар тоқ тағ ан соң тас ү ң гірден шық қ ан Аю батыр «тірі қ алғ ан жан бар ма екен» деп жұ тағ ан қ ауымның жұ ртын кезіп келе жатып, кө к бө рінің бір ү лкені қ ар астынан ө лікті қ азып шығ арып жатқ анын кө реді де, «айырып алайын» деп айғ айлап ұ мтылады.

Ол таяп келгенде, кө к бө рі ө лікті тастай салып, кө к сағ ым болып кө кке ұ шып кетеді.

Ақ қ ардың бетінде айдай сұ лу бір қ ыз жатады. Бұ л бө стекке оранғ ан бойы қ ар ү стінде қ алғ ан Айсұ лу атты ару екен. Ол ө кпесі бү лкілдеп, тірі жатыр, оның уыздай денесіне бө рінің тісі тимепті.

Қ уанышы қ ойнына сыймағ ан Аю батыр айдаладан табылғ ан Айсұ луды кө теріп, тас ү ң гірге ә келеді. Бойына жан кіріп, кө зін ашуын кү тіп ұ зақ отырады. Бірақ, ол бейне қ атты ұ йқ ыда жатқ ан адамдай сұ лық жата береді. Кү те-кү те кө сегесі кө геріп, шыдамы таусылғ ан Аю батыр ү ң гірдің аузына шығ ып, айналағ а кө з салады. Қ ұ рық бойы қ ар басқ ан тө рт тө ң ірек тып-типыл, тым-тырыс, жер бетінде қ ыбыр еткен жан жоқ.

Ә бден дағ дарғ ан Аю батыр осыншама қ алың қ арды жауғ ызғ ан кө кке қ арап налиды. Сол сә тте кө к тө сінде ұ шып келе жатқ ан екі қ ұ сты – Ұ май мен Қ ұ майды кө реді. Олар бірте-бірте тө мендеп ұ шып, ү ң гірдің аузында тұ рғ ан Аю батырдың басын сипап ө теді де, екі кесек тас тастап кетеді. Бұ л тастың бірі ақ, енді бірі қ ызыл тас екен. Бұ ғ ан таң данғ ан Аю батыр бұ л екі тасты қ олына алып, бірін-біріне ұ рады. Бұ л шақ пақ тас еді, ұ рылғ анда жарқ етіп ұ шқ ан ұ шқ ын ү ң гірге тығ ылғ ан қ у шө птер мен шірік қ оқ ырғ а тиіп, тұ танып жана бастайды.

Осы кезде ү ң гірге қ ұ с бейнесінде ұ шып кірген Ұ май ақ шашты анағ а айналады да, қ у шө птерді қ ұ шақ тап ә келіп салып, жең імен желпіп, отты маздатып жібереді. Жанғ ан отқ а бойы жылынғ ан Айсұ луғ а ақ ырындап жан кіреді. Ол басын кө теріп, орнынан тұ рып, ө зін ө лімнен қ ұ тқ арғ ан отқ а, от анасы Ұ май иіліп сә лем етеді, сыйынып, алғ ыс айтады. Бұ ғ ан сү йсінген Ұ май ана екі алақ анын отқ а қ ақ тап, Айсұ лудың бетіне басады. Онан соң Айсұ лудың қ олын ә келіп, Аю батырғ а ұ статып: «Енді екеуің бас қ ұ рап, тү тін тү тетіп, ү й болың дар, ө рен-жарандарың кө п болсын! Оттарың ө шпесін!» - деп бата беріп, кө зден ғ айып болады.

(361 сө з)

 

ТҮ ЛКІ МЕН БӨ ДЕНЕ

Тү лкі мен бө дене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қ ызық кө ріпті. Кү ндерде бір кү ні:

- Досым, мені бір кү лдірші, - депті тү лкі.

- Жарайды, кү лдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұ шамын да отырамын, - депті бө дене. Сонымен бө дене ұ шыпты да отырыпты, тү лкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұ зауды ұ стап тұ р екен. Бө дене ұ шып барып, сиыр сауып отырғ ан кемпірдің басына қ она кетіпті. Тү лкі анадай жерде тығ ылып қ арап тұ рыпты. Бө денені кө ре сала:

- Кемпір, кемпір, қ озғ алма! Мен мына тө бең дегі бө денені соғ ып алайын, - депті шал.

- Жарайды. Бірақ қ атты соқ па, - депті кемпір. Шал жерде жатқ ан кү ректі алып, салып қ алғ анда, бө дене ұ ша жө неліпті. Кү рек кемпірдің басына тиіп, кемпір қ ұ лапты. Шелектегі сү ті тө гіліп қ алыпты. Тү лкі ішек-сілесі қ атып кү ліпті.

- Досым, кү лдің бе? - депті бө дене.

- Кү лдім, досым, кү лдім. Разымын, досым, разымын! - депті тү лкі. Кү ндерде бір кү н тү лкі:

- Ал, досым, енді мені бір мық тап тұ рып қ орқ ытшы! - депті.

- Қ атты қ орқ ытайын ба, ашуланбайсың ба? - деп сұ рапты бө дене.

- Жоқ, ашуланбаймын, қ атты қ орқ ыт! - депті тү лкі.

- Жарайды, қ орқ ытайын. Бірақ сен кө зің ді тас қ ылып жұ м. Мен сенің тө бең е қ онып, екі қ анатыммен кө зің ді жабамын. Содан кейін сен жү р де отыр. Оң ғ а десем оң ғ а, солғ а десем солғ а жү р. Қ ашан мен тө бең нен ұ шып: «Кө зің ді аш!» дегенше, ашпа, - депті бө дене.

Сонымен бө дене тү лкінің тө бесіне қ онып, екі қ анатымен кө зін жауыпты. Тү лкі кө зін тас қ ылып жұ мып, бө дененің жү р деген бағ ытына жү ріпті де отырыпты. Осылай жү ріп келеді, жү ріп келеді. Бір кездерде бө дене:

- Аш кө зің ді! - деп, ұ ша жө неліпті. Тү лкі кө зін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аң шығ а таянып қ алғ ан екен. Аң шылар қ ызыл тү лкіні кө ре сала қ иқ улап, куып беріпті. Тү лкі қ ашып беріпті. Ә рі-бері қ ашқ ан соң тү лкінің алдынан қ алың орман кез болыпты. Тү лкі жалт беріп, орманғ а кіріп, ө лдім-талдым деп аң шылардан ә зер қ ұ тылыпты. Бір кезде бө дене келіп:

- Қ алай, досым, қ орық тың ба? - деп сұ рапты.

- Қ орқ ыт - қ орқ ыт дегенде осылай қ орқ ыт деп пе едім?! - деп, тү лкі бө денені бассалып, жемек болыпты. Бө дене тү лкінің аузында тұ рып:

- Досым! Ұ зақ жылдар дос болып, ойнап-кү лдік, талай қ ызық кө рдік. Қ азір мені жегелі тұ рсың. Қ айтем, жесең же! Бірақ осы кү нге дейін аты-жө німізді сұ рап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақ ырғ ы тілегім болсын!

- Атым Маң ғ ыт, еді - депті бө дене. Тү лкі аузын ашып: Маң ғ ыт дей бергенде:

- Аузың а саң ғ ыт! - деп, бө дене ұ ша жө неліпті. Осыдан былай тү лкі мен бө дене достық тан айрылысыпты.

(366 сө з)

 

 

Қ Ұ СТАР НЕГЕ СӨ ЙЛЕЙ АЛМАЙДЫ?

Ерте заманда адамдар мен қ ұ стардың достығ ы мық ты болыпты. Қ ұ стар адамдардың тілін тү сіне алатын болғ ан екен.

Биік тауда бү ркіт ө мір сү ріпті. Бір кү ні бү ркіттің қ арны ашып, аулайтын аң аң дып отырады таудың биік шың ында отырып. Бірақ ештең е табылмайды. Кү ннің кө зі бү ркіттің кө зіне тү сіп, ол ұ йық тап кетіпті. Біраздан соң қ ұ стың қ анатының даусынан оянып кетеді. Қ араса, қ аршығ а жемтігін аулағ ан екен. Сө йтіп келесі бір тө бешікке барып жейін деп жатыр екен. Оны кө рген бү ркіт қ атты ашуланады да қ аршығ а отырғ ан тө бешікке барып, қ аршығ аны шұ қ ып тастауғ а аз қ алады. Қ аршығ а қ орық пастан:

- Бү ркіт, сағ ан не болғ ан дікең деп? Дұ рыстап сұ расаң сағ ан да беремін ғ ой еттен, - дейді. Сонда бү ркіт:

- Мағ ан сенің қ онақ жайлылығ ың керек емес. Жай сенің ө ліп қ алғ ан аң ды қ алай жейтінің ді кө рейін деп келдім, - дейді. Бірақ етті кө ріп кө зі қ ызып барады.

Оның сө зіне қ аршығ а кү леді де:

- Егер бұ л аң ө ліп қ алғ ан болса, онда сен кү ні бойы не қ арап отырдың? - дейді. Бұ л сұ рақ қ а кө ң іл-кү йі тү сіп кеткен бү ркіт:

- Мен бұ л аң ды кө рмедім. Мен бұ ны емес, бір кө зіммен қ оянды, екінші кө зіммен елікті аң дып отырғ ан едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғ ой. Же алдың дағ ы етті, сасып кетпесін, - деп жауап қ айырады.

Бү ркіт пен қ аршығ а бір-бірімен қ атты ұ рысып қ алады. Екеуінің шуын естіп қ алғ ан барлық қ ұ стар жиналады. Қ ұ стар Қ ұ стандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұ рысты шешіп беруі керек болады.

Қ ұ стар шық ылдап, шулап кетеді. Барлығ ының хан болғ ысы келеді. Сол кезде Бү ркіт алғ а шығ ып:

- Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғ ап ұ шатын ешкім жоқ, - дейді. Бірақ оғ ан қ ұ стар келіспей: “Жоқ, керек емес! Сен ө те тә кә ппарсың. Сол себептен де биік қ ұ зда ө мір сү ресің ”, - деп қ арсы болады.

Жарқ анат шығ ып:

- Менің хан болғ ым келеді. Менің қ анатым сендердікіндей жү ннен емес, теріден. Алыстағ ыны естіп қ оямын, - дейді. Бұ ғ ан кө кек келіспей қ ояды:

- Жарқ анаттың хан болуы мү мкін емес. Қ ұ старғ а Қ Ұ СПЫН дейді, аң дарғ а АҢ МЫН дейді. Оның ү стіне тү ні бойы ұ йық тамай ұ шып жү реді де, бізге ұ йқ ы бермейді. Сендер ү шін менен жақ сы хан болмайды. Менің салғ ан ә німмен бү кіл жер беті жә не жасыл желек қ ұ лпырады.

Кө кектің де сө зіне қ ұ стар келіспей қ ояды да, былай дейді: “Кө кек бізге хан болмайды. Ол ө зінің балапандарына қ арамай тастап кетеді”.

Осы кезде қ ұ стар арасында ү лкен айтыс-тартыс туды. Ә рбір қ ұ с ө зін хан қ ылып сайлауды ұ сынды. Қ ұ стар қ атты шулап кетеді. Мұ ны естіп жоғ арыда талдың басында сиқ ыршы қ ара қ арғ а отырады. Ол:

- Ақ ыры бір-бірің мен тіл табыса алмайды екенсің дер, онда сө йлемей-ақ қ ойың дар. Барлығ ының хан болғ ысы келеді, - дейді. Сол кезден бастап қ ұ стар адам сияқ ты сө йлеуден қ алады.

Міне, қ ұ стардың ауызбіршілігі болмағ андық тан, барлығ ы бірдей сө йлей алмай қ алыпты.

(389сө з)

Қ ОҢ ЫР Қ ОНЖЫҚ ЕРТЕГІСІ

Қ оң ыр Қ онжық — енесінің еркесі. Бал жегісі келсе бақ ырып жылайды. Енесі жү гіріп барып бал қ ұ йып береді. Ол ү немі бақ ырып жылап достарына да айтқ анын істетеді. Бір кү ні Қ онжық тар Куаалалармен футбол ойнады. Ерке Қ онжық қ анша тырысса да допты бір рет те тебе алмады. Ол еркелеп, жылап жү ріп футбол ойнауғ а еш машық танбағ ан еді. Қ атты ызаланғ ан Қ онжық отыра қ ап тағ ы да бақ ырып жылады. Бірақ достарының Қ онжық ты жұ батуғ а мұ ршалары болмады. Ө йткені олар ерке Қ онжық қ а алаң даса Куаалалардан жең іліп қ алулары мү мкін еді. Жылай-жылай тамағ ы қ арлық қ а ерке Қ онжық бір кезде орнынан атып тұ рып:

- Мен футбол ойнайтын басқ а достар іздеймін! – деп жү гіре жө нелді.

Ол ү ң гіріне кеп ағ аш бұ тағ ынан екі қ олына екі қ анат пен добын салып алатын сө мке дайындады. Сө йтіп ол ө зімен футбол ойнайтын жақ сы достар іздеп сапарғ а аттанды.

Ұ ша-ұ ша Қ онжық кө зге қ арауытқ ан нә рсе шалынбайтын аппақ ә лемге тап болды. Ол аузын ашып, таң қ алды. Жер жү зін аппақ қ ар тұ мшалап, тұ ншық тырып жатқ андай. Бір кезде аппақ қ ардан бө лініп шық андай қ ардай аппақ Қ онжық кездесті. Тек екі кө зі мен мұ рны ғ ана қ ап-қ ара. Таң данысын жасыра алмағ ан ерке Қ онжық:

- Сен қ алай аппақ болып кеткенсің? – деп сұ рады.

- Мен ақ Аюдың Қ онжығ ымын. Біздер Арктикада ғ ана ө мір сү реміз. Сондық тан тү сіміз ақ, – деп жауап берді.

- Мен футбол ойнайтын дос іздеп жү рмін, – деді ерке Қ онжық.

- О, онда екеуміз дос болайық. Мен сағ ан футболдан да қ ызық ойын кө рсетейін, – деп ақ Қ онжық досының қ олынан шап беріп ұ стап алып асығ ыс суғ а қ арай дедектетіп жү гіре жө нелді.

Сол екпінмін екі Қ онжық суғ а кү мп етіп тү сіп кетті. Су ө те салқ ын еді. Ақ Қ онжық суғ а Итбалық тан кем сү ң гімейді екен. Суғ а бір батып, бір шығ ып, қ оң ыр Қ онжық ты да суғ а батырып ойнақ тай бастады. Суғ а тұ ншығ ып, ә рі тісі-тісіне тимей сақ ылдап тоң ғ ан Қ онжық судан ә рең дегенде шығ ып:

- Досым, мені суғ а батырма. Мен жү зе алмаймын, ә рі бұ л жер ө те салқ ын екен, – деді жыламсырап.

Ішек-сілесі қ ата кү лген ақ Қ онжық ерке Қ онжық ты тағ ы да суғ а сү ң гітіп жіберді. Сол сә т су беті тынышталып, қ оң ыр Қ онжық тан белгі болмай қ алды. Қ орқ ып кеткен ақ Қ онжық суғ а қ ойып кетіп алаң сыз батып бара жатқ ан досын жағ ағ а алып шық ты. Қ оң ыр Қ онжық тың Арктика секілді суық жерде ө мір сү ре алмайтынын тү сінген ақ Қ онжық оғ ан қ анатын кигізіп, беліне добын байлап шығ арып салды.

Бірте-бірте аппақ ә лемнің де шеті кө рінді. Жер кө геріп, бойы жылығ ан Қ онжық дем алу ү шін кө л жағ асына қ онды. Кенет ол кө л бетінен бір қ айық ты кө рді. Ү стінде капитан секілді біреу қ асқ айып қ арап келе жатыр екен. Жақ ындай келе Қ онжық ө з кө зіне ө зі сенбеді. Қ айық дегені – Бегемот, капитан дегені – Бегемоттың бұ зауы екен.

Жағ алаудан Қ онжық ты кездестірген Бегемот таң данысын жасыра алмай:

- Қ оң ыр Қ онжық, бұ л жерге қ айдан тап болдың? – деп сұ рады.

- Мен футбол ойнайтын дос іздеп келем, – деді Қ онжық.

- Мен де футбол ойынын ү йренсем деп жү ргенмін. Кел екеуміз ойнайық, – деді Бегемот қ уанып.

Бірақ Бегемет футбол ойнауғ а ерке Қ онжық тан да икемсіз боп шық ты. Тіпті дә л алдында тұ рғ ан допты тебуге қ ысқ а аяқ тары жетпеді. Бегемотқ а футбол ойынын ү йретем деп ә бден кү йіп-піскен Қ онжық:

- Ештең еге икемі жоқ қ олапайсыз, жексұ рын екенсің ө зің, – деді ашудан дір-дір етіп.

- Футбол ойнауғ а икемім болмаса да, сенен жаман сө з естіп тұ ра алмаймын! – деп айқ айлағ ан Бегемот оны дә у тұ мсығ ымен бір соқ ты. Қ онжық есінен танып қ алды. Сә лден соң есін жиғ ан Қ онжық Бегемотты кө ріп алды-артына қ арамай қ аша жө нелді.

Ол тағ ы ұ шып келеді. Алдынан тал-терегі жайқ алғ ан ә демі жер кө рінді. Қ онжық еш ойланбастан сол жерге кеп қ онды. Ол бұ л алқ аптың табиғ атының кереметтігіне қ уанғ аннан қ анатын лақ тырып жіберіп еді, қ ос қ анат сол маң да қ алың ішіне кіріп алып жусап жатқ ан Мү йізтұ мсық тың басына тү сті. Ашуланғ ан ол қ арқ ырағ ан ащы дауыс шығ арып Қ онжық қ а қ арай тұ ра шапты. Аса зор мү йізін кезеніп, жер жаһ анды дү рсілдетіп келе жатқ ан Мү йізтұ мсық тан қ ашам деп шегіне берген Қ онжық ірі бір талдың сояудай тамырына соқ тығ ып шалқ асынан тү сті. Сол сә т дә у хайуан тура жанынан заулап ө те шық ты.

- Уһ! – деп Қ онжық бір демін алды.

Енді оның дос іздеуге мү лдем кө ң іл-кү йі соқ пады. Ескі достарын қ атты сағ ынып кетті. Еркелікті қ ойып, ү немі солармен бірге болуды ойлады. Кенет қ ұ лағ ына сондай бір нә зік, ү зіліп тұ рғ ан ә демі ә уен естілді. Ескі достырына деген сағ ынышы лезде басылып ә демі дауысқ а елтіп, солай қ арай жү ре берді. Бірте-бірте дауыс ө те жақ ын жерден естілді. Дауыс ағ аш басынан шығ ып тұ р. Ол ө рмелеп ағ ашқ а шық ты. Қ ол созым жерде бұ л іздеген досы ә дейі дауыстап шақ ырып тұ рғ андай боп кетті. Бір ғ ана жапырақ оның сұ лу тү рін жасырып тұ рғ андай қ ол соза беріп еді, тағ ы да аяқ астынан кү тпеген жағ дай болды. Ә лгі дауыс біреу қ ұ йрығ ын байқ аусызда басып кеткен мысық ша баж ете тү сті. Шошып кеткен Қ онжық талдан домалай қ ұ лап тү сті. Ол жерде тұ рып:

- Сен кімсің? – деп сыбырлады.

Жапырақ арасынан біреу:

- Мен Мысық торғ аймын, – деп жауап берді.

- Ә лгі ә демі дауыс сенікі ме? – деді Қ онжық.

- Иә, менікі, – деді дауыс.

- Ал, соң ғ ы ащы дауыс ше? – деді Қ онжық дауысы жә й шығ ып.

- Ол да менің дауысым, – деп жауап беріп еді, Қ онжық тың кө ң іл-кү йі тү сіп кетті. Қ атты қ апаланды. Қ иналды. Тұ рып-тұ рып қ анатына қ арай жү гіре жө нелді. Ол ұ шып бара жатып, бар ә лемге естірте:

- Ө зімнің ескі достарыма барам! Олардан артық дос жер бетінде жоқ екен! – деп айқ ай салды.

Ә дина Ә бдіқ айқ ызы

(674 сө з)

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒ АН Ә ДЕБИЕТТЕР:

 

1. Қ Р БМ Ы.Алтынсарин атындағ ы ұ лттық білім беру академиясы ұ сынғ ан ә дебиеттік оқ у бағ дарламасы (2-4 сыныптар ү шін);

2. Қ Р БМ Ы.Алтынсарин атындағ ы ұ лттық білім беру академиясы ұ сынғ ан сауат ашу оқ у бағ дарламасы (1-сыныптар ү шін);

3. 300 учебных текстов, проверочных работ и тестов по чтению для начальной школы. Тикунова Л.И., Игнатьева Т.В. Москва «Дрофа» - 2000;

4. Ө негелі ертегілер. Қ азақ ертегілерінің антологиясы. Алматы: «Аруна» баспасы – 2007ж.

5. Дайындауыш немесе қ азақ тілінен 55 сабақ. Шымкент «ШИКУЛА жә не К» - 2007ж.

6. Менің алғ ашқ ы ә ліппем. «Алматыкітап»ЖШС, 2006ж;

7. Атамекен сиқ ырлы елінің аң ыздары. «Шикула», 2006ж.

8. Ә жемнің ертегілері. «Аруна Ltd» ЖШС – 2007ж.

9. Жануарлар туралы ертегілер. «Аруна Ltd» ЖШС


[1] Ожар – одыр, ұ рда-жық.

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.086 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал