Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ КЕСТЕЛІ ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ

 

Профессор Шериаздан Елеукеновтің: «Ә дебиет идеясы ө мірден туындайды. Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дү ниетанымына сә йкес қ ұ йылады, саяси, философиялық, эстетикалық тұ рғ ысына қ арай ө ріледі. Тілі ғ ана пайдалы, басқ асының мә ні жоқ деуге келмейді. Ә дебиеттің бір ғ ана таптың меншіктеуіне кө не бермейтіні кө ркем идеяның тек саяси кө зқ арастан туындамайтындығ ында болса керек», [1.б.5]-деген ойы поэзия ә лемінде айрық ша із қ алдырғ ан ө зіндік ү лкен ө нер, ө рнек тудырғ ан, терең сырғ а, ұ шқ ыр қ иялғ а толы ө лең дү ниесін кейінгіге аманат еткен Мағ жан Жұ мабаев шығ армаларын талдауғ а мұ рындық болғ андай.

«Мағ жан ө з тегін де, ө з жерін де ардақ таумен ө ткен, ө мірдегі азаматтық орнын ардақ тауғ а ұ мтылғ ан, ө лең сө зді асыл маржандай терген, сұ лу жырымен оқ ырман жү регін баурағ ан, ал ө зі болса, ө не бойы қ апаста, қ айғ ы мен қ асіретте ө мір кешіп, ақ ырында мү лт кеткен, ө зі айтатындай, соры арылмағ ан халқ ының зарлы перзенті», [2.б.135].

Сө з қ ұ діретінің сырын ашып, ө з ө лең дерінде кө ркемдегіш қ ұ ралдарды орынды да, ұ тымды пайдаланып, сө з саптау шеберлігін танытқ ан ақ ын «Ә рбір ірі жазушының шеберлігінің ө згешелігі кө біне-кө п оның шығ армасынан кө рінеді». «Кө ркемдік дегеніміз ә рбір сө здің орынды қ олданылуының ғ ана емес, ө те қ ажеттілікпен, зә рулікпен қ олданудың белгісі жә не сө з дегенің мү мкін болғ анша аз жұ мсалуы керек», [1.б.65]-деген небір ғ алымдардың ойын дә лелдегендей.

Мағ жанның шығ армаларындағ ы айқ ындауыш бейнелі сө здерге кө з жү гіртсек суреткердің идеясынан туып, сө з арқ ылы берілген не бір ойдың кө рінісін аң ғ арасыз. Сө здердің рең ін кіргізіп, ажарлап, кө ркемдік жасап ү йлесімге келтіруінің ө зі бірнеше тү рлі тә сілдер арқ ылы берілгендігінің куә гері боласыз. Ә сіресе кө ркем шығ армада қ олданылатын кө ркемдегіш қ ұ ралдың бірі, заттың не қ ұ былыстың айрық ша сипатын, сапасын анық тайтын бейнелі сө з– эпитетті пайдаланудағ ы шеберлігі оқ ырман кө ң ілін еріксіз баурап ә кетеді. Эпитетсіз тіпті айтарың ды анық тау, суреттеп отырғ ан нә рсең ді нақ тылау мү мкін емес екендігін тө мендегі жолдар арқ ылы мойындатады.

Сібірдегі қ аратү нек кезінде жазылғ ан «Бостандық» атты ө лең і арқ ылы осынау дә уірдегі қ атыгез ақ иқ ат сырын ашына суреттеген ақ ын:

...Кө к есігі ашылды,

Жұ мақ нұ ры шашылды.

Келді ұ шып бостандық

Ғ арыш нұ рлы жү зі бар,

Кә усар жібек сө зі бар,

Ә демі, алмас ақ қ анат, [3.б.75]-деп кө рсетіп, алайда «Жұ мақ тан қ уылғ ан адамзат» шамалы рахат, қ ызық тың ө зін артық санайтындығ ын аң ғ артса. Халық тың асығ а кү ткен таң ын, бостандығ ын: «Ғ арыш нұ рлы жү зді», «Кә усар жібек сө зді», «Ә демі, алмас ақ қ анат» бостандық деп бірнеше тізбектелген эпитеттер арқ ылы ойын нақ тылай тү скендігін байқ атады.

Ал, енді бірде:

Қ ыбырлағ ан қ оң ыздар,

Қ орсылдағ ан доң ыздар

Кө ктен келген қ онақ қ а

Тілін, қ олын тигізді.

«Сасық сайтан» дегізді

Жауыздық тағ ы ө рледі

Ізгі елшісі жұ мақ тың

Қ асиетті қ онақ тың

Ақ қ анаты кірледі, [3.б.76]-деген ақ ын жер бетіндегі кү йкі, арамза пенделерді «қ ыбырлағ ан қ оң ыздар» мен «қ орсылдағ ан доң ыздарғ а» балап, олардың ө ң бейтін жаман пиғ ылды іс- ә рекетіне «жұ мақ тың» «ізгі елшісі» - бостандық кінә лі ме? -деген сауалдарды қ оя отырып, азаттық ұ ғ ымы терең аллегориялық ә рі философиялық мағ ынағ а кө шеді. Оқ ырман назарын бостандық «жұ мақ тың ө зі емес, «ізгі де болса елшісі» ғ ана екеніне аудартады. Екі аяқ тылардың арасындағ ы имансыздардан қ орлық сө з естіп, «ақ қ анаты кірлеген», «ізгі періште» - бостандық қ айта ұ шуғ а даяр тұ рғ андығ ын ашып кө рсетеді.

«Елім» деп ең іреп, ә ділеттік жолда жалынды жырын жалау еткені ү шін тарихтың «ақ таң дақ» бетінен орын алғ ан сө з шеберінің ө релі ойының терең иірімдерінен тамаша суретті сө здер ө ріледі. «Тү ркістан», «Ескі Тү ркістан», «Орал», «Кө кшетау» атты ө лең дері арқ ылы сү йікті оқ ырмандарын елін, жерін сү юге баулиды. Туғ ан ұ лтын, халқ ын сү юі тү бі бір туысқ ан жұ ртты туысқ ан тартумен сабақ тас қ ұ былыс болғ анын «Тұ ранның бір бауырында», «Қ ырғ ыз, қ азақ қ а», «Еділде», «Алатау» атты жырларынан аң ғ артады.

Оның ақ нө сердей тө гілген жыр жолдарында ө зіндік ө мір ө лшемдері, тү йінді, тұ ғ ырлы таным дү ниесі кестелі ө рнекпен нақ тыланып, даралық сипатқ а ие болып тұ рады.

 

«Кө кшетау» ө лең інде:

Аспанменен тірескен

Тә ң іріменен тілдескен

Кө кшетауым біп-биік

Қ ою қ ара кө к бұ лт

Жайнап, ойнап, қ ұ лпырып

Кө кшетауды тұ р сү йіп, [3.б.159]-делінген жолдардың бү лікке шақ ырғ ан, ел бірлігіне қ ас кө ң іл емес, шығ ыс, қ азақ тарихына тә н биік белестерді еске алу, бұ қ араны рухани азаттық қ а ү ндеу рухымен тө ркіндес ниетінен туғ андығ ын айтса. «Аспанменен тірескен Кө кшетау», «Тә ң іріменен тілдескен Кө кшетау», «Қ ою қ ара кө к бұ лт» деген айқ ындаулар ө лең ө рісін кең ейтуде ерекше қ ызмет атқ арып тұ рғ андығ ын кө рсетеді. Ө з мысалдарында бұ рыннан айтылып келе жатқ ан эпитеттерді қ айталамай ө зінше ізденіп, жаң аша мазмұ нда айқ ындаудың ә р тү рін жырларында шеберлікпен орынды қ олданғ андығ ын, олар арқ ылы адамның кө ркем образын жасағ андығ ын байқ атады. Ақ ынның қ иыннан қ иыстырып қ олданып отырғ ан айқ ындаулары ө зі жырғ а қ осып отырғ ан объектіні, ө мір қ ұ былыстарын бейнелі оймен бере білу жағ ынан басқ а суреткерлерден ерекшеленеді.

Ә деби тілге ү стеме мағ ына беріп, оның кө ркіне кө рік қ осатын, сол арқ ылы ә деби тілге ү стеме мағ ына беріп, шығ армашылық мазмұ нын қ ұ нарландырып, пішінін ажарландыратын кө ркемдеу қ ұ ралдарының бірі – тең еуді ө з шығ армасында талғ ампаздық пен пайдалана білген ақ ын «Еділде» атты ө лең інде:

Бү ктеліп жатқ ан бел,

Сү тке тойғ ан марқ адай

Бұ йра қ ою қ арағ ай,

Белге біткен шалқ алай.

Су жеп қ ойғ ан жұ мыр тас

Тү йір-тү йір малтадай,

Арнада ө зен қ ылық ты

Қ ылмың дағ ан қ алқ атай, [3.б.235]-деп келтіріп, халық тілінде қ алыптасқ ан, кейде балаларғ а қ аратылып, кейде «тойғ ан қ озыдай томпиып отырсың ғ ой» деп ү лкен адамдарғ а да қ аратып айтылатын «Сү тке тойғ ан қ озыдай» деген тең еуді қ олданудағ ы шеберлігін танытса, қ азақ тың ұ лттық тағ амының бірі қ ұ рт болса, сол қ ұ рттың езілмейтін малта тү рі су ағ ысымен екшелген жұ мырланғ ан тасқ а баланатындығ ын аң ғ артады. Табиғ аттың манаурап жатқ ан бейнесін суреттеу ү шін қ олданғ ан «марқ адай» тең еуі ө зінің тапқ ырлығ ының жемісі екендігін кө рсетеді. Ал, ө зеннің арнасынан асып, бұ лық сып ағ уын, жігіт алдында ә ртү рлі ерке қ ылық тар кө рсеткен қ ыздың мінезіне балап, оқ ырманына ө зеннің ағ ысын қ ыздың «қ ылмың дағ ан» ә рекетімен ойша салыстыру мү мкіншілігін береді.

«... Жазушы заттың не қ ұ былыстың ерекше белгілерін атап кө рсетпей –ақ оны басқ а затпен, қ ұ былыспен салыстыру арқ ылы шығ армасының мазмұ нын қ ұ нарландырып, пішінін ажарландыратын кө ркемдеу қ ұ ралдардың бірі - тең еу», [4.б.227]-дегендегі академик Зейнолла Қ абдоловтың сө зін еріксіз еске тү сіреді.

" Адам тағ дырын тә рбие шешеді, тә рбие қ ұ ралы-сө з", [5.б.2]-деп заманымыздың белгілі ақ ыны Олжас Сү лейменов айтқ анындай жастарды тә рбиелеуде сө здің қ ұ діретті кү шін пайдаланудың маң ызы зор екендігін сезінген ақ ын ө негелі, ө релі асыл сө здерін кейінгі ұ рпақ қ а сыйлайды.

Егемен еліміздің ертең гі қ ызметін атқ арар лайық ты тұ лғ а - ол жастар екенін ескеріп, «Мен жастарғ а сенемін» ө лең інде елдің қ алыптасуына жастардан ү лкен ү міт кү тіп, аманат сенім артатындығ ын ағ артады.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қ айратты

Қ ырандай кү шті қ анатты

Мен жастарғ а сенемін

Кө здерінде от ойнар,

Сө здерінде жалын бар,

Жаннан қ ымбат оларғ а

Мен жастарғ а сенемін, [3.б.35]-деген Мағ жан жастардың ерік- жігерін, кү ш- қ айратын «аң патшасы арыстанғ а», «қ айратты жолбарысқ а», «ақ иық қ ыран қ ұ сқ а» балайды. Ө зінің шығ армасында қ олданыс тапқ ан тең еулердің сан тү рлі болып келетіндегін

«Алатау» ө лең індегі:

Кө п жылдар желдей заулап есті ме екен,

Алатау ө сті ме екен, ө шті ме екен?!

Қ ияның қ ыранындай қ айсар елдің

Басынан кү ң гірт кө шті ме екен?

Шың дары арысымен араласқ ан,

Тә ң ірі тақ қ ылғ андай тарғ ыл тастан

Кү ң іреніп қ оң ыраулы қ ара нардай

Қ ап-қ ара қ орғ асындай бұ лты басқ ан, [3.б.209]-деген жолдарда кездесетін дай-жұ рнағ ы арқ ылы жасалғ ан «желдей», «қ ияның қ ыранындай», «қ ап-қ ара қ орғ асындай», «қ ара нардай» эпитетті тең еулер арқ ылы кө рсетеді. Ә деби тілге ү стеме мағ ына беріп, оның кө ркіне кө рік қ осатын, сол арқ ылы ә деби шығ арманың мазмұ нын қ ұ нарландырып, пішінін ажарландыратын кө ркемдеу қ ұ ралдарының бірі тең еуді ақ ын ө з шығ армаларында шеберлікпен қ олданып заттың, қ ұ былыстың ерекше белгілерін кө рсетпей ақ, басқ а заттармен, қ ұ былыстармен салыстыра бейнелегендігін байқ атады.

Академик З. Ахметовтың «Жасалу қ алпына қ арай тең еулердің сан тү рлі болып келетіні байқ алады. Бірде тең еу екі нә рсені тұ тас алып салыстыру арқ ылы жасалса, енді бірде айтылып отырғ ан нә рсенің бір сипатын, белгісін, тү сін, дыбыс ү нін, тағ ы басқ адай жеке ерекшелігін ө зге нә рсемен салыстырып, бейнелеу негізінде туады. Сонымен қ атар бір нә рсені басқ а нә рсемен қ имыл қ озғ алысындағ ы ұ қ састық ты тірек етіп салыстыру жолымен жасалғ ан тең еулер де жиі кездеседі», - дегендегі ойын нақ тылайды.

Ақ ынның қ ай шығ армасын алсақ та сө йлеу ө неріміздің барлық саласынан бой кө рсететін, сө з мә нін ө ң дендіріп, ажарландырып мазмұ нын терең дететін жалпы тілдік категория, сө зді астарлай қ олдана білуінің шеберлігін танимыз.

Мә селен: Ө мір – дала, ақ ын – бала қ аң ғ ырғ ан,

Жан сусынын кө з жасымнан қ андырғ ан

Ақ ын – бө бек, ө мір – кө бік, тылсым- ды,

Ойнап, арбап, бө бекті естен тандырғ ан, [3.б.198]-дейтін шумақ пен басталып, аяқ талатын «Берниязғ а» атты ө лең інде бұ рын ө зіне қ атысты қ олданылатын метафора жаң аша тү леп, асыл махаббат жолында қ ұ рбан болатын жалын жастың елден оқ шау бітімін даралауғ а қ ызмет ететіндігін. «Ақ ын – бала», «ақ ын – бө бек» деп балағ а, бө бекке балайтындығ ын кө рсетсе.

«Ө ткен кү н» атты ө лең індегі:

Ө ткенді ойлап қ айғ ырма.

Ә р кә малғ а бір зауал

Ежелден болмақ емес пе?

Ескіше тұ рып егеспе

Заман – тү лкі, тазы бол,

Базарма дү кен қ ұ р енді. [3.б.39]-деген жолдар арқ ылы ауыстыруды ұ тымды пайдалана білгендігін аң ғ артады. Заманды тү лкімен жай ғ ана салыстырып қ оймай, заман қ у болса жә не де заманның ағ ымы тез болса, сен одан да тез бол, - деген ақ ылын айтады. «Заманың тү лкі болса, Тазы болып шал», - деген қ азақ мақ алын еске салады.

Ғ алым Қ ажым Жұ малиевтің «Қ азақ ә дебиеті мә селелері жә не Абай поэзиясының тілі» атты ең бегінде айтылғ ан: «Метафора тіл табиғ атында терең тамыр жайғ ан сө йлеу ө неріміздің барлық саласынан бой кө рсететін жалпы тілдік категория, сө зді астарлай қ олдану» дегендегі пікірін мойындатады.

Мағ жан Жұ мабаев ө з шығ армашылығ ында қ айталаудың небір тү рлерін жан-жақ ты, ә рі ө те ә семдікпен пайдаланылғ ан.

«Пайғ амбар» ө лең інде:

Қ ап-қ ара тү н. Шегір кө зді жындар жү р.

Қ ап-қ ара тү н. Қ айғ ы мен қ ан ойнап тұ р

Қ айғ ы менен қ ара қ анғ а тұ ншығ ып,

Тү н баласы ауыр ойлар ойлап тұ р.

Қ ап-қ ара тү н. Уақ ыт ауыр кү теді,

Ой артынан ойлар келіп кү теді

Тү н баласы кө р кө зінен жас тө гіп,

Кү ншығ ыстан бір пайғ амбар кү теді.[3.б.14]-дегендегі ол, дыбыс ү ндестігіне негізделген туындыдағ ы ә депкі қ айталаулар арқ ылы ө лең нің ә семдігін, ә серлілігімен қ атар, ө лең нің композициялық қ ұ рылысын ерекшелеп оқ ырман кө ң ілін баулыса.

«От» ө лең індегі:

Ө зім – кү нмін, ө зім – от,

Сө зім – қ ысық, кө зім де – от.

Ө зіме-ө зім табынам

Жерде жалғ ыз тә ң ірі – от

Оттан басқ а тә ң ірі жоқ. [3.б.12]-деп кезекті қ айталаулар арқ ылы сө з екпінін ә рбір ой ағ ымының аяқ жағ ындағ ы «от» деген сө зге тү сіріп, оттың жалыны - ақ ын жү регіндегі шабыттың екпіні екендігін тү сіндіреді.

«Ә йел» ө лең інде:

Жерде жалғ ыз зарығ ып,

Жұ мағ ын кө кте сағ ынып,

Жылады баспай ө ксігін

Жасты кө ріп жаратқ ан. [3.б.133]-деп қ азақ тың халық поэзиясындағ ы аллитерация мен ассонанс сияқ ты дыбыс бірлестігін ұ тымды пайдаланғ андығ ын танытса.

«Ой» ө лең інде:

Ой деген у – ауызғ а алсаң қ андырар.

Ой деген у – жанды есінен тандырар

Ой деген у – ішсең мас боласың

Ой деген у – ішесің де соласың [3.б.183]-деген жолдардан аллитерация мен ассонанс тә сілін пайдалану арқ ылы ө лең нің мазмұ ны мен мә нін келтіріп тұ рғ андығ ын, керемет дыбыс ә уезділігін жасағ андығ ын кө рсетеді.

Ал, «Жел» атты ө лең інде:

Жел – тым тентек бір бала,

Жан сү йгені – сар дала

Дамыл алмай жү гірер,

Ерні ө тірік қ ыбырлап,

Сыр айтқ ан боп сыбырлап,

Кейде ө гіз боп ө кірер.

Желге ешнә рсе тең келмес,

Тау да жолын бө гемес,

Сақ -сақ кү ліп секірер.

Жү йрік желім кім сотқ ар.

Біреу бетін жапса егер

Ә дейі бетке тү кірер. [3.б.148]-деп, кейіптеу тә сілі арқ ылы жансыз «жел» бейнесін жанды, тірі адамғ а айналдырып, бірде ерке балаша «дамыл алмай жү гіртіп», «ернін ө тірік қ ыбырлатып», «сыр айтқ ан болып сыбырлатып», бірде «сақ -сақ кү лдіріп», «жорғ алай басып жү гіртіп»қ ояды. Яғ ни, ақ ын беймаза желді қ ұ дды тірі кісідей қ ұ былтып, оғ ан қ ызық -қ ызық қ ылық тар жасату арқ ылы ө зі суреттеп отырғ ан шындық қ а тағ ы бір тың шырай береді, шынайы сыр дарытады.

Қ орыта келгенде, Мағ жан Жұ мабаев – қ азақ поэзиясында жарқ ын жырларымен от шашып, ө шпес із қ алдырғ ан тұ лғ а. Кө ркем сө збен кө рікті ө лең дерді ә дебиетіміздің ә леміне сыйлағ ан ерек жан.

ХХ ғ асыр алып тұ лғ аларының шығ армашылық тағ дырын зерттеуші, академик Рымғ али Нұ рғ алидың сө зімен айтсақ: «Мағ жан поэзиясы мә ң гі ө лмес, ұ рпақ тан-ұ рпақ қ а жалғ асар алтын кө пір, асыл қ азына, інжу- маржаны махаббат, сү йіспеншілік, ғ ашық тық стихиясының сан алуан тылсым, жұ мбақ кү йлерін шерткен, терең ақ ындық шабыттан толқ ып туғ ан, адам жү регінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген, ішкі мазмұ ны мен тү р кестесі жымдаса ұ ласқ ан, ық шам, жинақ ы, жұ п-жұ мыр жауһ ар дү ние», [5.б.93].

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мағжан дүниетанымы | Мағжан Жұмабаев
Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.018 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал