Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мағжан Жұмабаев

(1893-1938)

 

Мағ жан Жұ мабаев поэзия ә леміндегі жарық жұ лдыз, қ айталанбас қ ұ былыс. Оның қ уатты, бойғ а жігер, жү рекке от беретін рухты ү ні, ізденістері мен жаң ашылдығ ы қ азақ ә дебиетін ХХ ғ асырдың басында-ақ Еуропа, орыс ә дебиетінің биік дең гейіне кө терді. «Ө лең ді музыкағ а айналдырғ ан, дыбыстан сурет тұ рғ ызғ ан, сө зге жан бітірген, жаң а ө лшеулер шығ арғ ан» Мағ жанның осындай қ асиеттерін, ішкі шығ армашылық қ ұ діретін жұ рттан бұ рын байқ ағ ан ә рі аса жоғ ары бағ алағ ан Мұ хтар Ә уезов: «Мағ жан мә дениеті зор ақ ын. Сыртқ ы кестенің келісімі мен кү йшілдігіне қ арағ анда, бұ л бір заманның тегінен асқ андай, сезімі жетілмеген қ азақ қ ауымынан ертерек шық қ андай… Сондық тан бү гінгі кү ннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұ рып, артқ ы кү нге анық қ алуғ а жарайтын сө з – Мағ жанның сө зі. Одан басқ амыздың бә ріміздікі кү мә нді, ө те сенімсіз деп білемін» деп жазды.

Мағ жанды сү йетін, еуропалығ ын, жарқ ырағ ан, ә шекейін сү йетін Мұ хтар Ә уезовтің ө з ойын осылай Мағ жан қ уғ ын-сү ргінге ұ шырап жү рген кезде ашық айтуы, бұ л – Мағ жанның шығ армашылығ ына берілген бағ а, ө сер елдің баласының сө зі ғ ана емес, азапты жолда жү рген ақ ынғ а ашық тан-ашық ара тү су, ө з басын оқ қ а байлағ анмен бірдей нағ ыз ерлік еді! Мұ хтар Ә уезов оғ ан саналы тү рде барды. Ө йткені олар ел тарихындағ ы ең бір жойқ ын да кү рделі кезең де тарихи-ә леуметтік қ ұ былысқ а сыншыл кө збен қ арап, ө зінше бағ а берген, ұ лт бостандығ ы мен тә уелсіздгі жолындағ ы кү ресте білек біріктірген тағ дырлас жандар-тын. Мұ хтар Ә уезов Мағ жан қ аламынан шық қ ан туындыларғ а ә ркез зер салып жү реді, «Алқ а» бағ дарламасымен де алғ ашқ ылардың бірі болып танысады. «Бағ дарламаның кең естік идеологияғ а қ арай икемделіп жазылғ анын Мұ хтар аң ғ армады емес. Мұ ны солшыл бағ ытта жазылғ ан деп тү йіндеуінен байқ аймыз. Негізінен ол бағ дарламаны мақ ұ лдап, нақ ты ә рекетке кө шу керектігін айтып, Мағ жанғ а жауап хат жолдайды». (Ш. Елеукенов «Мағ жан мен Мұ хтар», «Жұ лдыз», 1997 ж.№10, 112б.).

Мағ жанның бұ л ең бегінің М. Ә уезовтің қ олына тиюі де қ ызық. Мағ жан қ олмен кө шіріліп кө бейтілген санаулы ғ ана «Алқ а» бағ дарламасының бір данасын Мұ хтарғ а ө зі тапсырады. Бұ л да оның Мұ хтарды бағ алағ андығ ының, оғ ан деген ық ыласы мен сенімінің ерекше болғ андығ ының кө рінісі деп тү сінуіміз керек.

Осы екі ұ лы қ аламгердің шығ армашылығ ындағ ы тағ ы бір тоғ ысуғ а назар аударайық шы. Мағ жан «Ертегі», «Оқ жетпестің қ иясында» дастандарында Кенесары ханның тұ лғ асын сомдаса, даналығ ын, даралығ ын, алғ ырлығ ын, кемең герлігін жырласа, Мұ хтар «Хан Кене» атты пьеса жазып, оның болмыс-бітімін, ел тарихындағ ы ролін аша тү сті. Олардың пайымдауынша, хан Кененің тағ дыры ХХ ғ асырдың басындағ ы қ азақ халқ ының қ асіретімен тығ ыз сабақ тас, ү ндес. Осылай қ ос арыс қ азақ ты қ алың ө рттен қ айтсем қ ұ тқ арам деген тілек ү шін жанын қ ұ рбан етуге даяр Кең есарыны биікке кө теріп қ ана қ оймайды, империялық санағ а, бодандық санағ а қ арсы кү ресте бірлесіп шеп қ ұ рады.

«Мағ жан-ақ ынның ақ ыны». Содан да оның жырларын талдауғ а шеберлігін сынауғ а екінің бірінің жү регі дауаламағ ан, бі­лімі, кү ші жете бермеген. Бұ ғ ан қ асы мен досы қ атар жү рген кезде де ешкім уә ж айта алмағ ан. Қ азақ тың белгілі ағ артушысы Жү сіпбек Аймауытов 1923 жылы Ташкентте оқ ып жү рген қ азақ студенттерінің алдында жасағ ан баяндамасында Мағ жан сыршылдығ ымен, суретшілдігімен, сө зге еркіндігімен, тапқ ырлығ ымен, маржандай тізілген, торғ ындай ү лбіреген нә зік ү нді кү йімен, шерлі, мұ ң ды зарымен кү шті екенін айта келіп, «Мағ жан – алдымен сыршыл ақ ын. Мағ жан сө зіндей тілге жұ мсақ, жү рекке тиетін ү лбіреген нә зік ә уез қ азақ тың бұ рынғ ы ақ ындарында болғ ан емес. Мағ жан не жазса да сырлы, кө ркем, сә нді жазады. Оқ ушының жү регіне ә сер бере алмайтын қ ұ рғ ақ ө лең ді, жабайы жырды Мағ жаннан таба алмайсыз» – дейді, Мағ жанды Пушкинге тең ейді. Осы арада орыс халқ ының ү лкен ақ ыны, ғ алым В. Я. Брюсовқ а телініп жү рген «Мағ жан – қ азақ тың Пушкині» деген сө здердің нағ ыз авторы кім екенін айыруғ а болатын сияқ ты.

Солтү стік Қ азақ стан облыстық мемлекеттік мұ рағ атындағ ы Мағ жан Жұ мабаевқ а қ атысты қ ұ жаттардың арасында оның ө зі тапсырғ ан ө мірбаян парақ шалары да бар. Біріншісін Мағ жан 1923 жылғ ы 12 желтоқ санда Мә скеудегі жоғ ары кө ркем ә дебиет институтына қ абылданғ анда толтырады. Туғ ан жері, тұ рағ ы, қ айда, қ андай білім алғ аны, отбасы туралы қ ысқ а да нұ сқ а деректер: жоғ ары оқ у орнына тү скенге дейін Омбыдағ ы мұ ғ алімдер даярлайтын семинарияда оқ ығ ан, мектепте мұ ғ алім, газетте редактор болғ ан, ү йленген.

Ал екінші парақ ша бертінге дейін Петропавл педагогика техникумының мұ рағ атында сақ талып келді, тапсырылғ ан уақ ыты 1927 жылғ ы 1 қ ыркү йек деп кө рсетілген. Мұ нда Мағ жан 1925 жылы ә дебиет институтын тә мамдағ анын, он жыл ең бек ө тілі бар екенін, қ азақ тілінен сабақ беретінін жазады. Мағ жан бұ л кезде:

Кү ннен туғ ан баламын,

Жарқ ыраймын, жанамын.

Кү нге ғ ана бағ ынам! –

деп ө зінің туғ ан ұ лтының аспандағ ы Айы, кө гіндегі Кү ні, ә мсе ақ ыл-ойының, парасатының ө лшемі, асқ ар биігі, мақ танышы, тағ зым етер тұ лғ асы болуғ а ұ мтылысын танытып ү лгерген дауылпаздың нақ ө зі еді.

Мағ жанның дарыны ерте ашылды. Бозбала шағ ында балғ ын ү німен, сырлы да сұ лу жырымен баршаны баурап, Ғ.Ибрагимов сияқ ты ү лкен тұ лғ аның назарына іліккен ақ ын орда бұ зар отызында қ иянғ а сермеген қ анаты талмайтын қ ыран екенін шын танытты. Алда оны не кү тіп тұ р еді? Басқ алар тонды кең пішкенмен Мағ жанның ө зінің оғ ан терең бойлап, алаң дамағ аны анық. Ол тек елім, халқ ым деп соқ қ ан жү регінің дү рсіліне қ ұ лақ тү рді. Содан да ө з бойына ұ лтының ащысы мен тұ щысын, қ уанышы мен қ айғ ысын, қ ызығ ы мен азабын қ ат-қ абат қ ондырып, тағ дырлы, тауқ ыметі мол, тайғ ағ ы кө п жолды таң дады.

Қ анатын еркін сермей алмай қ апыда кетті, жақ ұ т жырлары қ аратү нек қ ойнауында қ алды, артық -кемі жоқ, жарты ғ асыр бойы тұ ншығ ып жатты десек те, солақ ай, содыр саясат оның ө зін де, сө зін де жоя алғ ан жоқ. «Бұ йырса, шырақ сө нбес, ұ зақ жанар» деген ақ ынның ө з сө зі ақ иқ атқ а айналып, Мағ жан халқ ымен қ айта қ ауышты, мә ң гілікке оралды. Міне, содан бері де жиырма жыл ө тті.

Осы уақ ыт ішінде біз Мағ жан туралы біраз жайларғ а қ анық тық. Мағ жанды жарыса жазу ү рдісі жиырмасыншы ғ асырдың 90-жылдарына дө п келді. Қ азір біршама саябырлағ ан секілді. Бұ дан, ә рине, ұ лттың ұ лы ақ ынына деген сү йіспеншілігі ортайып қ алды деген ұ ғ ым тумасқ а тиіс. Мағ жанның ө зі де, жыры да мә ң гілік, елімен, халқ ымен бірге жасай береді.

Мағ жан туралы жазылғ ан ең бектерді кезең -кезең ге бө ліп қ арастырар болсақ, Мағ жанның кө зі тірісінде, қ уғ ын-сү ргінге ұ шырап, толық ақ талғ анғ а дейін жазылғ ан дү ниелердің бір тө бе екенінде дау жоқ. Нақ сол кезде анық сө зін айтып кеткен­дердің қ атарында Жү сіпбек Аймауытовты, Мұ хтар Ә уезовті, Ахмет Байтұ рсыновты, Сұ лтанбек Қ ожановты жә не басқ аларын атауғ а болады. Бұ лардың мағ жантануғ а қ осқ ан ү лесі ө лшеусіз. Осы орайда есімі елімізге белгілі ғ алым, филология ғ ылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың естелігі де аса қ ұ нды дү ние десек қ ателесе қ оймаспыз. Оның естелігі ұ зақ та емес. «Бұ л қ арапайым естеліктің айырық ша қ адірлі болатын тағ ы бір себебі – оны авторы қ айта қ ұ рудың шарапатынан ә лдеқ ашан бұ рын (70-ші жылы) жазғ ан. Ешқ андай есепсіз адал жанымен жазғ ан» (Қ ұ лбек Ергө беков). Айтса айтқ андай, естелік иесі ерекше қ ұ рметке лайық, батылдығ ымен аты шық қ ан ғ алым. Оның ө зі де ұ лт­шылдық қ амытын киіп, қ уғ ын-сү ргінді кө п кө рген.

Енді осы қ оспасыз таза естелікке ү ң ілер болсақ Мағ жанның бейнесі жарқ ырап алдымыздан шығ ады. «Мағ жан сұ лу еді: орта бойлы, толық денелі, бұ йра қ ара шашты, ақ қ ұ ба бидай ө ң ді еді. Бет пішіні Абайдың белгілі суретіндегі бет пішініне ұ қ сайтын. Жү ріс-тұ рысы жарасты, сә л маң ғ аз еді. Осының бә рінің ү стіне ол қ ыз мінезді еді» – деп жазады Б. Кенжебаев.

Осы айтылғ андар Мағ жанның шын бейнесін ашатын сө здер. Олай болатын себебі, Бейсембай Кенжебаев Мағ жан Жұ мабаевты жақ сы білген, 1922 жылы Мә скеуде Кү ншығ ыс ең бекшілерінің коммунистік университетінде оқ ып жү ргенде оның алдынан дә ріс алғ ан. Бұ л кезде Мағ жан Жұ мабаевтың ө зі де студент болатын, ол Мә скеудегі жоғ ары кө ркем ә дебиет институтында оқ итын. Бейсембай Кенжебаев: «Мейлі, лекциялық сабақ та болсын, мейлі, практикалық сабақ та болсын, ол қ ағ азғ а, кітапқ а қ арамайтын. Сө з арасында келтіретін мысал ө лең дер мен ә ң гімелерді тү гел жатқ а айтатын. Декламация оқ ып тұ рғ ан тә різді барлық нә шін, сипатын, қ имылын келтіріп айтатын» деп Мағ жанның білімінің терең дігіне, алғ ырлығ ына тә нті болады.

Осы естелік Мағ жанның Абайды пір тұ тқ анын, оғ ан қ атты еліктегенін тағ ы да дә лелдей тү седі. Мағ жан студенттерге Абай ө лең дерін оқ ып-ү йретеді, олармен бірге Абайдың жаң а жыр жинағ ын талдайды. Бір кездескенде ө зінің шә кіртіне аудармағ а қ атысты ойларын бү кпесіз білдіріп: «Басқ а тілден шығ арма аудару – ол шығ арманы ө зінікі етіп алу деген сө з, ө зінікі болғ ан соң, ол ө гей бала емес, туғ ан бала болуғ а тиіс. Яғ ни ө гей бала екені мү лде білінбеске керек. Ол ү шін шығ арманың тұ рқ ы, тұ лғ асы аударылмай, мағ ынасы, рухы аударылуы қ ажет», – дейді. Ол осылай Абайды жү регімен ұ ғ ынғ ан. Олардың жырларындағ ы ү ндестік те осыны дә лелдейді. Қ азақ ү шін Абай қ алай қ айғ ырса, Мағ жан да солай қ апаланады. Ө зінің ұ лттық таным-тағ ылымы жеткен биікке ол ө з халқ ының да орнығ уын тілейді, ботадай боздайды, аң сайды, армандайды, ә йтеуір ө зінің ұ лтын сол асқ аралы заң ғ ардан кө ргісі келеді.

«Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамғ а қ айырымды, кешірімді, қ алтқ ысыз жан еді… Білімді, алғ ыр, ойшыл, орысшағ а, шығ ыс тілдеріне ерекше жетік-ті». Сә бит Мұ қ ановтың осы сө здерінде де кө п сыр жатқ ан жоқ па? Ө мір жолы Мағ жанды ә р кезде заманы бір, ө зі тұ стас қ азақ тың зиялыларымен кездестіріп отырғ ан. Сә бең нің айтуынша, алайда, олардың идеялық жолдары бө лек болғ ан. Кең естік дә уірді, оның табыстарын жырламағ ан, ескіні, байшылдық ты, ұ лтты кө ксеген Мағ жанның жырлары коммунистік жолды таң дағ андарғ а жат болғ ан. Соның бір кө рінісі – Мағ жанның 1923 жылы Ташкентте басылып шық қ ан ө лең дер жинағ ын мә скеулік қ азақ тардың талқ ылауы. 1924 жылдың 24 қ арашасында ә дебиет ү йірмесі ұ йымдастырғ ан бұ л жиынғ а КСРО халық тары орталық баспасының директоры Нә зір Тө реқ ұ лов, Орталық комсомол комитетінің бюро мү шесі, жастардың коммунистік интернационалы атқ ару комитетінің бө лім бастығ ы Ғ ани Мұ ­ратбаев та қ атысады. Кү н тә ртібіндегі мә селе бойынша жас ақ ын, сол кезде Кү ншығ ыс ең бекшілерінің коммунистік универ­ситетінде оқ ып жү рген Ө тебай Тұ рманжанов баяндама жасайды. Баяндаманы талқ ылауғ а қ атысушылардың пікірі екі бө лініп, жиналыс «Мағ жан буржуазияшыл-ұ лтшыл, бізге мү лде жат ақ ын» дегенге саятын қ аулы қ абылдайды. Кейін осы қ аулы Қ азақ станның орталық газеті «Ең бекші қ азақ та» жарияланады. Мұ ның Мағ жанғ а қ атты соқ қ ы болып тигені, ақ ынды ү лкен кү йзеліске ұ шыратқ аны сө зсіз. Оның «Тоқ санның тобы» деген толғ ауында:

Жырларым елді жалпылап,

Жасырман жү зді жақ тадым,

Тоқ санғ а енді тоқ тадым,

Толғ анып, ойлап, талқ ылап…

Тоқ саннан сонау он аулақ,

Мен тоқ санмен біргемін, – деуі содан.

Мағ жанғ а қ арсы шабуылдың ү деуіне сол кезде Мә скеуде оқ ып жатқ ан жастар ғ ана тү рткі болды десек қ ателесер едік. Оғ ан Сә бең нің, кә дімгі Сә бит Мұ қ ановтың да бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткені белгілі. Идеялық қ арсыластарына ымырасыз Сә бең Мағ жанды да аяғ ан жоқ, ө згелермен бірге сынның дойыр қ амшысын оғ ан да сілтеді.

Мағ жан кім қ анша даттаса да былғ анбайтын асыл емес пе, соны кейін Сә бең де тү сінген болуы керек, ақ ын туралы пікірі ө згеріп, артына Мағ жан Жұ мабаевтың ө мір жолы, шығ армашылығ ы жайлы зерттеу ең бегін қ алдырып кетті. Атақ ты жазушының «ХХ ғ асырдағ ы қ азақ ә дебиеті» деп аталатын кітабына енген осы ең бекте Мағ жан туралы мынадай жолдар бар:

«… Ақ ындық жағ ынан келгенде, Мағ жан, ә рине, қ азақ тың кү шті ақ ындарынан саналады. Қ азақ тың тілін байыту ретінде, ә дебиетте жаң а тү рлер енгізу ретінде, Мағ жанның ең бегі кө п. Абайдан кейін тіл ө негесінде Мағ жаннан асқ ан ақ ын қ азақ та жоқ». Бұ л Мағ жан ө мірден озбай тұ рып 1932 жылы айтылғ ан сө з. Нақ осы кезде қ уғ ын-сү ргінге ұ шырап, қ иналып жү рген Мағ жан да Сә бең нен сырт айналуды жө н деп таппайды, хат жазып одан ақ ыл-кең ес, кө мек сұ райды.

Осы арада Мағ жан Жұ мабаевтың Сә кен Сейфуллинмен қ арым-қ атынасы туралы да ә ң гімелей кету артық емес сияқ ты. Мағ жан 1937 жылы Алматығ а табан тірегенде Сә бең қ арсы алғ анмен «Менің жолым-теріс. Сә кендікі – дұ рыс болды. Алдымен соғ ан сә лем берейін» деген тілегін білдіреді. Сә бең ө зінің естелігінде жазғ андай, ретін тауып Сә кенге хабар бе­реді. Сә кен қ арсы болмайды, екеуі кө здеріне жас алып қ ұ шақ -тасады. Осы арада Мағ жан Сә кеннен кешірім сұ райды. Сә кен: «Сағ ан бә рі де кешірімді, бізден енді кешірім сұ рама» дейді. Сол кү ні Мағ жан Сә кен ү йінде қ онып қ алады.

Сырт кө зге қ атардағ ы оқ иғ а сияқ ты болып кө рінгенмен екі алыптың тү сінісуі – бұ л тарихи сә т еді. Ө йткені, оғ ан дейін олардың арасы жақ сы емес-ті. Мағ жан мен Сә кен тұ ң ғ ыш рет Омбыда кездескен, сонда бірге оқ ығ ан. Кейін араларынан «қ ара мысық» жү гіріп кетіп, кикілжің мен біраз жерге барып қ алғ ан. Екеуі де ақ ын болғ аннан кейін бірін-бірі сө збен тү йрейді ғ ой баяғ ы. Соза берсек, бұ л ө зі таусылмайтын ә ң гіме. Белгілі ғ алым Тұ рсынбек Кә кішев ағ амыз бұ л жө нінде «Ө нер бә секесі, немесе Мағ жан мен Сә кен» деген кө лемді тарихи-ә деби эссе жазғ ан.

Ақ ын Мұ зафар Ә лімбаевтың «Солтү стік Қ азақ стан» газетінде (1991 ж. 21 мамыр) жарияланғ ан «Мағ жанды махаббатпен оқ ығ анда» деп аталатын эссесінде де Мағ жан мен Сә кеннің ара-қ атынасын ашатын тұ стар аз емес. Ақ ын ағ амыз ө мірдің ө з ағ ымында, ә дебиеттің дамуында ә рқ илы мектептердің, ә р алуан таланттардың бә секесі, жарысы, айтысы мен тартысы қ ызу жү ріп келгенін, жү ре де беретінін айта келіп, «Мағ жанның идеялық жә не эстетикалық позициясына қ арсы жанкешті кү респесе, Сә кеннің азамат ә рі ақ ын-суреткер ретінде қ ауырт ө сіп, биікке самғ ауы, ол ол ма, қ азақ ә дебиетіндегі жалаугер жетекшілігі қ амтамасыз етілер ме еді. М. Жұ мабаевтың «Батыр Баянымен» қ иын жарысқ а Сә кен ө зін ө ткір қ айрап салмаса «Кө кшетау» дастаны ө зінің ғ ажайып кө ркемдік дә режесіне кө теріле алар ма еді?» деп сауал тастайды. Сө з жоқ, осы бә секе жай да жү йрік қ аламды одан сайын желқ анаттандыра тү скені анық. Олай болса, Мағ жан мен Сә кен ө мір кө шінде ә рдайым бірге жү рді. Олардың ө мірлерінің соң ғ ы сә тінде кездесіп тү сінісулері, табысулары кездейсоқ тық емес. Бұ л халқ ымызғ а бұ йырғ ан тағ дырдың сыйы.

Мағ жан Жұ мабаевтың ө мірі мен шығ армашылығ ына қ атысты жайларды елеп-екшеп жү ре мені «Мағ жан туралы оның жерлесі, замандасы, заң ғ ар жазушы Ғ абит Мү сірепов неге бір ауыз сө з қ алдырмағ ан?» деген ой мазалай беруші еді. Оның жауабын жазушы Жайық Бектұ ровтың «Бес арыс» («Жалын» баспасы, 1992 ж.) деп аталатын жинақ қ а енген естелігінен тапқ андай болдым.

Ғ абең бірде Жайық Бектұ ровқ а Мағ жанмен алғ аш рет 1928 жылы Бурабайда кездескенін, Ақ мола губерниялық партия ко­митетінің хатшысы Садық бек Сапарбековтің ө зін шақ ырып алып, «Мағ жанның орнына орман шаруашылығ ы техникумында оқ ытушы бол» дегенін айтып береді. «Бурабайғ а келдім. Мағ жанды осында бірінші рет кө рдім. Ол ө зінің пә терін мағ ан беріп, Қ ызылжарғ а кетті. Сонда барып совпарт школда сабақ берді» дейді.

Кейін Мағ жан мен Ғ абең 1936 жылы Алматыда тағ ы кездеседі. «Мен Қ азақ стан Орталық партия комитетінің мә дени-ағ арту бө лімінің мең герушісі едім. Мағ жанды жұ мысқ а орналастырдық. Ол жұ мысына қ ұ лшына кірісті. Дінге қ арсы орысша бір трактат іспеттес ең бек жазып ә келді. Жұ мысының ө зі де дінге қ арсы ү гіт-насихат жү ргізу еді». (Ғ абит Мү ­сірепов). Жайық Бектұ ровпен ә ң гімесінде Ғ абең: «Менің ойымша, Мағ жан шығ армаларын басуғ а бұ л кү нде совет ө кі­метінің еш бө геттігі жоқ, бұ лай деу бос сө з. Оның шығ армаларын жарық қ а шығ аруғ а біздің ө зіміздің кө птен бергі бір беткей қ алыптасып кеткен теріс дағ дымыз, теріс кө зқ арасымыз, Мағ жанды ұ лтшыл деп жамандап қ алғ ан ескі ә детіміз бө гет. Біз біреуді жамандасақ, тасқ а басқ ан таң бадай, ө мір бақ и ө шпейтін қ ара бояудай кө реміз. Кейде тіпті қ айсыбір ақ ындарымыздың іштей қ ызғ аншақ тығ ы да бө гет болып жү р» деп Мағ жан шығ армаларын жарық қ а шығ аруғ а қ атысты ойларын ашық білдіріпті. Алайда, Ғ абең Мағ жанғ а ара тү скен жоқ, Мағ жан туралы естелік те қ алдырмады. Оның себебін қ азір дө п басып айту қ иын. Атақ ты «Бесеудің хатына» қ ол қ ойғ ан, «Бейімбет жау болса, мені де жау деп санаң ыздар» деген Ғ абең нің Мағ жан туралы қ алам тартпағ анын тү сіну де, тү сіндіру де қ иын.

Соң ғ ы жиырма жылдың ішінде Мағ жан жайлы біраз дү ние жарық кө ргенін жоғ арыда айттық. Солардың ішінде белгілі жазушы Жайық Бектұ ровтың ең бегінің орны бө лек десем ақ иқ аттан тым алыс кете қ оймаспын. Ш.Уә лиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Бө кейханов, А. Байтұ рсынов, Ә. Марғ ұ лан сынды қ азақ тың асыл ұ лдарының ә деби портреттерін оқ ырманғ а тарту еткен Ж. Бектұ ров Мағ жанның халқ ына қ айта оралуына да кө п ең бек сің ірді. Ол Қ азақ стан Жазушылар одағ ының Қ арағ анды облысаралық бө лімшесін басқ арғ ан жылдары Солтү стік Қ азақ стан облысына сан мә рте келіп, Мағ жанның жары Зылихамен кездесіп, қ олынан келген кө мегін аямағ ан. «Мағ жанды іздестірдің із бе? Жоғ арғ ы жақ қ а арыз жаздың ыз ба? деп сө з бастап кеттім. «Жаздық қ ой. Жазбағ ан жеріміз жоқ. Ештеме шық пады», - деді Зылиқ а. Мен ол кісіге: «Сіз Н.С. Хрущевке жазың ыз. Кү йеуім ақ ын еді, жұ рт ұ лтшыл десті. Бірақ ол ешқ андай басшы жұ мыста болғ ан жоқ еді. Кең ес ү кіметіне қ арсы ешбір теріс ә рекет істеген адам емес. 1930 жылы ұ лтшылсың деп бір соттады. Одан лагерьде жазасын ө теп келіп, болмашы қ ызмет істеп жү ргенде қ айта қ амалды, жоқ болып кетті» деп жазың ыз» дедім». (Ж. Бектұ ров)

Жазушы осыдан кейін ө зі де қ арап отырмайды, Башқ ұ ртстанның халық жазушысы Сайфи Қ ұ дашқ а хат жазып, Мағ жан Жұ мабаевты ақ тауғ а кө мектесуін сұ райды. Мағ жан Жұ мабаевпен Уфадағ ы «Ғ алия» медресесінде бірге оқ ығ ан С. Қ ұ даш 1969 жылы Қ азақ стан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д. Қ онаевқ а хат жолдайды. «Қ азақ ақ ыны Мағ жан Жұ мабаевтың тағ дыры туралы» деп аталатын бұ л хатында башқ ұ рт ә дебиетінің ақ сақ алы Қ азақ станның кө птеген қ алаларынан, оның ішінде Қ арағ андыдан да, Мағ жанғ а ара тү суін сұ рағ ан ө тініштер келгенін жазады.

Жайық ағ амыздың Мағ жанғ а, Мағ жанның артында қ алғ ан жесірі Зылиқ ағ а жасағ ан басқ а да жақ сылық тары аз емес. Мағ жан ақ талғ аннан кейін Зылиқ аны шетқ ақ пай қ ыла бастағ ан ақ ынның туыстарының орынсыз ә рекеттерін айыптағ аны тағ ы бар. Ол: «Ө мірде ә ділетсіздік кө п қ ой. Бә рі де қ араң ғ ылық тың, іші тарлық тың белгісі. Бұ рын естерінен шығ ып кеткен Зылиқ а, енді Мағ жан жұ рттың аузына қ айта іліге бастағ аннан кейін, бұ л байғ ұ стардың да тіліне, кө ң іліне орала бастапты. Бұ лардың да ә келері, туыстары сотталып, есең гіреп қ алғ ан адамдар. Жалғ ан қ ызғ аншақ тық сезім де бар. Жақ сы мұ рағ а ие болғ ысы келетін ниет те бар. Баласы, ұ рпағ ы жоқ, жалғ ызбасты сорлы кемпірдің Мағ жанның із-тү ссіз кеткен ең бектерін инемен қ ұ дық қ азғ андай жинағ анын ө зге, соның кө п азап-бейнетін кө ргеннен басқ а ешкімге ешбір жазығ ы жоқ» деп жазды.

Белгілі жазушы, қ азақ ә дебиеті ақ сақ алдарының бірі Ғ аббас Қ абышұ лы да осыны дә ттейді. «Мағ аң ның ө лең -дастандары, ә деби аудармалары жарияланғ ан газет-журналдарды іздеп табу, кө шірме жасатып алу, ә рине, апайғ а қ иын болғ ан. Ақ ы-пұ лын тө леу былай тұ рыпты, кесірі жетерлік кездерде ашық іздеудің ө зі қ андай тә уекелді қ ажет етті десең ші?! Кү йеуіне жағ ылғ ан кү йені кетіру ү шін жан тыныштығ ын ұ мытқ ан, алғ аш тұ тқ ындалғ анында ізденіп Мә скеуге, Максим Горькийге дейін барғ ан, Мағ аң ның ол жолы ақ талуына бірден-бір себепші бола білген, ал ері екінші рет тұ тқ ындалғ анда соң ынан Сі­бірге барғ аннан ө зге шарасы қ алмағ ан Зү лкең, кім не десе де, бү гінгі бізге де, келер ұ рпақ қ а да аса қ ажет қ ыруар іс тындырды»

 

(Ғ аббас Қ абышұ лы. «Қ азақ ә дебиеті» 2003 ж. 30 мамыр).

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ КЕСТЕЛІ ӨЛЕҢ ӨРНЕГІ | 
Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал