Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.






Айқ ындауыш жайлы қ азақ тіл білімінде алғ аш сө з қ озғ ағ андардың бірі –С.Аманжолов. Ол ө з ең бегінде: “Сө йлемде бастауыш пен баяндауыштан басқ а да мү шелер болады... Осы бастауышты я баяндауышты айқ ындау ү шін тұ рғ ан сө здерді айқ ындауыш дейміз”, - (2, 144) деп анық тама береді. С.Исаев “Қ азақ тілі” оқ улығ ында: “Сө йлемде кейде бір сө зді я сө здер тізбегін басқ а бір сө з я сө здер тізбегі айқ ындап, дә лдеп, тү сіндіріп тұ рады”, -(29, 135) десе, М.Қ араев: “Сө йлемде бір мү шені айырық ша назармен бө ліп атау ү шін немесе оның мағ ынасын дә лелдей тү су керек болғ анда, ол мү шенің қ ажетті белгісін кө рсете алатын тү сіндірмелі сө здер беріледі. Айқ ындауыштар, негізінен, анық тауыш мү шеге ұ қ сас. Дегенмен тө мендегідей айырмашылық тары бар: а) Анық тауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анық таса, айқ ындауыш зат пен затты ө зара қ атыстылығ ы, ұ қ састығ ы жағ ынан салыстыра айқ ындайды.

ә) Анық тауыш пен анық талушы сө з сабақ таса байланысса, айқ ындауыш пен айқ ындалатын сө з салаласа байланысады.

б) Орны жағ ынан да ә р тү рлі болады. Анық тауыштар тек қ ана анық тайтын сө зінің алдында тұ ратын болса, айқ ындауыштар, керісінше, айқ ындайтын сө зінің соң ынан тұ рады.

Айқ ындауыш сө йлемнің ортасында келсе, екі жағ ынан, соң ында келсе, алдынан ү тір қ ойылады. Кей жағ дайда айқ ындауыш мү шелерде баяндауыштық рең к басым болса, алдынан сызық ша қ ойылып, соң ы ү тірмен бө лінеді.

Қ азіргі қ азақ тілінде айқ ындауыштың негізгі ү ш тү рі бар. Олар: оң ашаланғ ан айқ ындауыш, қ осалқ ы айқ ындауыш жә не қ осарлы айқ ындауыш.

Оң ашаланғ ан айқ ындауыш – айқ ындайтын сө зінен соң тұ рып, оқ шауланып айтылып, сол сө зді ә р жағ ынан айқ ындайтын сө здер немесе сө з тіркесі. Кү здің бір ә демі кешінде, жиырма тоғ ызыншы қ азанда, олар ақ ыры кездесті (Қ азақ ә деб.).

С.Аманжолов оң ашаланғ ан айқ ындауышқ а тоқ тала отырып, оның екі тү рін береді. Біріншісі – сө йлемнің ішінде басқ а мү шемен қ иыспай, дара тұ ратын оң ашаланғ ан сө з. Екіншісі - ө зінің айқ ындайтын сө зімен кө бінесе жалғ ау арқ ылы қ иысып тұ ратын оң ашаланғ ан сө з (2, 158).

Қ осалқ ы айқ ындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдың ғ ы сө здің мағ ынасын заттың заттық сапасы ретінде айқ ындайды. Ал Барақ сұ лтан болса, Ә білқ айыр айтқ андай, хан ордасынан ә жептә уір ұ зап барып, ымырт ү йіріле Церен-Доржи тобынан ө зінің сенімді екі жігітін бө ліп алып, кейін қ айтқ ан (І.Есенберлин.).

Қ осарлы айқ ындауыш деп мағ ыналас, мә ндес сө здер тіркесіп, кү рделі атау жасайтын сө здерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығ ын алып шығ ады.Айқ ындауыш — айқ ындайтын сө зінің жетегінде қ осарлана айтылып, оның мазмұ нын ашып тұ ратын сө з не сө здер тобы. Оң ашаланғ ан айқ ындауыштар, қ осарлы айқ ындауыштар жә не қ осалқ ы айқ ындауыштар болып бө лінеді.Оң ашаланғ ан айқ ындауыш айқ ындайтын сө зінің соң ынан келіп, оны ерекшелеп кө рсетеді. Мысалы, Ү йде, Абайдың қ асында, бұ л ауылдың адамдарынан бө тен тү сті ү ш кісі отыр (М.Ә уезов).Қ осалқ ы жә не қ осарлы айқ ындауыштар айқ ындайтын сө зімен мағ ыналық жә не интонациялық бір бү тін қ ұ рап тұ рады. Қ осалқ ы айқ ындауыштар айқ ындайтын сө зін ә леуметтік, туыстық, кә сіптік, жас мө лшерлік т.б. белгілері жағ ынан ерекше атап кө рсетсе (Ә сет ағ ай, Айжан қ ыз, Наурызбай батыр т.б.), қ осарлы айқ ындауыштар айқ ындайтын сө зінің ерекше белгісін қ осарлап айтып, онымен мә ндес қ атар қ ұ рап тұ рады (батыр-ұ шқ ыш, ә йел-ана, қ ызметші-малай).


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал