Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және «криминалистика» саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.






Лекция мә тіні: Ө рт - бұ л адам ө мірі мен денсаулығ ына қ ауіп тө ндіріп, материалдық залал келтіріп, физика-химиялык қ ұ былыстармен байланысатын, белгілі бір себептерден туындайтын жану процесі.

Ө рт пайда болу себептеріне байланысты тө рт топка бө лінеді: антропогендік - адамзат факторымен тікелей байланысты;

2. техногендік - машиналардың. техниканың, қ ұ рал-жабдыктардың кұ рылымдарының технологиялық жағ дайына байланысты ө зінен-ө зі ө ртенуі;

3. табиғ и қ ұ былыстардың ә серінен, мысалы: найзағ айдың тү суінен;

4. криминалдық - адамдардың отқ а қ ылмыстық немқ ұ райлыкпен қ арауынан немесе қ асақ ана ә рекеттерінін салдарынан жә не адамзат қ ызметінің кез-келген жерінде, ә ртү рлі мақ саттары мен себептерінен тындауы мү мкін Қ ылмыстық -кұ кық тық, ә сіресе криминалистикалық кө зқ арас тұ рғ ысынан ө ртке
ә келіп соғ атын адамдардың кылмыстық ә рекетіндегі ә дістерінін ерекшеліктеріне байланысты ө рт қ ылмыстарын екі тү рге бө ліп қ арастыруғ а болады: қ асакана ә рекеттен пайда болатын ө рттер; екіншісі тұ рмыста жә не ө ндіріс
процесі барысында ө ртке қ арсы қ ауіпсіздік ережелерін кылмыстық бұ зудың салдарынан пайда болатын ө рттер. Осығ ан сә йкес, яғ ни аталғ ан қ ылмыстарғ а байланысты қ ылмыстық жауаптылык Қ Р-сы Қ ылмыстық кодексінің ә ртү рлі баптары бойынша туындайды жә не сараланады.

Қ азақ стан Республикасының Қ ылмыстық кодексі ө рттің қ ылмыстык ә рекет нә тижесінде пайда болуына байланысты қ ылмыстык жазаланатын ә рекеттердің қ атарын қ арастырады: бө тен адамның мү лкін қ асақ ана немесе абайсызда жою немесе бұ лдіру; ө рт қ ауіпсіздік ережелерін бұ зу; атом энергетикасы объектілерінде қ ауіпсіздік ережелерін бұ зу; тау-кен немесе қ ұ рылыс жұ мыстарын жү ргізу кезінде қ ауіпсіздік бұ зу; жарылыс қ аупі бар объектілерде қ ауіпсіздік ережелерін бұ зу.

Ө ртке қ атысты қ ауіпті заттар мен материалдарды ө ндіріс процесіне енгізу жағ дайындағ ы ө ртті алдын алу жә не тергеу мә селелері ете ө зекті, ә рі кө п аспектілі болып табылады. Бірақ бұ л қ ылмыстар кө бінде ашыла бермейді. Тергеудің ү стірт жү ргізілуі салдарынан ө рттің болу себептері анық талмай қ алады, кінә лі тұ лғ алар ә шкерленбейді, ө рттін нә тижесінде келтірілген материалдық залалдардың орнын толтыруғ а байланысты қ ажетті шаралар колданылмайды. Қ ылмыстық іс жү ргізу заң ының нормаларына сә йкес ә рбір болғ ан ө ртке байланысты оның пайда болу мә н-жайларын анық тау мақ сатында тексеру жү ргізіледі. Қ ылмыс қ ұ рамының белгілері толық болғ ан жағ дайларда қ ылмыстық іс қ озғ алады.

Тө тенше жағ дай министрлігінің тө тенше жағ дай аясындағ ы мемлекеттік бақ ылау жә не қ адағ алау басқ армасының анық тама бө лімі ө рт жө ніндегі анық тау органдары болып табылады. Оларғ а келесідей міндеттер жү ктеледі: ө рттің пайда болу себептері мен жедел-іздестіру шараларын жү ргізу; кінә лі тұ лғ аларды аныктау; ө ртті ескерту жә не оны алдын алуғ а байланысты кажетгі жұ мыстарды жү зеге асыру.

Ө ртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу ө ндірісін жү ргізу қ ажет. Анық тама органы қ ылмыстық істі қ озғ айды жә не қ ылмыстық жазалайтын ә рекетгің іздерін анық тау мен бекіту ү шін қ ажетті тергеу ә рекеттерін жү ргізеді. Қ ылмыс ашылғ андығ ы жә не ол бойынша анық тау ә рекеті басталғ андығ ы жө нінде прокурорғ а дереу хабарланады. Кейінге қ алдырылмайтын тергеу ә рекеттерін орындау кезінде аныктама органы тергеушіге істі беруге міндетті. Ө ртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу жұ мыстарын ішкі істер органдарының тергеушілері жү ргізеді.

Қ ылмыстық істер мынандай жағ дайларда қ озғ алады:

а) ө ртеу белгілері болғ ан; ф адам ө лімі болғ ан;

б) ө рт ү лкен апатқ а айналғ ан;

в) ipi мө лшерде материалдық залалдар келтірілген;

г) басқ а қ ылмыс белгілері болғ ан;

д) ө рттің болу себептері аныкталмағ ан жағ дайларда.

Талқ ыланып отырғ ан қ ылмыс тү рінің криминалистикалық сипаттамасы кылмыстық қ ол сұ ғ ушылық тың пә нін сипаттайтын мә ліметтерден, яғ ни оларды жасау жағ дайлары мен механизмінен, ә дістерінен, қ ылмыскердің жеке басының ерекшеліктерінен, кейбір жағ дайларда ө рт сө ндірушілердің ө рт сө ндіру кезіндегі ә рекеттерінен кө рініс табады.

Белгіленген істер бойынша қ ылмыстық қ ол сұ ғ ушылық пэнінің жоғ арыда кө рсетілген ерекшеліктері, ө рт кезінде жойылғ ан немесе зақ ымдалғ ан мү ліктің сипатын (мемлекетгік немесе жеке, оның тү рі, қ ұ ны, т.б.), ө рттің туындау себептерін, бұ зылғ ан ө рт қ ауіпсіздік ережелерінің тү рін анық тау ү шін қ ажет. Аталғ ан ерекшеліктер туралы мә ліметтер қ ылмыстың жасалу ә дісін, жағ дайы мен механизмін, қ ұ қ ық қ а қ айшы ә рекетгің ниетін, қ ұ қ ық Бұ лушылардың жеке басын аныктауда маң ызды.

Аталғ ан қ ылмыстардың жасалу тә сілдері де ә ртү рлі. Кө бінде қ асақ ана жасалғ ан ө ртеу қ ылмыстарына мынандай сипаттамалар тә н: дайындык кезең інің болуы (қ ылмыстық қ ол сұ ғ ушылық тың объектісі туралы мә ліметтер жинауды қ оса алғ анда); оны зерттеу; ө ртейтін объектіге бару; қ ылмыстық ниетті ойластыру; ө ртеу ү шін қ ажетті техникалық қ ұ рал-жабдық тарды таң дап алу; болатын жағ дайғ а немесе осы жағ дайдың ө згеруіне ө зін бейімдеу; ө рттің ізін жасыру ү шін шаралар қ олдану. Сонымен қ атар ө рттің жасалу тә сілдеріне байланысты мынандай бірнеше типтік тү рлерге бө лінеді: тез жанатын жә не тез тұ танатын материалдарды ө ртейтін жерлерде болғ ан ө рт; жандыруғ а арнап жасалғ ан материалдар кө мегімен ө ртеу; жылдам немесе жоспарланғ ан уақ ытта оттың сыртқ ы кө зінен туындауына есептеліп жасалғ ан жағ дайлардың немесе арнайы дайындалғ ан техникалық қ ұ ралдардың кө мегімен ө ртеу; қ андай да болмасын заттар мен материалдардың ө зінен-ө зі жануына қ олайлы жағ дайлар жасау жолымен жасалатын ө рт.

Ө з кезегінде ө рт қ ауіпсіздігі ережелерін бұ зуғ а дайындық кезең і тә н емес, дегенімен де жасалатын ә рекеттердің жауаптылығ ынан бас тарту мақ сатында оқ иғ аның мә нін жасыруғ а байланысты қ ылмыстық ә рекетті бү ркемелеуі мү мкін. Аталғ ан қ ұ қ ық бұ зушылық тар, олардың жасалу тә сіліне байланысты бірнеше тү рлерге бө лінеді: тұ рмыстық жә не ө ндірістік-жарық тандыру, жылыту, газ жә не химиялық қ ұ рылғ ьшарды пайдалану мен сақ тау кезінде ө рт қ ауіпсіздігіне қ арсы ережелерді сақ тамау; электрө ткізгіш жә не жарық тандыру қ ұ рылғ ыларын тұ тыну мен жасауғ а байланысты ө рт қ ауіпсіздік ережелерін бұ зу; отпен байланысты жұ мыстардың, алау жағ у жә не т.б. дұ рыс жү ргізілмеуі; жоғ ары ө рт қ ауіптілік кө здеріне (автокелікке, жарылгыш заттарғ а т.б.) немқ ұ райлық пен қ арау.Осы кылмыстардың механизмінің бастапқ ы кезең інде ө рт жасырын тү рде болуы мү мкін, ал шарық тану жә не соң ғ ы кезең дерінде ашық жә не айқ ын тү рде болады. Бұ л механизмдер бір жағ ынан тү тіннің пайда болу ерекшелігі мен кезектілігінен, ө рттің кө рінісінен, оның жою кү шінен, сонымен қ атар пайда болғ ан жағ дайлардан ө ртеуге байланысты қ олданылатын тә сілдерден немесе ө рт жә не басқ а да қ ауіптілік кө здерін дү -рыс пайдаланбаудан, ал екінші жағ ынан оттың ертгік жә не энергетикалық кү шінен айқ ын тү рде керініс табады. Осы істер бойынша себепті-тергеулік мә ліметтерді алу ү шін ө рт механизмінің барлық кезең дерінің кө рінісін елестете білу тиіс.

Жағ дайды анық тау ү шін оқ иғ ағ а тікелей жә не жанама қ атысқ ан тұ лғ алардың жү ріс-тұ рыс сипаты жө ніндегі, сондай-ақ келтірілген зардаптардың ауырлыгы мен ерекшелігі туралы мә ліметтер ө те маң ызды болып табылады. Осылардың бә рін анық тау істің мә н-жайы туралы кө птеген маң ызды мә ліметтерді жә не қ ылмыстың болғ ан жерін, жасалу тә сілі мен механизмін, сезікті тұ лғ алардың шең берін анық тау ү шін қ ажет. Оқ иғ а болғ ан жерді мү дият қ арау мен ә ртү рлі мамандарды орынды пайдалану бұ л мә селені шешуді қ амтамасыз етеді.Ө рт сө ндіру жағ дайы мен ө рт сө ндіру тактикасының криминалистикалык маң ызы бар. Ө рт сө ндіруші тұ лғ алардың ө ртті сө ндіру бағ ытына, таң дап алғ ан ә рекеттері мен тә сілдеріне байланысты ө ртеу кезіндегі ситуация анық талады, Бұ л жағ дайларда ө ртті ешқ андай адам ө лімінсіз, елеусіз кө лемде залал келтіріп сө ндіруге, болмаса керісінше ауыр зардап, залал тудыруғ а ә кеп соқ тыруы мү мкін.

Мұ лдай сипаттағ ы қ ылмыскерлердің типологиялық ерекшеліктері де ә ртү рлі. Ө рт жағ ушы тұ лғ алардың тұ рғ ылық ты жерлері мен жұ мыс орындарында олардың жеке басы жө нінде теріс (жағ ымсыз) мінездеме берілетіндігі сө зсіз. Олардың кө пшілігі бұ рын сотталғ ан, ішімдікке, бұ зақ ылық ә рекеттерге бейім тұ лғ алар болып келеді. Мысалы, азаматтардың жеке мү лкін ө ртеу істері бойынша ө ртеушілердің басым кө пшілігі бұ рын ә ртү рлі қ ылмыстары ү шін сотталғ ан тұ лғ алар. Кө п жағ дайларда ө ртеу ә рекетін жалғ ыз адам жү зеге асырады. Дегенімен де, қ азіргі кезде ұ йымдаеқ ан қ ылмыстардың пайда болуына байланысты ө рт қ оюшылар ұ йымдасқ ан қ ылмыстық топ мү шелерінен тұ руы мү мкін. Мысалы, бә секелестерінен ө ш, кек алу, есеп айыру жә не т.б. мақ сатта. Ө рт қ ауіпсіздік ережелерін қ ылмыстық бұ зғ ан тұ лғ алар ең бекті қ орғ ау мен техникалық қ ауіпсіздік ережелерін қ ылмыстық бұ лган тұ лғ аларғ а тә н белгілермен сипатталады. Жеке мү лікті ө ртеу кезінде мұ ндай кылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қ ажетті элементі болып криминалистикалық маң ызы бар жә бірленуші туралы мә ліметтер табылады (оның жеке бас, ө мір сү ру бейнесі, шұ ғ ылданатын кә сібі мен істейтін жұ мысы, араласатын адамдары жә не т.б. жө ніндегі мә ліметтер). Бұ л мә ліметтер ө рт қ ою жағ дайларын ескере отырып дереу тү рде іздестіруге қ ажетті қ ылмыскерлер шең берін анық тауғ а мү мкіндіктер береді.


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал