Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы






Оң тү стік Қ азақ стан мемлекеттік фармацевтика академиясы

 

 

Медициналық биофизика, информатика, математика кафедрасы

ДӘ РІС КОМПЛЕКСТЕРІ

 

Пә ні: Биостатистика

Пә н коды: Bio 3214

5В110200 «Қ оғ амдық денсаулық сақ тау» мамандығ ы ү шін

Сағ ат саны (кредит ) 45

Курс 3

Семестр 6

Дә ріс: 5 (сағ ат)

 

Шымкент- 2014 ж.


Дә ріс

1. Тақ ырыбы: Кіріспе. Биостатистика негіздері

 

2. Мақ саты: Студенттерге « Биостатистика», оның пә ні, даму тарихы жә не міндеті туралы негізгі тү сінікті қ алыптастыру. Студенттерді берілгендердің тү рлерімен, оларды жинау ә дістерімен, сондай-ақ ө лшеу шкала тү рлерімен таныстыру.

 

Дә ріс жоспары:

1. Биостатистика пә ні жә не міндеттері.

2. Биометриканың дамуына Ф. Гальтон, К. Пирсон, Р. Фишердің қ осқ ан ү лесі.

3. Мә ліметтерді жинау, ұ сыну жә не топтастыру.

4. Ө лшеу шкалаларының тү рлері.

3. Дә ріс тезистері:

Статистика - қ оғ амдық қ ұ былыстар санынның сапалық жағ ымен тығ ыз байланыстылығ ын зерттейтін қ оғ амдық ғ ылым.

Статистикада бақ ылауғ а немесе ө лшеуге болатын нысандардың немесе қ ұ былыстардың қ асиетін белгі деп атайды.

Биология, медицина, фармация, гигиена жә не денсаулық сақ тау саласына қ атысты сұ рақ тарды зерттейтін статистиканы биостатистика деп атайды.

Тә жірибе жү зінде, жеке ғ ылыми жұ мыста дә рігер, фармацевт, медбике ү шін биостатистиканың маң ызы зор.

Берілгендерді жинау, оларды жалпылау, бақ ылау нә тижелерінің негізінде талдау жә не қ орытындысын шығ аруда биостатистика тү рлі ә дістерді қ олданады.

Статистикалық талдау ақ парат табуғ а жә не алынғ ан атқ параттың сапасын бағ алауғ а кө мектеседі.

Биостатистиканың міндеттері:

· сандық тү рде ұ сынылғ ан биологиялық факт (ө лшеу) – бұ л биологиялық нысан қ асиетінің жеке сан, нұ сқ а немесе айнымалылардың мә ні тү рінде берілуі;

· кө п фактілердің жалпылама сипаттамасы (статистикалық бағ алау) – бұ л бір текті нысандардың немесе белгілердің қ асиетін толық сипаттайтын параметрлердің жә не кө рсеткіштердің есебі.

· заң дылық тарды іздестіру (статистикалық болжамдар тексеру) – бұ л салыстырып отырғ ан жиындардың, нысандардың, олардың сипаттамаларының сыртқ ы жә не ішкі себептерге тә уелділігінің кездейсоқ еместігін дә лелдеу.

· медициналық талдаулар ү шін, классикалық статистикалық ә дістерді қ олдану;

· медициналық талдаулар ү шін, заманауы статистикалық ә дістерді қ олдану;

· медициналық талдаулар ү шін жаң а ә дістер дайындау.

Биометрия негізі Фрэнсис Гальтоннан (1822-1911) басталады. Алғ ашқ ыда Гальтон дә рігер болғ ысы келген.

Бірақ Кембридж университетінде оқ ып жү ріп, ол жаратылыстанумен, метеорологиямен, антропологиямен, тұ қ ым қ уалаушылық жә не даму теориясымен айналыса бастады.

1889 жылы жарық кө рген тұ қ ым қ уалаушылық туралы кітабында алғ аш рет biometry сө зі енгізілді.

Осы уақ ытта коррляциялық талдау негізі қ аланды. Гальтон жаң а ғ ылымның негізін қ алады жә не оғ ан ат қ ойды. Бірақ оны ғ ылыми салағ а математик Карл Пирсон (1857-1936) айналдырды. 1884 жылы Пирсон Лондон университетінде қ олданбалы математика кафедрасын басқ арды, ал 1889 жылы Гальтонмен жә не оның ең бектерімен танысты.

Пирсонның ө мірінде ағ ылшын зоологы, биометрик, «Биометрика» журналының алғ аш ұ йымдастырушысы В.Уэлдон ү лкен рө л атқ арды. 1893 жылы Пирсон Уэлдоннын зоологиялық талдауларына кө мектесе отырып, орташа квадраттық ауытқ у жә не варияциялық коэффициент ұ ғ ымын енгізді.

1898 жылы Пирсон Гальтонның тұ қ ым қ уалаушылық теориясын математикалық тұ рғ ыдан сипаттау ү шін кө п регрессиялық талдаудың негізін қ алады.

1903 жылы Пирсон белгілердің кездесушілігі (сопряженности признаков) теориясын, ал 1905 жылы сызық ты емес корреляция жә не регрессия негізін жариялады.

Биометрияның келесі даму кезең і статистик Рональд Фишермен (1890-1962) байланысты.

Фишер Кембридж университетінде оқ ып жү ргенде Г.Мендель жә не К. Пирсон ең бектерімен танысты.

1913-1915 жылы Фишер ө ң діріс орынында статистик болып жұ мыс жасады, ал 1915-1919 жылы орта мектепте физика, математика пә ндерінен сабақ берді.

1919-1933 жылдарда Фишер Ротамстедтағ ы ауылшаруашылық тә жірибе станциясында статистик болып жұ мыс істеді.

Содан соң 1943 жылғ а дейін Лондон университетінің профессоры, ал 1943 жылдан 1957 жылғ а дейін Кембридждегі генетика кафедрасының мең герушісі болып қ ызмет атқ арды.

Ол таң дамалылардың ү лестірім теориясын, дисперсиялық жә не дискриминанттық талдау ә дісі, тә жірибені жоспарлау теориясын, ең жоғ арғ ы шындық қ а ұ қ сас ә дісі жә не заманауи қ олданбалы статистика мен математикалық генетиканың негізін қ ұ райтын кө птеген теориялардың негізін салушы болып табылады.

Орташа шамалар туралы ұ ғ ымының негізін қ алаушы белгия ғ алымы А. Кетле статистикалық ә дістерді биология, медицина жә не ә леуметтанудағ ы мә селелерді шешуде қ олданды.

Кез келген статистикалық зерттеудің бірінші кезең і талдау жасалатын нысанның немесе ү рдістің айнымалыларының нақ ты шамалары жө нінде мә ліметтер жинау.

Статистикалық берілгендерді жинау дегеніміз зерттелетін жиынтық тың элементтері туралы мә лімет алу ү дерісі жә не олардың қ асиеттері. Бұ л берілгендер статистикалық ө ң деу жә не талдау жасауғ а негіз болады.

Екінші кезең і берілгендерді типіне талдау жасау.

Берілгендердің типтерін класификациялау

 


Берілгендердің негізгі типтері сандық жә не сапалық жә не мерзімі деп бө лінеді.

Сандық берілгендер – дискретті (ү зілісті) жә не ү зіліссіз болып бө лінеді.

Дискретті берілгендер – тек бү тін сан яғ ни бө лшек сан болуы мү мкін емес тү рде алынғ ан сандық берілгендер. Мысалы: балалар саны жә не т.б.

Ү зіліссіз берілгендер – теориялық жағ ынан алғ анда бө лшек бө лігі болуы мү мкін, ү зіліссіз шкалада ө лшегенде алынатын берілгендер. Мысалы: дене массасы, бойы, артериялық қ ысымы жә не т.б.

Ү зіліссіз берілгендер аралық жә не салыстырмалы болып бө лінеді.

Аралық берілгендер – физикалық мә ні бар, абсолюттік шамалары ө лшенетін ү зіліссіз берілгендердің тү рі.

Салыстырмалы берілгендер – белгінің алғ ашқ ы кү йіне салыстырғ анда мә нінің ө згеру (ө су немесе кему) ү лесі ү зіліссіз берілгендердің тү рі. Бұ л берілгендер ө лшемсіз шама немесе пайызбен ө лшенеді.

Сапалық берілгендер – номиналды жә не реттеуші болып бө лінеді.

Номиналды берілгендер – ө лшенбейтін категорияларды шартты тү рде бейнелейтін код тү ріндегі (диогноз коды) берілгендер.

Реттік берілгендер – бір белгінің анық байқ алу дә режесін шартты тү рде бейнелейтін (қ атерлі ісік ауруларының кезең і, жү рек талмасының дә режесі жә не т. б.) сапалық берілгендердің тү рі.

Бұ лардың дискретті берілгендерден айырмашылығ ы аурудың белгісін ө лшеу ү шін пропорционалды шкалалардың болмауы.

Бинарлық (дихотомиялық) берілгендер – сапалық мә ліметтердің ерекше тү рі. Мү ндай типті белгінің мү мкін болатын екі мә ні бар (жынысы, қ андайда бір ауру тү рінің болуы немесе болмауы).

Берілгендердің ерекше тү рі мерзімі болып табылады. Кейде олармен қ андайда бір арифметикалық амалдар орындау (екі оқ иғ аның арасындағ ы осы оқ иғ алардың кү ндері бойынша абсолютті уақ ыт кезең ін есептеу) қ ажет болады.

Кейде жоғ арыда келтірілген тү рлердің дербес жағ дайы болып табылатын берілгендердің кейбір ерекше дербес тү рлерін бө ліп қ арастырады: шенін, ұ пайлар, визуалды ұ қ сас шкалалар, цензуралы берілгендер жә не т.б.

Терең детілген статистикалық зерттеу жасаудан бұ рын берілгендерге алдын-ала талдау жасау маң ызды. Бұ л кезең де теріліп алынғ ан берілгендерді сығ у жә не жү йелеу ү шін сызбалы ә дістер қ олданылады. Бұ лар теріліп алынғ ан берілгендерді ерекшелігін бағ алау жә не ауытқ уларды анық тау яғ ни алдағ ы уақ ытта талдау жасау ү шін қ ажетті статистикалық ә дістерді таң дауғ а мү мкіндік береді.

Дискреті берілгендер кесте тү рінде, бағ анды диаграмма, пиктограмма, шең берлік диаграмма, нү кте суреттері бойынша беріледі.

Ү здіксіз берілгендер топтастырылғ ан таң дама, гистограмма, «жапырақ ты бұ тақ» немесе «мұ ртты жә шік» диаграммасы, Лоренц қ исығ ы жә не т.б. тү рде берілуі мү мкін.

Аралас берілгендер шашырау диаграммасы тү рінде берілуі мү мкін.

 

Берілгендердің сызба тү ріндегі ә дістері.

Статистикалық берілгендері ә ртү рлі геометриялық фигура тү рінде бейнеленген сызбаны диаграмма деп атайды.

Жиі қ олданылатын диаграммалардың тү рлері:

· Қ ұ быластардың жітілігінің (интенсивтілігі), қ атынасының, кө рнекілігінің, орташа немесе абсолютті шамаларының ө згеруін кө рсеткіш ретінде бейнелейтін диаграмманы сызық ты деп атайды.

· Қ ұ былыстардың ө згеруін уақ ыттың тұ йық тізбегі (сө тке, апта, ай, жыл) ретінде бейнелеу ү шін қ олданылатын сызық ты диаграмманың тү рін радиалды деп атайды.

· Таң дап алынғ ан масштабқ а сә йкес қ ұ быластардың динамикасын немесе статикасын бейнелейтін диаграмманы бағ аналы деп атайды.

· Қ ұ быластардың қ ұ рылымын айқ ын экстенсивті кө рсеткіштермен жә не меншікті салмағ ына сә йкес оның қ ұ рамды бө ліктерінің тү спен бө ленуін бейнелейтін тік тө ртбұ рыш тү рдегі диаграмманы бағ анаішілік деп атайды.

Берілгендерді шамаларының ө суіне қ арай кескіндеу ү шін жә не диаграмма мен кестеден тұ ратын ың ғ айлы сызбаны «ө ркен жә не жапырақ тар» сызбасы деп атайды.

 

  1, 0  
  1, 1  
  1, 2  
  1, 3  
  1, 4  
  1, 5  
  1, 6  
  1, 7  
  1, 8  
  1, 9  
  2, 0  
  2, 1  
  2, 2  

 

Топ аралығ ының орта мә ніне жә не осы аралық тың жиілігіне сә йкес келетін нү ктелерді қ осатын сынық сызбаны полигон деп атайды.

Статистикада квартили деп берілгендерді тең тө рт бө лікке бө літін ү ш шаманы айтады. Жоғ арғ ы квартиль бұ л шамалары ең жоғ ары болатын берілгендердің бө лігі.

Процентили – вариациялық қ атарды 100, ал децили – 10 тең бө ліктерге бө летін шамалар.

Екі параллель жақ тары берілгендердің жоғ арғ ы жә не тө менгі квартиліне сә йкес келетін, ал тік тө ртбұ рыштың соң ынан басталатын сызық ең аз жә не ең кө п мә нін кө рсететін тік тө ртбұ рыш тү рдегі сызбаны «мұ рттары бар жә шік» сызбасы деп атайды.

Таң дама элементтерінің аралық қ а тү су жиілігінің сә йкес топ аралығ ына тә уелділігін сипаттайтын сызбалы бейнені гистограмма деп атайды.

Ө лшеу – нысандарды белгілі бір кө рсеткіштері немесе сипатына (белгілері, атрибуттары) қ арай салыстыру рә сімі.

Шкала – міндетті, қ ажетті ө лшеу рә сімінің элементі.

Медициналық -биологиялық зерттеулерде қ олданылатын ө лшеу шкалаларының негізгі типтері:

· номиналды немесе атаулар шкаласы нысанның қ асиеттерін классификациялауда, оларғ а сандық, ә ріптік жә не басқ а символдық сипаттамалар беру ү шін (жынысы, ұ лты, кө зінің, шашының тү сі, диагнозы т.б.) қ олданылады.

· реттік немесе шендік шкаласы – белгілердін шамасына қ арай (Мясников шкаласы бойынша гипертониялық аурулардың кезең і, Стражеско-Василенко-Лангу шкаласы бойынша жү рек талмасының дә режесі, Фогельсон бойынша жү ректің жеткіліксіздігінің айқ ындық дә режісі шкаласы жә не т.б.) реттейді.

· аралық шкаласы – белгілердің жеке ө лшемдерінің ауытқ уын (уақ ыт, температура, тест ұ пайлары) кө рсетеді.

· қ арым-қ атынас шкаласы – ө лшенген белгілердің қ атынасын (бойы, салмағ ы, реакция мерзімі, тесттегі орындалғ ан тапсырмалар саны) кө рсетеді.

 

4. Иллюстрациялы материалдар: Кө рме, слайдтар

5. Ә дебиеттер:

1. ЖижинК.С. Медицинская статистика: учебное пособие/ К.С. Жижин. - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 160 с.

2. Петри А., Сэбин К. Наглядная медицинская статистика/ А. Петри, К. Сэбин; пер. с англ. под ред. В.П. Леонова. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Гэотар-медиа, 2009. - 168 с.

3. Платонов А.Е. Статистический анализ в медицине и биологии: задачи, терминология, логика, компьютерные методы. - М.: издательство РАМН, 2000. - 52 с.

4. Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских данных. Применение пакета прикладных программ STATISTICA. - М.: Медиасфера, 2002. - 312 с.

5. Рокицкий П.П. Биологическая статистика. Изд. 3-е, испр. Минск, Высш. шк., 1973. - 320 с.

6. https://www.biometrica.tomsk.ru

7. https://ru.wikipedia.org

 

6. Бақ ылау сұ рақ тары:

1. «Биостатистика» деген не?

2. Биометриканың дамуындағ ы Ф.Гальтон, К.Пирсон, Р.Фишер ғ алымдарының ролі қ андай?

3. Статистикалық берілгендер жинау деген не?


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.014 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал