Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Титриметрлік талдаудағы есептеулер.






Титриметрлік талдау есептеулерінде кө бінесе ерітінділер концентрациясының мынандай тү рлері пайдаланылады: еріген заттың массалық ү лесі (ω - проценттік концентрация), молярлық концентрация, эквиваленттің молярлық концентрациясы (нормальді концентрация) жә не титр.

Химиялық таза, сақ тағ анда тұ рақ ты болып келетін заттарды бастапқ ы затттар деп атайды, ал олардың титрленген ерітінділерін даярланғ ан дейді. Осындай заттардың титрленген ерітінділері арқ ылы басқ а ерітінділердің титрін анық тауғ а болады.

Ерітіндінің титрі (Т) – ерітіндінің бір куб сантиметріндегі немесе бір миллилитріндегі еріген заттың массасы. Титрдің ө лшем бірлігі - г/мл. Титрді тө мендегі формула бойынша есептеуге болады: T = m/V

мұ нда: m – еріген заттың массасы, г; V – ерітіндінің кө лемі, мл.

Ерітіндінің титрі белгілі болса, эквиваленттің молярлық концентрациясын мына формула бойынша есептеуге болады: CЭ = T·1000/ MЭ

мұ нда: МЭ - еріген зат эквивалентісінің молярлық массасы.

Ерітіндідегі ә рекеттесуші заттар ү шін эквивалент заң ы мына тең деумен ө рнектеледі: CЭ(1) · V1 = CЭ(2) · V2

мұ нда: C Э(1), C Э(2) – ә рекеттесуші ерітінділердің эквивалентісінің молярлық концентрациялары, моль/л;

V1, V2 – ә рекеттесуші ерітінділердің кө лемдері, мл.

Ә рекеттесуші заттар ерітінділерінің біреуінің концентрациясы мен кө лемі белгілі болса, осы тең деуді пайдаланып екінші ерітіндінің концентрациясын анық тауғ а болады:

C Э(1) = (C Э(2) · V2) / V1

Ерітіндідегі талдайтын заттың массасын (г) анық тау ү шін мына тең деуді қ олданады: m = СЭ ·MЭ· V / 1000

мұ нда: CЭ жә не V – жұ мысшы ерітіндісінің эквивалентісінің молярлық концентрациясы мен кө лемі;

МЭ – анық тайтын зат эквивалентісінің молярлық массасы.

Ал егер талдау барысында зерттелініп отырғ ан ерітіндінің кө лемін ө лшеуіш колбада белгілі бір кө лемге дейін сумен сұ йылтса жә не титрлеуге оның қ ажетті аликвотты мө лшері алынатын болса, онда заттың массасын мына формула бойынша есептейді:

m = MЭ· СЭ ·V ·Vө.к. / 1000·Vал.

мұ нда: CЭ жә не V – жұ мысшы ерітіндісінің эквивалентісінің молярлық концентрациясы мен кө лемі;

МЭ – анық тайтын зат эквивалентісінің молярлық массасы,

Vө.к. – ө лшеуіш колбаның кө лемі;

Vал. – аликвоттың кө лемі.

 

Ерітінділердің концентрациясын белгілеу.

Молярлы концентрация, СМ ә рпімен белгіленеді, 1 дм3 (л) ерітіндідегі еріген заттың моль санын nA, не 1 см3 (мл) ерітіндідегі еріген заттың миллимоль санын кө рсетеді. Заттың бір молі оның граммен не миллиграммен алынғ ан молярлы массасы М(X): n(моль)=m(г)/М(X)г/моль; n(ммоль) = m(мг) / М(X) г/ммоль. Ерітіндідегі еріген заттың массасын (m) табу ү шін оның моль санын бір мольдің массасына (молярлық масса) кө бейту керек. Мысалы, концентрациясы 0, 2 M кү кірт қ ышқ ылының ерітіндісінде

CH2SO4=0, 2 M=0, 2 моль/л; M(H2SO4)=98, 08 г/моль;

m(H2SO4)=0, 2 моль/л. 98, 08 г/моль=19, 6 г/л, яғ ни 19, 6 г H2SO4 бір литр ерітіндіде еріп жү р. Жалпы тү рде:

m(X)=С. M(X).

Эквиваленттің молярлы концентрациясы С(f э, Х) ә рпімен белгіленеді, 1 дм3 (л) ерітіндідегі еріген заттың мольэквивалент санын nЭ, не 1 см3 (мл) ерітіндідегі еріген заттың миллимольэквивалент санын кө рсетеді. Мысалы:

H2­SO4+2NaOH=Na2SO4+2H2O,

немесе: 1/2H2SO4+NaOH=1/2Na2SO4+H2O

мольэквивалент H2SO4=1/2 моль H2SO4

1/2 – «эквиваленттік фактор» деп аталады – fэкв. Қ ышқ ылды-негіздік реакцияларда fэкв ә рекеттесуге қ атысқ ан сутек иондарының санымен, ал тотығ у-тотық сыздану реакцияларында тотығ у, не тотық сыздану реакциясына қ атысқ ан электрондар санымен анық талады.

fэкв мә ні жү ретін реакцияның тең дігіне байланысты 1сутегі ионына не 1 электронғ а сә йкес (эквивалентті) заттың (ион, молекула т.б.) ү лесін кө рсетеді:

H3PO4+NaOH=NaH2PO4+H2O fэкв(H3PO4)=1

H3PO4+2NaOH=Na2HPO4+2H2O fэкв(H3PO4)=½

H3PO4+3NaOH=Na3PO4+3H2O fэкв(H3PO4)=1/3

не: KMnO4+5FeCl2+8HCl=MnCl2+5FeCl3+4H2O+KCl

MnO4-+8H++5e→ Mn2++4H2O fэкв(KMnO4)=1/5

Fe2+–1e→ Fe3+fэкв(Fe)=1

С(f э, Х) концентрациясы арқ ылы берілген ерітіндідегі еріген заттың массасын табу ү шін оның мольэквивалент санын бір мольэквиваленттің массасына n(Мэ) кө бейту керек. Бір мольэквиваленттің массасы молярлық масса мен эквиваленттік фактордың кө бейтіндісіне тең:

Мысалы, мольэквивалент H2SO4: M(1/2H2SO4) = fэкв(H2SO4). M(H2SO4) = 1/2. 98, 08=49, 04 г/моль.

Мольэквивалент KMnO4: M(1/5 KMnO4)=fэкв(KMnO4). M(KMnO4)=1/5.158, 0=31, 6 г/моль.

С(1/2H2SO4 ) = 0, 1М = 0, 1. fэкв моль/л,

m(H2SO4) = 0, 1fэкв(H2SO4)·M(H2SO4) = 0, 1 моль/л .

98, 08 г/моль = 4, 904 г/л

C( KMnO4)=0, 5М

m(KMnO4)=0, 5.M( KMnO4)=0, 5. fэкв(KMnO4);

m(KMnO4)=0, 5 моль/л. 31, 16 г/моль=15, 8 г/л.

Жалпы тү рде: m(X)=Сн. fэкв. M(X).

Ерітіндінің титрі, Т ә рпімен белгіленеді, ол – 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм, не миллиграмм мө лшері.

Егер ерітіндінің молярлы, не нормальды концентрациялары белгілі болса бұ л ерітіндінің титрін былай табуғ а болады:

; немесе:

Керісінше, ерітіндінің титрі белгілі болса, оның молярлы не нормальды концентрациясы жең іл табылады:

; ;

Мысалы, 250 мл ерітіндіде 24, 52 г H2SO4 еріп жү р. Осы ерітіндінің Т, СМ жә не Сн (fэкв = 1/2) неге тең деген сұ рақ қ а былай жауап беруге болады:

Жұ мысшы ерітіндінің анық тайтын зат арқ ылы титрі – TЖ/А, бұ л анық тайтын заттың 1 мл жұ мысшы ерітіндімен ә рекеттесетін грамм мө лшері.

Мысалы: TH2SO4/CaO=0, 004679 г/мл, 1 мл кү кірт қ ышқ ылы 0, 004678 г CaO-мен ә рекеттеседі. Ерітіндінің эквивалентінің молярлы концентрациясы белгілі болса, оның анық тайтын зат арқ ылы титрін табу қ иын емес:

;

Ерітіндінің концентрациясын анық тайтын зат арқ ылы титрмен белгілеудің тиімділігі – анализдің нә тижесін есептеу жең ілденеді: mА=VЖ. ТЖ/А. Мысалы, темір анық талатын ерітіндіні титрлеуге 20, 00 мл ТKMnO4/Fe=0, 005850 г/мл KMnO4 ерітіндісі жұ мсалады. Егер 1 мл KMnO4 ерітіндісі 0, 005850 г темірмен ә рекеттесетін болса, онда 20, 00 мл KMnO4 20, 00 мл. 0, 005850 г/мл грамм темірмен ә рекеттеседі:

mFe = TKMnO4/ Fe. VKMnO4= 0, 005850 г/мл. 20, 00 мл = 0, 1170 г.

Ерітіндінің проценттік концентрациясы (С %) 100 г ерітіндідегі еріген заттың грамм мө лшерімен белгіленеді. Мысалы, 3 % NaCl ерітіндісі десе, ол 100 г ерітіндіде 3 г NaCl жә не 97 г су барын кө рсетеді.

Процентті концентрациядан молярлы не эквиваленттің молярлы концентрациясына ауысу ү шін ерітіндінің тығ ыздығ ын еске алу керек. Ерітіндінің массасы (Р), оның тығ ыздығ ы (r) жә не кө лемінің (V) арасындағ ы байланыс

P = V. r, немесе: V = .

Мысалы: тығ ыздығ ы 1, 14 г/мл 20, 0 % кү кірт қ ышқ ылының молярлы жә не эквивалентінің молярлы концентрацияларын табайық: fэкв (H2SO4) = 1/2. Алдымен 100 г 20, 0 % ерітіндінің алатын кө лемін табамыз: V= = 87, 7 мл. 20, 0 % ерітіндінің 100 г не 87, 7 мл мө лшерінде 20, 0 г H2SO4 бар. Содан кейін бұ л ерітіндінің титрін, молярлығ ын жә не эквиваленттің молярлы концентрациясын табамыз:

Жалпы тү рде: ;


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.01 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал