Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.






Структура-семантикалық компоненттерінің қ атысына қ арай жай сө йлем: толымды жә не толымсыз, жалаң жә не жайылма болып та жіктеледі.

Толымды сө йлем. Тұ рлаулы мү шелері тү гел, мазмұ ны толық сө йлем толымды сө йлем деп аталады: Кірешілер Қ арағ андыдан шұ бап шығ а берді (Ғ.М.)

Толымды сө йлем толымсыз сө йлемге қ арама-қ арсы сө йлем.

Толымсыз сө йлем. Ойғ а қ атысты сө йлем мү шесі жоқ сө йлемнің тү рі толымсыз деп аталады: 1. Кү ндізгі ала шабыр бұ лт кө к жү зінде тұ тасып зілдей боп басып апты. 2. Бірақ бұ л жолы тағ ы да жаумай тарқ айтын тү рі бар. (Ә.Н.) Осы мысалдағ ы бірінші сө йлем толымды сө йлем (екі негізді). Ал екінші сө йлемнің қ имыл иесі (бұ лт) бастауышы тү сірілген толымсыз сө йлем екендігін мә тінге қ арап байқ аймыз.

Толымды сө йлем мен толымсыз сө йлем айырмашылық тарын тануда мә тін мен ситуацияның рө лі айрық ша. Толымсыз сө йлемдердің қ ұ рылымдық жағ ынан мә тінмен, ситуациямен байланып жататындығ ы байқ алады. Бұ ндай жағ дай жақ сыз сө йлемдер мен атаулы сө йлемдерде айқ ын кө рінеді. Жақ сыз сө йлемдердің логикалық субъектісі немесе толық тауыш мү шесі тү сіріліп айтылуы осы мә тінмен байланысты болса, ол атаулы сө йлемде контекстен тыс, ешуақ ытта жеке дара сө йлем бола алмайды.

Толымсыз сө йлемдерде бас мү шелердің біреуі немесе екеуі де, кейде тұ рлаусыз мү шелер де тү сірілгені айқ ын байқ алып тұ рады. Бұ л сө йлемнің синтаксистік қ ұ рылымынан да кө рінеді. Толымсыз сө йлемдердің сө йлем ретінде ө мір сү руі мә тін мен ситуацияғ а байланысты.

Толымсыз сө йлемнің басты ерекшелігі – тү сіп қ алғ ан сө зді (тү сірілген) орнына қ ойғ анда сө йлемге айналады.

Ә рине, мұ ндай тү сірілу қ алай болса солай емес, белгілі бір коммуникативтік-стильдік мақ сатта жү зеге асады. Ол тү сірілген мү ше контекст пен ситуациядан табылып, орнына қ ойылу мү мкіндігінің болуымен сипатталады: Ақ баланың ө ң і аппақ қ удай. Баласын қ ұ шақ тай тү регелді. Есіктен шығ ар жерде ә лдене айтқ ысы келгендей, сә л қ айырылып тұ рды да, лә м-лим деместен жү ре берді. (Ә.Н.) Мә тінде ү ш сө йлем бар, алғ ашқ ы сө йлем бастауыш пен баяндауыштың қ атынасына қ ұ рылғ ан. Ал соң ғ ы екі сө йлемде бастауыш тү сірілген. Егер бастауышы (логикалық субъектісі) жоқ бұ л екі сө йлемді мә тіннен бө ліп жеке алсақ, пікір олқ ылығ ы айқ ын байқ алады. Ал контексте тұ рғ анда бұ л олқ ылық байқ алмайды, себебі бастауыш немесе пікір субъектісі – алғ ашқ ы сө йлемде берілген «Ақ баланың ө ң і» сө зі. Егер осы «Ақ бала» сө зін кейінгі сө йлемдерге де жеке-жеке бастауыш етсек, олар мә тіннен тыс тұ рып та сө йлемдік дә режесін сақ тайды, пікір толық тылығ ы да сақ талады. (Ақ бала баласын қ ұ шақ тай тү регелді. Ақ бала есіктен шығ ар жерде ә лдене айтқ ысы келгендей, сә л қ айырылып тұ рды да, лә м-лим деместен жү ре берді.) Сө йтіп бұ лар мә тіндегі ө зін толық тыруғ а болатын сө здер есебінен толымды болады да, екі негізді сө йлем болып табылады. Сонда бас мү шелердің тү сірілуі есебінен «толымсыз» болатын негізінен екі негізді сө йлемдер.

Бастауышы жоқ толымсыз сө йлем мен бір негізді сө йлемдердің ө зара ұ қ састық тары бар. Бұ л сө йлем тү рлерін ажыратуда қ иындық туғ ызып келеді.

Жоғ арыда аталып ө ткендей, толымсыз сө йлемдегі бір мү шенің тү сірілуі контекст пен ситуацияғ а байланысты болады. Ал бір негізді сө йлемдерде бас мү шелер «тү сірілмейді», ол о бастан болмайды, оны сө йлемнің ішкі қ ұ рылымы да, ішкі мазмұ ны да қ ажетсінбейді.

Сонымен сө йлемнің толымсыздығ ы мен бір негізділігінің ұ қ састығ ын сө з қ ылғ анда, олардың ө зара ұ қ састық тары тек сыртқ ы кө рінісі ғ ана екендігін байқ ауғ а болады. Толымсыз сө йлем жай сө йлемнің кез келген мү шесінің тү сіріліп айтылуына байланысты пайда болатын толымды сө йлемдердің стильдік варианты болса, ал бір негізді сө йлем тарихи жағ ынан солай болып қ алыптасқ ан, екі негізді сө йлемге қ арама-қ арсы қ ойылып қ аралатын сө йлем тү рі.

1. Жалаң сө йлем. Жай сө йлем қ ұ рамына қ арай жалаң жә не жайылма болып бө лінеді. Жай сө йлем сө йлемнің негізі болып табылатын тек қ ана тұ рлаулы мү шелерден қ ұ ралса, онда ондай жай сө йлемдер жалаң сө йлем деп аталады. Мысалы, Қ ыс қ атты, қ ар қ алың (М.Ә.). Ақ бала тоқ тай қ алды (Ә.Н.). Ә лиза келді. Ә ң гіме ү зіліп кетті (Ә.Н.)

2. Жайылма сө йлем. Тұ рлаулы мү шеден басқ а тұ рлаусыз мү шенің бірі немесе бірнешеуінен қ ұ ралғ ан сө йлем жайылма сө йлем болып саналады. Мысалы, Кү здің таң ы баяулап атып келеді екен (М.Ә.). Мө ң ке бұ л кү ні балық тан кеш қ айтты (Ә.Е.). Тең із оғ ан таныс. Жаз ортасы ауғ асын-ақ ұ лы тең іздің жел-қ ұ зы кө бейді (Ә.Н.).


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал