Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Географиялық оқу танымдық жорықтар






География курстарының оқу бағдарламасында 6 – сыныптарды күзгі және көктемгі оқу таным жорықтары қарастырған 6 – 8 саны 9 сыныптарға танымжорық жергілікті кәсіпорындарға ұйымдастырылады. Географиялық танымжорық – оқу тәрбие жұмыстарының формаларының бірі болып табылады. Оны өткізу сабақ сияқты мұғалім үшін міндетті болып саналады.

Таным жорық (экскурсия) кезінде оқушыларды физикалық және экономикалық географиялық білімге негіз болатын табиғи және шаруашылық нысандармен құбілістар жөніндегі бейнелі және мазмұнды түсініктері қалыптасады. Жеткілікті жердегі жүретін көптеген құбылыстар мен үрдістер жөніндегі оқушылардың физикалық географиялық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік беріп қызықтырады. Сыныптағы күзгі танм жорық кезінде оқушылардың алған білімін литосфера жер бедерінің түзілу жолдары жөніндегі түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Таным жорықтың жинақталған материялдарды (өлкетану) принцптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

6 – 8 сыныптарда жүргізілген таным жорықтардың материялдары Қазақстанның жер бедері мен геологиялық құрғақшылық генетикалық байланыстарын анықтауға пайдалануға болады.

Қазақстанның ішкісуларын өткенде ішкісулар жергілікті жердегі өзендерді негізге ала отырып өзендердің қоректену жолдар жылдық режимі шаруашылық маңызын анықтауға қолданылады. Жергілікті жердегі кәсіпорындарға жасалған танымжорықтар кәсіпорын еңбек өнімділігі, мамандану, кооперативтендіру өндірістік байланыстар, сияқты күрделі түсініктерді 9 – шы сынып оқушыларына қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Таным жорық кезінде белгілі бір аумақтағы табиғат компоненттерінің арасындағы байланыстарды оқып үйрену арқылы табиғат кешендеріндегі тепе – теңдікті сақтау заңдылығы, олардың тұтастығына байланысты екенін анықтайды. Жергілікті аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасу заңдылықтарын танып білу табиғат байлықтарын үнемдеу, қоршаған ортаның табиғат тепе – теңдігін сақтау туралы дүниетанымдары қалыптасады.

Кәсіпорындарға танымжорық жасау кезінде оқытылып өнеркәсіптің белгілі бір саласының өндіріс үрдістері мен оны ұйымдастыру формалары еңбек өнімділігінің тиімділігін арттырудың жолдарымен танысады.

Қорыта айтқанда оқу – таным жорықтары мектептегі оқушыларға географиялық білім беру жүйесінің маңызды тармағы болып табылады. Күзгі таным жорық кезінде сынып оқушылары жер бедерін тау жыныстарын жергілікті жердегі су ресурстарын анықтайды, негізгі мақсаты жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктерін төмендегі білімдерін қалыптастыру.

Таным жорық кезінде төмендегі сарамандық жұмысты орындайды:

  1. Жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің салыстырмалы биіктігін жыраның тереңдігін нивелирдің көмегімен анықтау.
  2. Нивелирдің көмегімен төбенің, өзен аңғарының беткейінің көлбеулігін анықтау
  3. жарқабақтарының таужыныстарының қабаттарының суреттерн салып құрамын анықтау
  4. жер бедерін өзгертетін сыртқы күштерді анықтау, өзен жағалауының жайылуын анықтау
  5. күн мен компастың көмегі мен бағдралау

Таным жорық кезінде төмендегі жұптасқан өзара байланыстарды анықтау ұсынады:



  1. Жер бедерімен жер бедерінің тау жыныстарының арасындағы байланыстар
  2. тау жыныстарының қабаттары мен жер асты суының тереңдігінің арасындағы көктемгі таным жорық кезінде жер бедері ментау жыныстарының литологиялық құрамының алуан түрлілігіне байланысты қалыптасатын әртүрлі табиғат кешендеріне сипаттама береді.

Мақсаты: Тау жыныстары мен олардың жыныс бағыттары, табиғат кешендерінің қалыптасу заңдылықтары жөнінде алған білімдерін бекітіп түсініктерін қалыптастыру. Көктемгі танымжорықты оқушылар 7 – ші сыныптағы әртүрлі табиғат жағдайларындағы түзілген табиғат кешендеріне сипаттама береді.

Мақсаты: 6-шы сыныпта өткен табиғат компоненттерінің өзара байланысын бекіту. Таным жорық кезінде оқушылар жер бедері мен географиялық құрлысының жербетінің ылғалдану дәрежесі мен жылынуының өсімдіктердің арасындағы үш таужыныстарымен топырақ өсімдіктерінің арасындағы байланыстарды анықтайды. Жылу мен ылғалдың, өсімдіктердің арасындағы байланысты таудың солтүстік және оңтүстік (күнгей теріскей) беткейлерді салыстыру арқылы анықтаған дұрыс.

Табиғат компоненттерінің өзара байланысын анықтау арқылы оларды белгілі бір климат жағдайында дамуына көз жеткізеді. Таным жорық белгіленген жоспар бойынша табиғат кешендеріне сипаттама берумен қорытындыланады.

  1. Географиялық орны (елдімекен өзендерге қатысты жағдай)
  2. жер бетінің ерекшелігі
  3. тау жыныстары
  4. топырағы, өсімдіктері, табиғат кешендерінің аты

8 – ші сыныпта «өзнің тұрған облыстарының табиғат кешендер» тақырыбын өткенде ұйымдастырылады

Мақсаты: жергілікті жердің аумақтың табиғат кешендерін анықтап оларға кешенді физикалық – географиялық сипаттама беру.

Таным жорық кезінде мектеп нивелирін қолданып жергілікті жердің өзен аңғарының географиялық көлднең қимасы тұрғызылады.

Қимасызба барлық табиғат кешендерін кескіндеуі тиіс орографияның көлденең қима сызбасы өсімдіктері, топырағы, тау жыныстары бояумен боялып сыртқы белгімен көрсетіледі. Жұмыс барысында жар қабақтың биіктігі , ұзындығы мен ені өлшенеді.

Полярлық көзмөлшермен кескіндеу жұмыстары жүргізіліп шағын аумақтың сызбасы (планы жасалады). Табиғат кешендерінің дамуы адамның шаруашылық әрекеті анықталады. Таным жорық барысында тау жыныстары мен жер бедерінің топырақтың қалыптасуының арасындағы жер бедерінің ерекшелігі мен ылғалдану дәрежесі мен жылынуын арттырады.

Жер бедерінде тау жыныстары мен өсімдік топырақтың арасындағы байланыстар анықталады. 9 – шы сыныпта жергілікті өндіріс орындарының біріне таным жорық жасап кәсіпорында экономикалық географиялық сипаттама беруге қажетті материялдар жинақтайды. Таным жорық барысында таныстырушының айтқанын тыңдап қажетті ақпараттарды жазып отырады.

Кәсіпорындар төмендегі жоспар бойынша сипаттама береді

  1. Географиялық орны
  2. Кәсіпорынның тарихы
  3. Кәсіпорынның маманданған саласы өндірістік өнісмдерінің түрлері)
  4. Кәсіпорынның өндірістік үрдісінің негізгі кезеңдері (цехтар)
  5. Негізгі инженерлік – техникалық жұмысшы мамандары
  6. Цехтарды көру реті (шикізаттан дайын өнімге дейін техникалық қауыпсіздік ережелерін сақтауы

 



mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2022 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал