Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Билік пен қоғам 1 страница






Мемлекеттің қ ұ рылуы жә не ұ йымдастырылуы. Ұ лы Тү рік қ ағ анаты – 552-604 жылдар аралығ ында қ азіргі Орталық Азия мен Қ азақ стан территориясында ө мір сү рген ерте ортағ асырлық мемлекет.Бұ л мемлекеттің негізі Ашина руы басқ арғ ан тү ркі тайпаларының одағ ынан қ ұ рылды. Тү рік қ ағ анаты бір ғ асырғ а толмас уақ ыт ө мір сү рсе де, аталғ ан ареал шебінде бұ рын болмағ ан, тарихта ең қ уатты, ең ірі империя ретінде аты қ алғ ан мемлекет қ ұ рды.Ол гү лденуінің ең жоғ ары шағ ында жә не территориясының неғ ұ рлым кең ейген уақ ытында Евразия қ ұ рлығ ының едә уір бө лігін басып жатты.Оның иелігінде VI ғ асырдың соң ында Манчжурия, Моң ғ олия, Алтай, Шығ ыс Тү ркістан, Орта Азия, Қ азақ стан, Солтү стік Кавказ жерлері болды.Жалпы алғ анда, қ ағ анаттың шекарасы батыста Днепр ө зенінен шығ ыста Амурғ а дейін, солтү стікте Енисей ө зенінен оң тү стікте Тибет тауларына дейінгі кең істікті қ амтыды [1, 116 бет].

Бұ л дала империясы қ алай пайда болды деген сауалғ а жауап іздегенде О.Трицактың ең бегіндегі пайымын келтіруге болады: «Егер бір уақ ытта ө лкеде дарынды билеуші шық са, ол бірігіп алдымен ө з руын, ал сосын тайпаны, ақ ыры тайпалық одақ ты бағ ындырып алу ү шін қ ол астына кү шті жә не адал амдамдарды жинағ ан.Кейіннен ол ө з адамдарымен қ арақ шылық жорық тарды жасағ ан.Егер ол жорық тар сә тті аяқ талса, кө рші тайпалар тайпалық одақ қ а қ осылып отырғ ан.Келесі міндет бір жағ ынан, ү стем тайпалық одақ тарды жою болса, екінші жағ ынан ө лкелік бекіністерде ә скери жасақ тар қ ұ ру болды.

Ө лкедегі қ асиетті жерлерге иелік ету жаң а одақ тың билеушісінің абыройын асырды.Бұ л арқ ылы империясы заң ды кү шке ие болды.Ү стем рудың ө кілдері мырза ретінде санала бастағ аннан кейін, бекініс маң ындағ ы қ асиетті жерде жаң а одақ қ а кірген тайпалардың ақ сү йектері қ атысқ ан қ ұ рылтай шақ ырылып, онда ө лкеде хан болуғ а ү міткерді таң дағ ан.Хан лауазымынан басқ а, жаң а мемлекет пен одақ тың атауы қ ойылғ ан» [2, 116 бет]. Бұ л жерде кейбір тұ старда ғ алыммен пікірталасқ а тү суге болады, бұ ғ ан қ арамастан аталғ ан пайымдағ ы сипаттау дә л тү ркі мемлекетінің қ ұ рылу жағ дайына қ атысты айтылғ андай.

Тү ркілердің мемлекетін ғ ылыми ортада Тү рік қ ағ анаты деп атайды, ал тү ркілердің ө здері мемлекетін Ел («Мә ң гілік ел» атауын да айтсақ болады) деп атағ ан.Мемлекетті ұ йымдастыру ісіне келгенде тү ркілер жужандардың ү лгісіне жү гінген кө рінеді.Бұ л туралы И.Коломийцевтің ең бегінде: «Тү ркілердің мемлекеті жужандардыкіндей екіге бө лінген: шығ ыс жә не батыс.Жужандарғ а бағ ынышты телеуіттердің Гаогюй мемлекетін еске тү сірсек, ол да екі бө ліктен тұ рғ ан.Айырмашылығ ы тек солтү стік жә не оң тү стік болып бө лінуінде» [3], - деп жазылады.

Гоагюй мемлекетінің тарихына ү ң ілсек, оның екі бө лікке бө лінгені дә лелді факт.Мемлекет атауы қ ытай тілінде «биік арба» мағ ынасын берген.Солтү стіктің билеушісі «Ұ лы император» деп аталса, оң тү стіктегі билеуші титулы – «Мұ рагер билеуші».

Бұ дан шығ атын тү йін, Тү рік қ ағ анаты да ұ йымдастырылуы бойынша екі бө ліктен қ ұ ралғ ан.Батыс бө лігі тардуш деп аталса, шығ ыс бө лігі толыс деп аталғ ан.Сонымен бірге, территориялық -ә кімшілік тұ рғ ыда мемлекет жерлері нақ ты хандық, бұ дұ ндық, тұ тұ қ тық иеліктерге бө лінген.Жалпы алғ анда, барлық мемлекеттік қ ұ рылымдарды шартты тү рде екі категорияғ а жіктеуге болады [4]: 1) шаруашылық типіндегі бірлестіктер: оқ тар, бұ дұ ндар т.б.; 2)тү ркілердің ә кімшілік-территориялық, кең істік бө лінуі: хандық тар, тұ тық тық тар, шад иеліктері, ә скери қ анаттар, жаулаушылық кезіндегі алынғ ан бағ ынышты жерлер.Бұ л қ ұ рылымдар мемлекетпен федеративті-автономды немесе протекторатты формада басқ арылғ ан.

Ә леуметтік жә не басқ ару қ ұ рылымдары. Тү рік қ ағ анатындағ ы ә леуметтік таптарды кө бінесе ү шке бө лі қ арастырады: 1)ашина руның ө кілдері қ ұ ратын ақ сү йектер; 2) еркін адамдардан тұ ратын халық – «қ ара бұ дұ н»; 3) «таттар» - қ ұ лдар.

Ә леуметтік жә не билік иерархиясының басында ашина руының ө кілі - қ ағ ан тұ рғ ан.Ең жоғ арғ ы басқ ару билігі тиесілі болғ ан қ ағ ан титулы 551 жылы тү ркілердің саяси ұ йымының егемендік алуымен бірге орнық ты.Қ ағ ан титулы дә режесіне қ арай екіге бө лінсе керек: «ү лкен қ ағ ан» жә не «кіші қ ағ ан».Бұ л шешімге келуімізге С.Г.Кляшторныйдың Бумынның жай қ ағ ан емес «ү лкен қ ағ ан» болып жариялануы туралы сипаттамасы жә не бұ л оқ иғ ағ а қ анық қ ытай авторы С.Цзунчженның тұ жырымы [5 (11), 86 бет] итермеледі.Ал бұ дан ресми тү рде Бумынның билігі уақ ытында кіші қ ағ ан атағ ын Істемі иеленгені анық талады.Ү лкен қ ағ ан тұ тастай қ ағ анат пен оның шығ ыс бө лігін билесе, кіші қ ағ ан қ ағ анаттың батыс бө лігін басқ арғ ан жә не оғ ан қ оса дә режесі бойынша мемлекеттік жабғ у шенімен ү йлесіп, сә йкес келген.Сонда Істемінінің жабғ у шенімен қ атар, кіші қ ағ ан титулын да ұ стап тұ рғ аны болып шығ ады.

Қ ағ ан титулына қ атысты бір саяси дә стү рдің болғ аны анық талып отыр.Ол дә стү р бойынша, келесі шарттарғ а жауап берген билеуші, тү ркілер елінің қ ағ аны болып саналды: 1) Ашина руының, ә сіресе Бумын мен Істемі ұ рпақ тық линиясының ө кілі болу; 2) қ ағ анды сайлау қ асиетті Ө тікен жерінде ө туі; 3) билеушінің жұ байы – «қ атын» ашина руынан шығ уы; 4) ү міткер ү лестік-сатылық жү йенің тә ртібі бойынша кезегін кү туі тиіс болды [4].

Қ ытай деректерінде қ ағ анның тағ айындалу салтанаты кү рделі ү рдіс болғ аны жазылады.Кө з жеткізу ү шін оны суреттеп берсек: қ ағ ан тайпаның кө семі ретінде таң дап сайланғ ан.Қ ағ анның лауазымды кө мекшілері оны киізге отырғ ызып, кү н шең бері бойынша тоғ ыз рет айналдырып жү рген, жан-жағ ында қ атысушылар шулап сә лем беріп тұ рғ ан.Содан соң қ ағ анды атқ а отырғ ызып, тамағ ын жібек жіппен орап тартқ ан жә не жіпті жылдам босатып, тақ та қ анша жыл отырғ ысы келетінін сұ растырғ ан.Болашақ хандардың жауабы тарихта маң ызды жайт ретінде қ алмағ аны байқ алады.Сондық тан бұ л ә дет-ғ ұ рып ө зінің ә уелгі негізін жоғ алтқ ан кү йде сақ талғ ан болса керек.

Сол қ ытай деректеріндегі классификация бойынша, тү ркілердің билік иерархиясындағ ы лауазымдардың негізгі тобы 28 дең гейлі болғ ан, олар жоғ арғ ы жә не тө менгі шендерге бө лінген.Жоғ арғ ы шенділерге жабғ у, тегін, шад жатқ ан.

Мемлекеттегі қ ағ аннан кейінгі екінші лауазым иесі жабғ у болып табылды.Жабғ у қ ағ анның орынбасары қ ызметін атқ арды деуге болады ә рі ү стем ру ө кілдерінен сайланды.Бұ л ретте айта кететіні, Істемінің ағ асы Бумын қ ағ анның билігі кезіндегі лауазымы жабғ у еді.Алайда, қ ағ анның мұ рагері ретінде жабғ у емес, тегін саналды.Тегіннің қ андай қ ызмет атқ аратыны мұ рагерлікке ә сер етпеді. «Шад» деген титулғ а ү стем тап ө кілдері қ анынан тарағ ан ханзадалар ие болды.Оғ ан қ оса олардың иелігінде жер ү лесі болды [6, т. I, 260 бет].

Одан маң ызы тө мен шендерді Ашина руына жатпайтын тұ лғ алар алғ ан, бірақ олардың барлығ ы мұ рагерлік жолмен берілген [сонда, 299 бет].Сондай-ақ, ол шендерге ерекше қ абілеттерімен артылғ ан халық тан шық қ ан адамдар қ ол жеткізе алды.Ол шендердің қ атарында елтебер, еркін, тархан, тұ тұ қ тар болды.Қ алғ ан шендерге тү рлі дең гейдегі тарқ андар мен бұ йрық тар жатты.

Орхон жазбаларының мә тіндерінен қ ытай дереткерінде кездеспейтін жоғ арғ ылардан бө лек титулдар атауларын кездестіруге болады.Ол титулдар – «апатархан» жә не «шор».«Апатархан» титулы жоғ ары қ олбасшыларғ а берілген.Қ ытай деректерінде ол «апотаткан» формасында келеді жә не ү немі жоғ ары қ олбасышылық қ а қ атысты мә нде қ олданылады.«Шор» титулы орхон жазбаларында басқ а кү рделі титулдардың қ ұ рамдас бө лігі ретінде пайдаланылады.Мағ ыналық жағ ынан бұ л титул ә скербасын немесе ү здік жауынгер сө здеріне жақ ын.

Жалпы алғ анда саяси шенділердің тобын бектер деп атағ ан.Тү ркілердің билік ө кілдеріне деген ерекше қ атынасын, тү ркілердің фольклордан алынғ ан ү зіндімен кө рсетуге болады: «Жердің тірегі – тау, елдің тірегі - бек».

Басқ арылатын қ ұ рылымның сипатына сә йкес бектердің тө мендегідей санаттары болғ ан [4]:

1)Ірі қ ауымдардың рубасылары, кө не тү рік қ оғ амының алғ ашқ ы тірегі болғ ан таң дамалы бектер;

2) Қ ағ анмен рулардың ә кімшілік байланысын - оқ тарды басқ аруғ а қ ойылғ ан ашиналық емес бектер.Оларды, ә детте, шадапыт титулымен атағ ан.

3) Қ ағ анның отбасынан шық қ ан ә рі қ ағ анмен рулық бірлестіктерді басқ аруғ а қ ойылғ ан бектер.Оларды, ә детте, ұ лы еркіндер немесе алпағ улар [7 (44), 223 бет] деп атағ ан.Ұ лы еркіндерді ә кімшілік-территориялық аймақ ты - оқ ты басқ ару ү шін орталық тан тағ айындағ ан.Оқ тардың саны онғ а тең болғ ан.

Тү рік қ оғ амындағ ы еркін адамдардан тұ рғ ан «қ ара бұ дұ н» ә леуметтік табы қ оғ амның негізі болып табылды.Басқ а сө збен айтқ анда, бұ л тапты кең қ олданылатын «бұ қ ара халық» атауының ұ ғ ымына қ атысты алып тү сінуге болады. Ө з кезегінде бұ л туралы анығ ырақ айтылады.

Тү рік қ оғ амында ақ сү йектер жә не еркін адамдармен қ атар ә скери тұ тқ ындар қ атарынан болғ ан жеке басының еркіндігі жоқ қ ұ лдар да белгілі болды.Олардың басым кө пшілігі ә йелдер болғ ан.Оны айғ ақ тайтын тарихи жә йттар жиі кездеседі.Істемі хан Византия елшісі Земархқ а 569 жылы қ ырғ ыз елінің тұ тқ ын ә йелін сыйғ а тартты [8(112), 379 бет]; ал Қ ытайдан тұ тқ ын ә йелдер сә тті жорық тар кезінде мың дап шығ арылды: 619 жыл Чуло хан Бинчжоуды алып, «қ аладағ ы барлық ә йелдер мен қ ыздарды алып кеткен» [6 (30), т. I, 246 бет].Тағ ы бірде, тұ тқ ындарды бө ліске салғ анда шад Юйгу тағ ынан айырылғ ан болатын [сонда, т. I, 287–288 бет].Бұ дан тү ркілерде қ ұ л иеленушілік дә стү рі болғ ан, тіпті олардың қ оғ амында белгілі бір дең гейде таралғ ан деген қ орытындығ а келеміз.Бірақ қ ұ лдық Римдегі қ ұ лдық сынды классикалық формада жү рмеген.Ө йткені тү рік қ оғ амындағ ы жағ дайлар қ ұ лдық ты тура функциясында қ олдануғ а ың ғ айсыз ә рі пайдасы болғ ан.

Л.Н.Гумилев кө рсеткен тұ жырымғ а сай қ ұ л мә селесіне келгенде бір сұ рақ туындайды: қ ұ лдардың кө шпелі мал шаруашылығ ында қ олданылуы қ алай жү зеге асқ ан? Қ ұ л егер кемтар болмаса, кез келген уақ ытта қ ожайынның жылқ ысымен қ ашып кете алады, оғ ан кеткен шығ ын ақ талмайды.Қ оғ амдағ ы қ ұ лдың жағ дайы ауыр болмағ анғ а ұ қ сайды, оның ү стіне бұ л туралы жазба кездеседі. 486 жылы Шаболио ханғ а ө зін Суй ү йінің вассалы ретінде мойындауы туралы ұ сыныс жасалады.Шаболио сұ райды: «вассал» сө зінің мағ ынасы қ андай? Оғ ан жауап береді: «Суй патшалығ ындағ ы вассал сө зі мен тү ркілердегі қ ұ л сө зі бір мағ ынағ а ие».Хан: «Аспан ұ лының қ ұ лы болу мағ ан бақ ыт», - деп елшіге ризалығ ын танытады.Біреуге қ ұ л болудың қ андай бақ ыты бар деген ой туындайды.Расына келгенде, Шаболио хан ө зін қ ытай имераторына «qul» деп қ абылдағ анда, мү лде басқ а мағ ынадағ ы қ атынасты мең зеген [9].Бұ л мә селенің контекстінде «qul» сө зінің дұ рыс аударылуы жатыр.Ол сө здің аудармаларын қ арастырып кө рейік, қ ытай тілінде «qul» сө зі «nu» емес, «tch'in» деп аударылады, оны Н.Я.Бичурин «вассал» деп, ал Ст.Жюльен «sujet» [10 (234), vol. III, p. 497], яғ ни «қ ол астындағ ы» деп келтіреді.Бұ л орайда, Орхон жазбаларындағ ы кейбір мә тіндер бұ л «qul» сө зінің қ атысты мә селедегі қ араң ғ ылық қ а жарық тө геді.Мысалы, Кү лтегін жазбасында айтылады: «...табгач будунка баглик уры оглын кул болты, силик кыз оглын кюнг болты...» [11(104), 29 бет], яғ ни «... табғ аш халқ ына олар «тү ркілер» мық ты ерлерінің ұ рпақ тарымен «қ ұ л» атанды жә не таза ә йелдерінің ұ рпақ тарымен «кү ң» атанды».

Аталғ ан мә селеге қ атысты екінші бір мә тінге кө ң іл аударсақ: «Елтеріс қ ағ ан тә ртіп орнатып, елін жә не қ ағ анын жоғ алтқ ан, қ ұ л мен кү ң ге айналғ ан, тү ркі жарғ ыларын бұ зғ ан халық ты ү йретті.Ол жарғ ыларына заң дарына халық ты бағ ындырды» [сонда, 37–38 бет].Бұ л жерде де халық толығ ымен еркіндігінен айырылмағ ан, тек жат елдің адамына бағ ынышты болғ ан.

Сонымен, біздің сү йенетін анық тауымыз бойынша, «qul» сө зінің негізгі мағ ынасы – жат ел билеушісіне бағ ыныштылық [9] болып шығ ады.Бұ л контекст ХІХ ғ асырғ а дейін сақ талғ ан, содан соң «qul» сө зі сатылғ ан қ ұ лдарғ а қ атысты да қ олданыла бастады.Ал VI – VIII ғ асырлардағ ы қ ұ лдардың қ олданысы ө згеше тү рде болғ ан: тү ркілер қ ұ лдарды белгілі бір жерге орнық тырып алып, олардан алым-салық шегеріп отырғ ан.Ә йелдерді ү й қ ызметшісі жә не «некесіз ә йелдер» («наложницы») ретінде падаланғ ан [12 (118), т. III, т. V, Общественный строй].С.П.Толстов тек қ олө нер жә не егіншілік ө німдерімен салық тө леген тұ тқ ындар қ оныстанғ ан елді-мекендердің ө мір сү ргенін кө рсеткен [13 (162), 261бет].

Ү лестік-сатылық жү йе. Тү рік қ ағ анатындағ ы билік саласындағ ы ө згеше элементтердің бірі – ү лестік-сатылық жү йе.553 жылы тақ қ а Бумын қ ағ анның бірінші ұ лы Шету тақ тан аластатылғ аннан кейін, екінші ұ лы Кушу отырады.Ол Мұ қ ан қ ағ ан деген титулды иеленеді.Мұ қ ан қ ағ ан кезінде қ ағ анаттың саяси ә леуеті артып, аталғ ан ү лестік-сатылық жү йе қ алыптасады.Оның арқ асында Тү рік қ ағ анаты Азиядағ ы ү стемділік етуші рө лін 100 жылдан астам ұ стап тұ руғ а жә не VI-VII ғ асырлардағ ы Иран, Византия сынды ұ лы державалармен бә секелесуге мү мкіндік алды.

Жү йенің мә ні мұ рагерлік тә ртіпке негізделді.Тү рік қ ағ анаты ә скери кү штің кө мегімен немесе Л.Гумилев жазғ андай «найзаның ұ шымен жә не қ ылыштың ө ткірлігімен» қ ұ рылғ ан.550-560 жылдарда Азияның едә уір аймағ ын алып жатқ ан Сары тең ізден Еділге дейінгі жерлерде қ оныстанғ ан барлық кө шпелі тайпаларды бағ ындырғ ан.Бірақ бұ л ұ лан-ғ айыр территорияны бағ ындыру аз, оны бағ ынышты кү йде ұ стап тұ ру қ ажет еді.Бұ л мақ сатта қ атаң қ анаушылық кү шке жү гінген тү ркілерге бағ ынышты тайпалардың кө ң ілі толмады.Сондық тан Ашина руына қ арсы бас кө терулер мемлекет қ ұ лағ анғ а дейін толастамай, бө лшектенудің қ аупі сейілген емес.

Мұ қ ан қ ағ ан алдында тұ рғ ан ө зекті ішкі саяси проблеманың бірі шеткері территориялардың бө лінуінің алдын алу болды. Бағ ынышты тайпалардың адалдығ ы тү ркілердің атты ә скері жақ ын маң да жү ргенде ғ ана сақ талды.Бұ л жағ дайда тек сол тайпаларды билеуге тағ айындалғ ан, жеткілікті ә скери кү шке ие билеуші ө кілдері ғ ана қ арсылық жә не бө ліну ә рекеттеріне тосқ ауыл қ оя алды.Алайда қ олында билік те, ә скер де бар ө кілдің қ ағ анғ а толық адалдық танытуы кү мә нді болды.Тіпті, ө кілдердің туыстар арасынан қ ойылуы мә селені шешпеді, ө йткені туысқ андық қ атынастар адалдық тың кепілі бола алмады.

Жү йенің идеясы келесідей болды: ә скери кү шпен қ орқ ыту да ә рі туысқ андық қ атынастар да адалдық тың кепілі болмауына себепті, ол ө кілдерді орталық билікке байлайтын мү дделерді ұ сынудың қ ажеттілігі туындады.Ү лестік-сатылық жү йе орнатқ ан мұ рагерлік тә ртіпті қ олдану осы қ ажеттілікті ө теудің тиімді шешімі болды.Тә ртіптің реті бойынша, ә кеден билік ұ лғ а емес, ағ адан ү лкен ініге не ү лкен жиенге берілді.Тақ қ а ү міткер ханзадалар басқ ару ү шін ү лесін иемденді [9].

568 жылы тү ркілердің мемлекеті тө рт ү лестен тұ рды, 576 жылы ү лестер сегізге кө бейді.Ә р ү лесті билеуші ө кілдері басқ арды жә не ү лестер жерден гө рі, ә скери кү штердің бө лінуіне қ атысты болғ ан сынды.Мұ қ ан қ ағ ан 572 жылы ө мірден ө ткеннен соң, тақ қ а ол енгізген жаң а тә ртіпке сай інісі Тобо хан келді.Тобо ханды Менандр ең бегінде Арсила деген атпен кө рсетеді [8 (112), с. 374, 418]. Бумынның баласы Тобо қ ағ анның атына қ атысты бірнеше нұ сқ а бар: бірі тотемдік – Арслан, тағ ы бірі - 1956 жылы табылғ ан Бұ ғ ұ т стелласындағ ы соғ ды жазбасында оқ ылғ ан Таспар есімі [14, 129 бет].

Кляшторный C. Г., Лившиц В. А. Согдийская надпись из Бугута // Средняя и Центральная Азия: география, этнография, история.. —М.: Наука, ГРВЛ, 1971. — С. 129.

Тобо қ ағ ан 572 жылы ү лестерді бө ліске салды.Шығ ыстағ ы ү лесті жиені Шетуге, батыстағ ыны бауырына берді, ол бауыры кө п ұ замай қ айтыс болып, ү лестерді баласы Бө рі хан алды.Мұ қ ан қ ағ анның баласы Тө ременде солтү стікте ү лесі болды, сонымен бірге Естемінің ұ лдарында да ү лестер болды: Қ ара Шұ рындыкі Жетісуда, Тү рксанфтыкі тө менгі Еділ мен Оралда орналасты.Қ ағ анның ө з ордасы тү ркілердің атамекені Алтайда болса, қ алғ ан екі ү лес қ ағ анның ұ лдары Амрақ пен шад Тегінге тисе керек [9].

Кү рделі ү лестік-сатылық жү йенің мұ рагерлік тә ртіп туралы заң ы алғ ашқ ы кездерде тиімділігімен кө зге тү сті.Біріншіден, екі рет кә мелетке толмағ ан ханзаданың тақ қ а отыруына тосқ ауыл қ ойылды, керісінше болғ анда қ ағ анат дағ дарысты жағ дайғ а тү сер еді.Екіншіден, билік ә рдайым тә жірибелі билеушілердің қ олында қ алып отырды.Ү шіншіден, ү леске ие қ ағ анның ө кілдері жоғ арғ ы билікке жету ү мітімен ешқ андай қ арсылық ә рекеттерінсіз қ ызметтерін атқ арды.Мемлекет аумағ ы барлық бағ ытта ү лкейе берді.

Деректерге қ арағ анда ү лестік-сатылық жү йе тү ркілер ү шін жаң а болғ ан, бірақ оның прототипі ғ ү ндарғ а тиісті [15 (63), 213–214 бет] болуы мү мкін.Қ ағ анат ү шін бұ л жү йенің жағ ымды нә тижелерімен қ оса, жағ ымсыз нә тижелері де білінді.Іс жү зінде жү йенің толық ойластырылғ андығ ына жә не аяқ талғ андығ ына қ арамастан, тү ркілердің қ оғ амы монолитті болмағ ан, ө йткені халық қ а ортақ мү дделердің бар болуының ө зінде ә скери ақ сү йектердің бө лініп шығ уы ізсіз қ алмады.Бұ л ерекшелік рулық тұ рмыстың сақ талуына сеп болғ ан ө ндірістік кү штердің тө мен дең гейімен жә не кө шпелі мал шаруашылығ ының жағ дайымен тү сіндіріледі [16(135), 28 бет].

Тү ркілер қ оғ амындағ ы ішкі қ атынастарды зерттей келе, тарихта Ашина руына қ арсы қ атардағ ы жауынгерлер жасағ ан бірде-бір кө терілістің болғ аны тіркелмеген.Барлық кө терілістің басында ашина руынан шық қ ан ханзадалар не князьдар тұ рғ ан. Князьдардың тірегі жә не қ орғ аны жауынгерлер болып табылды.Бұ л ретте, жауынгерлер княздарғ а мү дделерін орындатуғ а не оларды тастап кетуге ерікті болды.Мемлекет ішінде қ ақ тығ ыстардың туындайтыны айқ ын еді.Бірақ қ ақ тығ ыстар жауынгерлер мен ақ сү йектер арасында емес, рулық бірлігімен қ атар, ортақ мү дделері бар жауынгерлер мен ақ сү йектерден қ ұ ралғ ан жеке топтардың арасында шық ты.Бұ дан шығ атыны, жауынгер тү ркілердің билік ө кілдеріне жә не олардың саясатына қ арсы шағ ымдары болмағ ан, себебі олардың билеуші ә улетті алып тастауғ а қ ызығ ушылық тары жоқ болғ ан, оның ү стіне мү дделері орындалмаса кө терілістің басына келетін ханзаданы табу ә рқ ашан мү мкін болатын еді.

Мұ қ ан қ ағ ан билеген кезден бастап қ ағ аннаттың бақ ылау аумағ ында тә ртіп, тұ рақ тылық, татулық орнайды, уақ ытша жә не шартты сипатқ а ие болса да, бұ ғ ан ү лестік-сатылық жү йе факторының оң ық палы тиді.Сондық тан да тү ркілер мемлекетінің экономикасындағ ы кө шпелі мал шаруашылығ ы т.б. салаларда қ алыпты шаруашылық ісін жү ргізуге қ ажет жол ашылды.

Халық. Тү рік қ ағ анатында жұ ртты «қ ара бұ дұ н» деп аталғ анын білдік.Бұ ндағ ы «бұ дұ н» термині халық ұ ғ ымынан гө рі, жеке қ ауым ұ ғ ымына мағ ыналық тұ рғ ыдан жақ ын.Жұ рттың қ ұ рамында осы бұ дұ ндар мен оларғ а қ арсы қ ойылатын бектер болды.Бұ ны мына сө йлемнің оны контекстінен аң ғ арамыз: «turk baglar budun» – «тү ркі бектері жә не халық» немесе, «тү ркі бектерінің халқ ы» жә не «turk qara budun» – «тү ркілердің қ ара халқ ы».Бұ л сө йлемнен бектерді ү стем тап ө кілдері ретінде қ абылдаймыз, ал тұ тас халық тың атауы «қ ара бұ дұ н» терминімен сипатталу қ ажеттілігіне саяды.Бірақ бұ ндағ ы «қ ара» сө зі олардың қ оғ амдағ ы ө те тө менгі дә режесіне байланысты болуы екіталай екенін ескеруге тиіспіз, бұ л жерде олардың мызғ ымас ауызбірліктің арқ асында кө пшілікті қ ұ рағ аны кө рсетіледі.

Жалпы, бұ дұ н мен бектер қ ұ рғ ан қ ұ рылым этникалық негізге емес, ә скери–саяси негізге ие.Ал енді тү ркілердің халқ ын кімдер қ ұ рады деген сауалғ а жауап беріп кө рсек.Ә р ү лесті билеген ханзадалар мен билеуші ө кілдерінің ордасына онда болғ ан тү ркілердің (ру-тайпалардың, қ ауымдардың) ө здерінен басқ а, тә уелділікке тү скен жужанжардың бір бө лігі жә не белгілі бір себептермен туғ ан жерін жә не Қ ытайдағ ы ә скери-мемлекеттік қ ызметтерді тастап келген адамдар топтасты.Олардың шығ у тегі ә р тү рлі болды, алайда Л.Н.Гумилевтің ең бегінде олар ортақ кө не тү рік тілінде сө йлескен жә не сондай адамдардың саны ү немі артып отырғ аны [9] туралы айтылады.Сондық тан да тү ркілердің халқ ының қ ұ рамы шығ у тегі ә р тү рлі этностық бірліктердің қ осылуынан полиэтникалық формада болды деп тұ жырымдай аламыз.

Кез келген қ арапайым ә скери-саяси қ ұ рылымда ә скердің бө ліктерге, нақ тырақ айтсақ қ анаттарғ а бө лінетіні белгілі.Тү рік қ ағ анатында да бұ л тенденция сақ талғ анын кө рдік.Батыс бө лік толыс, шығ ыс бө лік тардуш болып, олар ә р тү рлі тайпалардан тұ рды.Жалпы тайпалардың бірлестігі бұ дұ н болып табылды.Бұ дұ ндағ ы тайпалық бірлікті білдіретін термин «оғ ыз» деп аталды.Е.Прицак «оғ ыз» терминін оқ сө зінің айтылуының басқ аша нұ сқ асы ә рі тайпалардың тармақ талуы ретінде кө рсетеді [17(59), 19–20 бет].Тү рік қ ағ анатының мұ рагері Батыс Тү рік қ ағ анатында бұ дұ н он оқ тан қ ұ рылғ аны (дулу жә не нушиби тайпалық бірлестіктерінің ә р қ айсысы 5 тайпадан ө зіне қ осқ ан) мә лім.


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал