Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топырағы мен өсімдік дүниесі






 

Топырақ —кү рделі табиғ и қ ұ рылым. Ол ә ртү рлі факторлардың (климат, тау жыныстары, тірі организмдер, Г.б.) ө зара ә рекеттесіп, ө згеру нә тижесің де пайда болады.

Маң ғ ыстау топырағ ының қ ұ рылысы оның ә р ө ң іріне сай ә ртү рлі ө згешеліктерге ие болғ анымен, негізінен қ оң ыр жә не сұ р қ оң ыр топырақ типтерінен тұ рады. Қ оң ыр топырақ қ оң ыр тү сті болып келеді жә не қ ара шірік қ абаты едә уір дамығ ан, қ ұ нары біршама жақ сы болады. Ал сұ р қ оң ыр топырақ ақ шыл, кейде ақ тү сті болып келеді, қ ара шірікке ө те кедей (1%-дан аз).

Екі топырақ қ а да ортақ қ асиеттер - олардың тек шө л дала зонасына ғ ана тә н болуы. Олар негізінен сазды, саздауытты жыныстардан тү зілген. Қ оң ыр топырақ Маң ғ ыстау тү бегінің солтү стігі мен солтү стік-батысында, Оң тү стік Жылыойда ғ ана таралса, қ алғ ан территорияларды сұ р қ оң ыр шө л топырағ ы алып жатыр, яғ ни терістіктен кү нгейге қ арай топырақ типтерінің ауысуында табиғ и зоналылық айқ ын байқ алады.

Екі топырақ тың да қ ұ рылысы қ арапайым ә рі қ ұ нары аз. Неоген жә не тө рттік дә уір шө гінділерінде қ алыптасқ ан қ ара шірік (гумус) қ абатының қ алындығ ы 10-20 см-ге жетеді. Қ оң ыр топырақ тың астың ғ ы қ абаты тығ ыз, беткі қ абаты бос шаң дауытты болады, екі типтегі топырақ та ө те жұ қ а, қ атты қ абық шамен қ апталғ ан.

Маң ғ ыстау топырағ ына тұ здылық, сондай-ақ кө п мө лшердегі гипс, мергель болуы жә не карбонаттылық тә н. Осының бә рін қ алыптастырушы жә не анық таушы - Каспий тең ізі. Бұ л тең із - Маң ғ ыстау жертарабының табиғ и геохимиялық касиеттерінің ең басты жасаушысы.

Маң ғ ыстау топырағ ы неоген жә не тө рттік дә уірдің тең іздік шө гінді жыныстарында қ алыптасқ ан. Қ ұ рғ ақ климат топырақ қ ұ рамында табиғ и тұ здылық тың болуына ә келіп соғ ады. Сондай-ақ бұ л қ асиет тең ізден соқ қ ан желдің тұ з шаң дарын ү немі тасымалдап отыруының арқ асында кө беймесе, кеми қ оймайды.

Топырақ қ абаты терең деген сайын тұ здылық кү шейеді, ө йткені 30-50 см тө мендіктен сармат ә ктастың қ абаты басталады. Барлық қ абатында да жоғ ары карбонатты, кү шті гипстенген (топырақ тың астың ғ ы қ абатында гипстің мө лшері 20-30 пайызғ а жетеді).

Маң ғ ыстаудың геологиялық тарихының кө п кезең і тең із астында ө тті. Яғ ни ә ктас, мергель, гипс сияқ ты шө гінді қ абат кү шті тұ здыланғ ан. Облыс территориясында, біріншіден, жер бетіндегі ағ ын сулардың болмауы, екіншіден, ө те кұ рғ ақ, ыстық климаттың болуы оның тұ здылығ ын сақ тайды. Ал ә ртү рлі сыртқ ы геологиялық кү штер ә серінен топырақ тың тұ здылығ ы ү немі толық тырылып отырылады.

Сонымен, Маң ғ ыстау топырағ ы біршама қ ұ нарлы болғ анымен, оның қ ұ рылымы ете ә лсіз. Егін еккен жағ дайда суару, тың айту, т.б. ә рекеттер кезіндегі сә л ғ ана ауытқ ушылық оның екінші рет тұ здануына ә келіп соғ ады. Сондық тан облыс жерінде асқ ан білімділік пен ү здік ә дістерді қ ажет етеді. Яғ ни қ арабайыр ә діспен егін егу жерді 2-3 жылда істен шығ арады. Маң ғ ыстау топырағ ы жердің бедеріне, тау жынысының қ ұ рамына, топырақ тү зуші негізгі жынысқ а, т.б. байланысты қ оң ыр жә не сұ р қ оң ыр топырақ қ ұ рамына қ арай 6 тү рге бө лінеді:

1) қ оң ыр топырақ;

2) қ оң ыр сұ р топырақ;

3) қ иыршық тасты нашар дамығ ан қ оң ыр топырақ;

4) сұ р топырақ;

5) сұ р қ оң ыр топырақ;

6) қ иыршық тасты нашар дамығ ан сұ р қ оң ыр топырақ. Қ иыршық тасты топырақ кө біне Таулы Маң ғ ыстау жерінде кездеседі. Бұ лардан басқ а оқ шауланғ ан, шағ ын учаскелерде кездесетін шалғ ындық -батпақ тық топырақ тар, сортаң дар, сондай-ақ топырақ қ абаты жоқ қ ұ мдар жә не тастақ тар жиі кездеседі.

Ең ді топырақ таралуын географиялық ө ң ірлер бойынша қ арастырайық.

Оң тү стік Жылыойдың топырақ қ ұ рылысының басым бө лігін қ оң ыр шө л топырағ ы қ ұ райды. Ү стірт шың дарының етегіндегі ү лкен ойлар мен аң ғ арларда сұ р қ оң ыр топырақ ты алқ аптар басым. Кейде қ иыршық ты нашар дамығ ан сұ р коң ыр топырақ тар да кездесіп қ алады. Ө ң ірдің онтү стік батысында сортопырақ, оң тү стігінде қ оң ыр сортопырақ алып жатыр. Жем ө зенінің ежелгі тармағ ы мен Шағ ан ө зенінің орнында шалғ ындық -батпақ ты топырақ тың шағ ын учаскелері кездеседі. Солтү стік-батыста теміржол комиясының маң ында ү лкен Қ арашағ ыл-Қ арақ ұ м қ ұ мды массиві орналасқ ан.

Бозащы ө ң ірі топырағ ының басым бө лігі сортопырақ жә не қ оң ыр сортопырақ. Тү бектің солтү стігін (Керел-Ортаеспе), солтү стік-батысын, сондай-ақ Ө ліқ олтық пен Қ айдақ ты топырағ ы жоқ сорлар алып жатса, сортаң топырақ тар мен сорлардың шағ ын учаскелері Орталық Бозащыда жиі кездеседі. Солтү стік Ақ тау мен Қ аракешудің солтү стігіндегі бө лікте қ оң ыр сортаң топырақ ты жерлерде ара-тұ ра сұ р қ оң ыр топырақ тар да кездесіп тұ рады. Ал оң тү стікте, Жаманқ ызылит, Қ аракешу жә не Қ асқ ыржол аралығ ындағ ы жерлерде таза қ оң ыр топырақ тар да кездеседі.

Таулы Маң ғ ыстау ө ң ірін тү гел дерлік қ оң ыр топырақ алып жатыр. Бірақ Қ аратаулар мен Ақ таулар аралығ ындағ ы ойларда нашар дамығ ан қ иыршық тасты қ оң ыр топырақ басым. Ү стіртке жақ ын бө лігінде сұ рқ оң ыр топырақ дамығ ан, сондай-ақ кішкене қ оң ыр сортопырақ ты жерлер де кездесіп тұ рады. Қ аратау жоталарының кө п жерінде топырақ жамылғ ысы жоқ, тек жалаң тастар ғ ана. Тау етектерінде ылғ алы мол сайларда шалғ ын топырағ ы дамығ ан.

Кө терің кі Маң ғ ыстау ө ң ірінің топырақ қ ұ рылымы едә уір кү рделі, нашар дамығ ан: Солтү стігінде, Таулы Маң ғ ыстауғ а таяу жә не солтү стік-батысында (Тү пқ арағ ан тү бегі, Саура-Ақ тау-Ұ лутас мү йісі аралығ ы, Қ арақ ия тө ң ірегі) қ оң ыр, қ оң ыр сортаң жә не қ иыршық тасты. Басқ а қ ұ рылымдардан Тұ збайыр, Қ арашек, Қ ауынды, Қ арынжарық, Қ арақ ия сияқ ты сорлары кездеседі. Кейбір сулы ойларда шалғ ындық топырақ дамыса, Оң тү стік Маң ғ ыстауда тақ ыр учаскелер жиі кездеседі.

Ү стірт ө ң ірінің топырақ таралымы біркелкі. Мұ нда барлық жерде дерлік сұ р қ оң ыр шө л топырағ ы таралғ ан. Дегенмен, шындарғ а таяу жерлерде, Бейнеу жақ та, оң тү стікте таза сұ р қ оң ыр топырақ басым болса, калғ ан бө лігінде оның сортаң тү рлері басым. Ал шың ды аймақ тарда нашар дамығ ан қ иыршық тасты тү рі таралғ ан. Сондай-ақ топырағ ы дамымағ ан Қ аратү лей, Манашысор сияқ ты сорлар, Сам сияқ ты қ ұ мдар, шағ ын тақ ырлар кездесіп тұ рады.

Ү стіртте " бозінген" деп аталғ ан топырақ тү рі кездеседі, ол ү сті жұ қ а қ абық шамен жабылғ ан борпылдақ гипстен тұ рады, аты, сірә, тү йенің жиі аунайтындығ ынан шық са керек.

Біз Маң ғ ыстау топырағ ының қ ұ рылымы ө те нашар дамығ андығ ын атап ө ттік. Оның жоғ арғ ы қ абаты жұ мсақ, борпылдақ болып келеді де, беті жұ қ а қ атты қ абық шамен қ апталады. Қ абық ша топырақ ты жел мен судың ә рекетінен барынша қ орғ айды. Алайда ауыр салмақ ты (автомашина, т.б.) кү шке шыдай алмай тез бұ зылады да, жуық арада қ алпына келе қ оймайды.

Бұ зылғ ан участок су мен желдің ө серінен ұ лғ айып, шаң Кө терілуіне жә не ө сімдіктің ө спеуіне апарып соқ тырады. Ә сіресе Ү стірттің гипсті борпылдақ тарында осындай процестер кү шті дамиды. Кө лік жү рген жерлер бірте-бірте пиниялық ойыстарғ а айналып, жаң бырлы кезде батпақ болып кө лікті жү ргізбейді, сондық тан кө ліктер ү немі жаң а жол жасауғ а мә жбү р болып, бірте-бірте жолдар, яғ ни бұ зылғ ан топырақ кө лемі ұ лғ ая береді. Оғ ан Маң ғ ыстау Тү бегі мен Қ ыр ү стіндегі айқ ыштағ ан мың дағ ан жолдар айғ ақ, ал осындай жолдар қ айтадан топырақ ты жерге айналуы ү шін кемі 20-30 жыл керек.

Ғ алым В.Г.Мордокович " Далалық экожү йелер" деген кітабында (Новосибирск, 1982) қ ой мен далалық жертарап арасындағ ы мынадай байланысты келтіреді. Қ ой тұ яғ ының керді басып тұ ратын бө лігінің (табанының) ауданы 50 Шаршы сантиметр (см2). Оның орта салмағ ы 50 кг болғ анда, Керге тү сіретін кү ші 1, 0 кг/см, ал салыстырмақ болсақ ә скери бронетранспортердікі 0, 5 кг/см, яғ ни екі есе аз. Қ ой тә улігіне орта есеппен 10 км жү ріп, 40 мың із қ алдырады. Бұ л 200 м2 (кв.м) жерді таптау деген сө з. Ал елу қ ойы бар Шағ ын отар 1 гектар жайылымды кү ніне 2 кг/см кү шпен таптайды, бұ л 30 танкінің қ атар (тығ ыз) қ алыпқ а тұ рып, даланы 4 рет арлы-берлі тегістегенмен бірдей екен.

Мал санын есепсіз кө бейте беру де, малды ү немі бір территорияда тығ ыздастырып бағ у да, топырақ қ абатын, ол арқ ылы ө сімдік қ абатын жоюғ а ә келіп тірейді.

Қ азіргі Маң ғ ыстауда дә стү рге айналғ ан шө п шабу, дайындау да тек қ иын экономикалық қ ажеттіліктен туындап отырғ аны болмаса, топырақ -ө сімдік жамылғ ысын баяу жоқ қ ылатын ә діс.

Шө п шапқ ыш жә не тасымалдағ ыш техниканың дө ң гелегі мен шабу қ ұ ралдары топырақ ты, кө п жағ дайда ө сімдіктерді тамырымен қ опарып алады, сө йтіп жыл сайынғ ы ө німділік кө рсеткіші баяу да болса тө мендей береді.

Манғ ыстау облысы шө лдік-шө лейттік табиғ ат зонасында жатқ андық тан, Қ азақ станның басқ а табиғ ат зоналарына Қ арағ анда ө сімдіктер дү ниесіне кедей. Облыс жерінде 400-ден аса ө сімдік тү рлері ө седі. Катаң табиғ ат ө сімдіктердің континенттік қ ұ рғ ақ климатқ а бейімделуіне жағ дай жасағ ан.

Шө л ө сімдіктері шө птесін, шалабұ та жә не бұ та болып бө лінеді, олар шө л жертарабының (ландшафтың) ө сімдік қ абатының ә ртү рлі дең гейін қ ұ райды. Олардың ө су мерзімі (бір жә не кө п жылдық) ә ртү рлі болады. Эфемерлер мен эфемероидтар тек кө ктемде қ ысқ а мерзімге ғ ана ө сіп, гү лдеп, шө лде ерекше кө рікті ә р береді. Негізгі шө птесін ө сімдіктер: ақ мия, адыраспан, алабота, ажырық, ақ қ урай, бидайық, боз сораң, боз иген, балық мұ з, бетеге, бә йшешек, домалатпа, дү бірше, жантақ, жусан, изен, кияқ, қ ызылтамыр, қ ұ ртқ ашаш, қ ұ маршық, қ оқ ырбас, қ ұ мжуа, қ ызғ алдақ, қ амыс, қ алқ анселеу, қ оянжын, кә ріқ ыз, ебелек, майқ аң бақ, монданақ, мортық, раң, сораң, сарғ алдақ, селеу, сасыр, шытыр, шырыш, ши, торсылдақ, еркекшө п т.б.

 

 

Елек шө п-Ситник- (Juncus gerardii)

 

 

Шалабұ талар шө птесін ө сімдіктерден бұ талар арасындағ ы ө тпелі ө сімдіктер тобын кұ райды. Олардың жоғ арғ ы жағ ы шө птесін ө сімдіктерге ұ қ саса, тө менгі жағ ы ағ аш дің гегіне ұ қ сап, қ абық танып келеді. Биіктігі кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жапырақ тары ұ сақ, майда бү ршіктері болады. Маң ғ ыстаудың негізгі шалабұ таларына қ ызбалтыр, итсигек, изен, бұ йырғ ын, қ араматау, кө кпек, тал бұ йырғ ын, боз жусан, қ ара жусан, сексеуілше, сарсазан, баялыш, сораң, кү йреуік, шытыр жатады.

 

Қ ызғ алдақ -Тюльпан-(Tulipa schrenkii)

 

Шө л флорасының жоғ арғ ы қ абатын бұ талар мен ағ аштар қ ұ райды. Олардың кә дімгі ағ аштардан айырмашылығ ы - діндері кө п болады. Биіктігі 5-6 м-ге дейін жететіндері бар жә не 15-30 жыл ө мір сү реді. Облыс ө сімдіктерінің жоғ арғ ы қ абатын ақ таспа астрагал, тү йеү йек астрагал, қ ызыл жың ғ ыл, жү згін, қ ызыл жү згін, қ ұ ба тал, қ арағ ан, тү йесің ір, жұ мсақ жеміс, қ оянсү йек, сексеуіл, ақ тікен, Рихтер сораң ы, тобылғ ы тү с, терек, шең гел, шоң айна, қ ұ ланқ ұ йрық, қ ылша т.б. тү рлер қ ұ райды. Ө сімдіктердің ү ш тобының да жеке ө сімдіктерінің де ө сетін жері, ө су ұ зақ тығ ы, таралу аймағ ы, алатын орны ә ртү рлі. Маң ғ ыстау ө сімдіктер дү ниесінің ең басты ерекшелігі - біртұ тас ө сімдік жамылғ ысының болмай, жеке ө сімдіктердің шашыраң қ ы ө суі.

Кө кпек-Лебеда-(Atriplex mikrantha)

 

 

Екінші бір қ асиеті — қ ұ рғ ақ шылық пен ыстық климатқ а бейімделуі (ксерофиттік). Мұ ндай ө сімдіктердің жер бетіндегі бө лігінен гө рі тамырлық жү йесі жақ сы дамып, ылғ ал алуы ү ш метр терендікке дейін барады. Шалабұ талардың кө п бұ тағ ы ағ аш тә різді қ абық танып, жыл сайын тек азғ ана ө скіндер дамып, бірнеше ай ө мір сү реді.

Шө л ө сімдіктері (ксерофиттер) ө з бойындағ ы азғ ана ылғ алды ү немдеу ү шін ә ртү рлі ғ асырлық бейімдеулерді басынан ө ткізген. Кө птеген ө сімдіктердің жапырағ ы кіп-кішкене, шағ ын болып келеді (жусан), ал кейбірінде жапырақ тың жапырақ аты қ алмайды (қ ылша сияқ тылар), жантақ сияқ тыларда жапырақ тың орнын тікенек басады. Селеу, бетеге, т.б. ө сімдіктердің ұ зын жапырағ ы тү тікшеге айналып оратылып дамиды. Осының бә рі ыстық кү н астында булануғ а барынша кедергі жасауғ а арналғ ан табиғ и бейімділік. Сондай-ақ шө л-шө лейт ө сімдіктердің сыртының тү кті-тү бітті болуы да, балауыз табымен шырыштанып тұ руы да осындай ә рекеттің қ атарына жатады.

Пияз-Лук-(Allium flavescens)

 

Маң ғ ыстау ө сімдіктері топырақ қ ұ рылымына байланысты Ә р жерде ә ртү рлі болады. Жалпы маң ғ ыстаулық жусанды-сораң ды жамылғ ысының ішінде қ оң ыр топырақ ты бө лігінде жусан, сұ р қ оң ыр топырақ та сораң басымырақ таралғ ан. Жусан қ азақ даласының символдарының бірі. Таулы Маң ғ ыстау мен Бозащыда бұ йырғ ын, изен, мортық, итсигек, адыраспан да жиі ө седі. Тауда тасйырғ ын ө седі. Шала бұ талар арасында сораң деп аталатын шө п тү рлері (бұ йырғ ын, тітір, баялыш, алабота, кө кпек, т.б.) жиі, ал сазды топырақ та кө бірек ө сетін сораң тү рі - бұ йырғ ын мен кө кпек. Сортаң топырақ та сораң дардан басқ а сарсазан, ажырық, шытыр, қ арабарақ, т.б. ө седі. Ө те кү шті тұ здылық қ а жеткенде сортаң жерлер сорғ а айналып, тұ збен кө мкеріледі, мұ ң дай жерлерде ө сімдік ө спейді деуге болмайды. Олар тым қ ұ рғ ақ жә не тұ зды болады, жаң быр мен желдің ық палымен кү шті тілімденген, жиі жыра торымен қ апталғ ан мұ ндай жер бедерін бедленд (ағ ыл.-" жаман жер") деп атайды.

 

Қ оң ырбас-Мятлик-(Poa bulbosa)

 

Маң ғ ыстау ө ң іріндегі осындай жер бедерінің ү лгісі - Тұ збайыр (Ү стірт шың дарының етегінде) ежелгі қ ұ рғ ақ сортаң ды саздар бар ө ң ір.

Қ арағ антү п пен Бозащының кейбір жерлерінде еркекшө п кө п алқ аптарда кездеседі.

Қ ұ мды шө лдер сазды шө лдерге қ арағ анда ө сімдіктер ә леміне бай. Ыза сулардың жер бетіне жақ ын орналасуы ө сімдіктердің жақ сы ө суіне жағ дай жасайды. Кө ктемгі жаң бырлы кезең де қ ұ мдар жасыл желекке оранады. Тек кө ктем айларында ғ ана ө мір сү ретін эфемер ө сімдіктер (бә йшешек, қ ызғ алдақ, сарғ алдақ, т.б.) саздақ тан гө рі Маң ғ ыстау қ ұ мдарында кө бірек ө седі. Сонымен қ атар Ү стірт, Сенек, Сам қ ұ мдарында бұ талардың басым кө пшілігі (жү зген, теріскен, шең гел, т.б.), биіктігі кейбір ағ аштан кем тү спейтін ақ сексеуіл ө седі.

Соң ғ ы жарты ғ асырда Маң ғ ыстаудың ө сімдіктер дү ниесі де ө ркениеттің қ ысымын кө рді, кейбір тұ рлері жойылып кетті де. Кө шпелі халық ү шін ө сімдіктер ең алдымен малғ а қ ажетті жайылым, сондық тан оның сақ талуы да мал шаруашылығ ына байланысты.

 

Сарғ алдақ -Лютик-(Ranunculus polyanthemus)

Мал бағ удың ғ асырлық дә стү рінің XX ғ асырда кү рт ө згеруінің салдарынан жайылым сапасы тө мендеп кетті. Малды артық бақ қ анда жайылым тапталып, топырақ қ абаты тығ ыздалып қ алады. Мұ ның ө зі ө сімдіктердің ө сіп-ө нуін қ иындатады.

Ө сімдіктердің азаюына басқ а да адам ә рекетінің тү рлері ә сер етеді. Мә селен, 1960 жылдары облыста 110 мың га қ алың сексеуіл тоғ айы ө ссе, қ азір 30 мың гектарғ а да жетпейді. Бұ л Бейнеу, Сенек-Сұ мса ө ң ірлеріндегі сексеуіл тоғ айларын отынғ а пайдалану мен тиімсіз мал бағ удың ә серінен болып отырғ ан келең сіз жайт.

 

Қ ылтанақ сыз арпабас-Костёр-(Bromus inermis)

 

Топырақ тың бұ зылуы, ө сімдіктердің азаюы, жайылым сапасының тө мендеуі ең алдымен атакә сіп - мал шаруашылығ ына ү лкен соқ қ ы болып саналады. Сондық тан Маң ғ ыстаудағ ы кө лік жолдарын реттеу, жайылымды артық пайдаланбау, бағ алы ө сімдіктерді жасанды тү рде кө бейту, энцемиктерді, эталондық учаскелерді қ орғ ау, жайылымды суғ ару, мал бағ удың тиімді жү йесін іздестіру - ө лке табиғ аты ғ ана емес, адам ө мірі ү шін кезек кү ттірмейтін шара.

Беде-Клевер-(Trifolium pratense)


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал