Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Созылмалы гломерулонефриттіҢ клиникалыҚ классификациясы






(И.Е.Тареева, 1995)

 

Клинилық тү рлері:

  • Нефротикалық гломерулонефрит
  • Латентті гломерулонефрит немесе созылмалы гломерулонефрит
  • Ошақ танғ ан зә р синдромымен
  • Гематуриялық гломерулонефрит
  • Гипертониялық гломерулонефрит
  • Аралас гломерулонефрит

 

Фазлары:

  • Ө ршу
  • Ремиссия

 

Бү йректің функциональды жағ дайы (СБЖ сатысы)

 

Клиникасы. СГН клиникалық кө рінісі ә ртү рлілігімен сипатталады. Аурудың ө ршуінің клиникасы ЖГН ұ қ сас. СГН ремиссия кезең індегі клиникалық кө рінісі аурудың клиникалық тү ріне тә уелді. Бұ л патологияның 5 негізгі клиникалық тү рін ажыратады.

Латентті тү рі (зә р синдромымен шектелген) зә р синдромы айқ ын емес немесе орташа тү рде кө рінеді: протеинурия кө біне 1 г/л аспайды, сирек 2 г/л жетеді (бірақ, 3 г/л аспайды), гематурия – кө ру алаң ында эритроциттердің 5-10-нан 30-50-ге дейін болуы. Бұ л тү рі жиі кездеседі жә не СГН клиникалық тү рлері ішіндегі ең қ атерсізі.

Нефротикалық тү рі (нефротикалық синдром) шектелген зә р синдромына қ арағ анда сиректеу кездеседі. Оның негізгі белгісі: массивті протеинурия (3-3, 5 г/тә у. жоғ ары), гипо- жә не диспротеинемия, гиперлипидемия (гиперхолестеринемия) жә не ісіну.

Гипертониялық тү рі. Кө ріністегі басты белгі – айқ ын емес зә р синдромы кезіндегі гипертензия жә не ісінудің болмауы. СГН бастапқ ы сатысынан бастап-ақ АҚ шамалы жоғ арлайды, кейіннен АҚ біршама жоғ арлайды жә не тұ рақ тығ а айналады. Осымен гипертониялық тү рі гломерунефриттің басқ а барлық клиникалық тү рлерінің кеш сатысында, СБЖ дамығ андағ ы болатын симтоматикалық гипертензиядан ерекшеленеді. АҚ жиі 160/100 мм с. б. б, сирек 180/110 мм с. б.б., кей жағ дайда 200/115-250/120 мм с. б.б. жетуі мү мкін. Клиникада, рентгеннологияда жә не ЭКГ-да – сол қ арынша гипертрофия белгісі, кө з торы қ ан тамырының ө згерісі, кеш сатыларды – нейроретинопатия анық талады.

Аралас тү рі- нефротикалық жә не гипертониялық синдромдардың қ осарлауымен сипатталады. Кей жағ дайда бір синдром екіншісінен басым болады, бірақ жиі екі синдромда бір уақ ытта пайда болады, нефротикалық синдромның клиникалық кө рінісі айқ ын кө рінеді жә не АҚ айқ ын жоғ арлайды. СГН басқ а тү рлерімен салыстырғ анда сирек кездеседі, бірақ та осы ауруларғ а тә н симптомдармен кө рінеді (гипертензия, ісіну, айқ ын зә р синдромы).

Гематуриялық тү рі- айқ ын жә не тұ рақ ты гематуриямен, ісіну жә не гипертензия болмағ ан кездегі айқ ын емес протеинуриямен ерекшелінеді. Гематурия жоғ ары дә режеге дейін жетуі мү мкін жә не макроскопиялық гематурияғ а (макрогематурия) анық талады. СГН гематуриялық тү рі диагнозы, тек гематурияның басқ а себептері (форникалды қ ан кету, бү йрек жә не қ уық ісігі, қ уық тың полипі, зә р тас ауруы т.б.) шектелгенде ғ ана қ ойылады. СГН гематуриялық тү рін бү йректің жеке нозологиялық ауруы - IgA-нефропатия (Берже ауруы) ажырату керек. IgA-нефропатия (Берже ауруы) жиі жас ер адамдарда кездеседі, оның патогенезі бү йректің шумақ шаларында IgA қ атысуымен иммунды комплекстердің жиналуымен тү сіндіріледі; клиникасы гематурия макрогематурия эпизодтарымен, қ атерсіз ағ ыммен жә не созылмалы бү йрек жеткіліксіздігіне сирек ә келуімен сипатталады.

Жеделдеу (қ ауіпті) гломерулонефрит нефротикалық синдромның артериальды гипертониямен қ осарласуымен, бірнеше ай ішінде СБЖ дамуының тез ү демелігімен сипатталады.

Жү ктілердегі нефропатия негізінен жү ктіліктің екінші жартысында дамиды жә не ә лсіз зә р синдромымен, сонымен қ атар зә р синдромынан басқ а ісіну жә не гипертензия байқ алады. Егер осы патологиялық белгілер алғ аш рет пайда болып жә не босанғ аннан кейін немесе жү ктілікті ү згеннен кейін жойылса, онда бұ л жү ктілік кезіндегі нефропатия. Егер зә рдегі ө згерістер (протеинурия, гематурия, цилиндрурия), кейде ісіну жә не гипертензия жү ктілік аяқ талғ аннан кейін де сақ талса, онда ол жү ктілік нефропатиясының созылмалы гломерулонефритке кө шкенін немесе созылмалы гломерунефриттің жү ктілікке дейін болғ анын, жә не оның жү ктілік кезіндегі ө ршігенін кө рсетеді. Шумақ тық фильтрацияның жә не бү йректің концентрациялық функциясының тө мендеуі СГН дә лелдей тү седі.

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.01 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал