Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу жолдары






Дәріс тезисі:

Бұған дейін диалектологияда жергілікті тіл ерекшеліктері екі тұрғыдан ғана зерттеліп келді: а) диалект мен сөйленістің әдеби тілден айырмасын көрсету; ә) қазіргі сөйленіс не диалектінің тіл тарихмен байланысын ашу. Бірақ бұлардың екеуі де толық зерттеу болып табылмайды.

Қазіргі диалектологияның алдында тұрған міндет мынадай екі саладан тұрады: 1. Сөйленістің тіл жүйесін барлық жағынан сипаттай отырып, арнайы зерттеу. 2. Тілдегі сөйленістердің өзара қарым-қатынасын, байланысын, территориясын анықтай отырып, толық классификациясын жасау. Бұл міндеттер тек диалектология үшін емес, жалпы қазақ тіл білімі үшін маңызды болып табылады. Сол себепті қазіргі тарихи-географиялық жағынан қалыптасқан жеке сөйленістерді зерттеу мәселесіне ерекше мән беріліп отыр.

Жергілікті жерде тіл ерекшелігінің сақталу дәрежесі мен қолданылу жайы бірдей емес. Мәселен, жергілікті сөйленістерге тән негізгі ерекшеліктер, көне тілдік құбылыстар әсіресе қарт адамдар мен туған жерінен ұзап шықпаған адамдардың және үй шаруасындағы әйелдердің тілінде көбірек сақталады. Бірақ жастар тіліне де назар аудару керек.

Қорытындылай келе сөйленістердің тілдік сипатын, ондағы өзгерістерді дәл анықтау үшін зерттеуші жергілікті тұрғындарды тіл жағынан бірнеше топқа жіктеп, солардың әрқайсысы жайында толық мағұлмат беруі керек.

Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 15], 3. [1.7: 17].

Қосымша әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 16].

Семинар сабақтарының жоспары



 

Тақырып атауы Семинар сабақтар
Диалектология пәні және оның негізгі ұғымдары. Тіл жүйесіндегі қазақ тілі диалектілерінің алатын орны. Диалектологияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Қазақ диалектологиясының зерттелу тарихы
Әдеби тілдің диалектілік негізі жайлы пікірлер және оған қазіргі көзқарастар
Әлеуметтік диалектілер мен ұлтық тіл
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Жаргон сөздердің қолданылуы
Диалектілік синоним, омоним, көпмағыналы сөздер
Қазақ сөйленістеріндегі кірме сөздер
Диалектологияның теориялық және практикалық мәні.
Қазақ сөйленістеріндегі дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
Сөйленістердегі дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
Қазақ сөйленістеріндегі сөзжасам саласындағы ерекшеліктер
Диалектілік фразеологизмдер мен сөз тіркестері
Морфологиялық ерекшеліктер
Синтаксистік ерекшеліктер
Барлығы

Семинар. Диалектология пәні және оның негізгі ұғымдары. Тіл жүйесіндегі қазақ тілі диалектілерінің алатын орны. Диалектологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

1. Диалектологияның сипаттамасы. «Диалектология» терминінің шығу төркіні, тарихы

2. Ұлттық тілдің негізгі бөліктері, ерекшеліктері. Әдеби тіл мен жергілікті ерекшеліктердің қарапайым сөздер және әлеуметтік диалектілерге қатысы



3. Диалектологияның басқа ғылым салаларымен байланысы

4. Жергілікті сөйлеу тілін оқып-үйренудің ғылыми және әдістемелік міндеттері

Тапсырмалар:Қазақ диалектологиясы пәнінің зерттеу нысанымен, тіл біліміндегі орнымен таныстыру, диалектілердің ұлттық әдеби тілге қатысы, диалектілерді зерттеудің қазақ тілі тарихын зерттеуде, мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде, қазақ тілі сөздіктерін, диалектологиялық карта, атлас жасауда маңызына тоқталу.



mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2022 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал