Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммунды Қабілетті жасушалар






Негізгі иммунды қ абілетті торшаларғ а лейкоциттер, олардың популяциясы, субпопуляциясы жатады.

Барлық лейкоциттер қ ан тү зетін дің жасушаларынан шы­ғ ады. Адам қ анында 4, 5—9, 5× 109/л лейкоцит бар. Бір лейкоцитке орта есеппен 1000 эритроциттен келеді.

Лейкоциттер қ озғ алау қ абілетімен (псевдоподия арқ ылы) қ ан -тамырларының эпителий қ абырғ аларынан ө те алады. Лейкоциттердің ү стінде кө пте­ген рецепторлар мен антигендері болады. Олардың кө бі барлық лейкоциттерде бірдей болғ андық тан лейкоциттердің иммундық реакцияларда бірігуіне болады.

Лейкоциттер қ анайналымында ешқ андай жұ мысқ а қ атыспайды, қ анай­налым олар ү шін тек «кө лік», олар тек мү шелер мен ұ лпаларғ а ө тіп, қ ызметке кіріседі. Қ анайналымда лейкоциттердің 1—2 % ғ ана жү реді.

Лимфоциттер – бө тен антигенге ө те жоғ ары спецификалық иммундық жауап бергізетін иммундық қ абілетті клеткалар. Қ андағ ы лимфоциттердің саны - 1—4× 109/л.

Лимфоциттердің 3 тү рлі популяциясы белгілі: В-лимфоциттер – антидене шығ аратын жасушаларғ а айналып, антиденелер шығ арады; Т-лим­фоциттер – бө тен антигенді таниды, В - жасушалардың антиденелерді шығ аруына кө мектеседі, бө тен жасушаларды танып ө лтіреді (киллинг), макрофагтарды, лимфокиндер шығ арумен басқ а жасушаларды да белсендіреді, иммунды реакциялардың жү руін (кү шін, ұ зақ тығ ын) бақ ылайды.

NK- жасушалар (табиғ и киллерлер) – иммундық реакциясыз-ақ вирустарды, қ ауіпті дін жасушаларын танып айырып, ө лтіреді (ісікке жә не вирусқ а қ арсы бірінші қ орғ аныс).

Т- жә не В- лимфоциттерінің рецепторларды жә не антигенді тануы ә ртү рлi.

Иммундық жауапқ а қ атысатын жасушалардың ә ртү рлі популяциясы генетикалық жә не функциялық ерекшелігімен сипатталады. Олардың ү стің гi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қ арай, жiктелуі (cluster differentiation, СД) қ олданылады.

Сү йек миының негізгі функциясы дін жасушаларынан иммунды қ абілетті жасушалар шығ ару. Барлық лимфоидты жасушалардың ү стінде липопротеинді антигені (жіктелу кластері – СД) бар.

Лимфоидты жә не миелоидты жасушалардың анасы – дің жасушаларының маркері – СД34+.

Сү йек миында антиденелердің ө німін белсендіретін миелопептид бар. Сондай ә сері бар препарат сү йек миынан алынып, «миелопид» атанды. Барлық жасушалардың 6-8%-ы ғ ана сү йек миындағ ы лимфоидты жасушалар. Уланғ анда, агранулоцитоз жә не радиациядан кейін сә улелі аурулардың дамуы, олардың сү йек миына ә сер етуіне байланысты.

1- кесте. Иммундық жауапқ а қ атысатын клеткалардың негізгі жіктелу маркерлері (С.А.Кетлинский, Н.М.Калинина, 1988)

СД маркері Маркерлі клетканың тү рі Функциясы
СД 1 Т-лимфоцит Антигенді ұ сынуғ а қ атысады
СД 2 Т-лимфоцит Нысанағ а цитотоксикалық Т-лимфоцит­тер­дiң адгезиясын, эндотелийге Т-лим­фоцит­тердiң адгезиясын, эпителиалды жасуша­ларғ а тимоциттердiң адгезиясын жү ргізеді
СД 3 Т-лимфоцит Т-жасушаларғ а белсендіру сигналы, бар­лық жетілген Т-лимфоциттердiң маркері
СД 4 Т-лимфоцит Хелперлер Т-хелперлердің маркері, ТКР-ның жә не ГКС-нің антигенінің ко­рецепторы
СД 8 Т-лимфоцит   Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің маркері, ГКС-1 антигенімен жаншылғ ан лимфоциттердің тимуста жетіліп, оң селекцияғ а ө ткендері
СД 25 Т-В-NK-клеткалары, тимоциттер, макрофагтар Т-В-лимфоциттерді, табиғ и киллерлерді (NK), тимоциттерді жә не макрофагтарды а-субъединица рецептерімен ИЛ-2 арқ ылы белсендіріп кө бейту ү шін ынталандырады
СД 28 Т-лимфоцит ТКР-ғ а бағ ынышсыз КО-белсендіретін сигнал молекуласы
СД 30 Т-лимфоцит Т-лимфоциттердiң апоптоз шығ аруына сигнал береді
СД 5 Т- жә не В-лим­фоциттер Аутоиммунды ауруларда кө бейеді. Т-лимфоциттер мен тимоциттердi Ко-белсендіретін сигнал
СД 9 В-лимфоцит Пре-В-лимфоциттерді, тромбоциттердiң белсенуіне жә не агрегациясына жауап­ты
СД 19, 20, 21 В-лимфоцит В-лимфоциттердің белсенуі мен кө беюін реттеуі
СД 22 В-лимфоцит Эритроциттермен, Т-жасушалармен В-лим­фоциттермен, моноциттермен, нейтро­­фил­дермен адгезия ү шін жауапты
СД 40 В-лимфоцит В-жасушалардың белсенуіне, кө беюіне жә не жетілуіне қ а­тысады
СД 16 Табиғ и киллер Антиген тә уелді комплементке қ атысты цитотоксикалық жә не цитокиндік ө німдердің белсенуі
СД 56 Табиғ и киллер Цитотоксикалық ты жә не цитокиндер ө німдерін белсендіру.
СД 94 Табиғ и киллер Табиғ и киллерлердің цитотоксикалығ ын белсендіруі – ингибициясы
СД 11а СД 18 Моноциттер Гранулоциттер Лейкоциттердің эндотелийге адгезиясы (жабысуы), лейкоциттің лейкоциттерге адгезиясы
СД 11в СД 18 Моноциттер гранулоциттер Қ ан тамырлары эндотелиіне моноцит пен нейтрофилдердің адгезиясы, комп­ле­ментке байланысқ ан бө лшектердің опсо­низациясы
СД 11с СД 18тов. Моноциттер гранулоциттер Фагоцитарлық рецептор. Қ абыну кезінде моноциттер мен гранулоциттердiң эндо­телийге адгезиясы
СД 45 Гранулоциттер Тирозинфосфатаза рецепторы
СД 64 Макрофагтар Макрофагтардың белсенуі
СД 34 Дін торшалары, колония қ ұ ратын комитерленген аналық жасушалар L-селектин лимфоциттердің қ ан тамыр эндо­те­лий­леріне байланысуы, сү йек кемігі стро­ма­сына дін жасушаларының байланысуы

 

Ескерту: ТКР – Т – жасушалық рецептор: ГКС – басты гистосә йкестіктің комплексі.

Практикада иммундық жауапқ а қ атысатын жасушалардың ү стің гі маркерлерін айыру ү шін арнайы моноклональды антиденелер қ олданылады.

Барлық лимфоциттер Т жә не В- жасушаларына, О- (нө лдік) – жасушаларына бө лінеді.

В-лимфоциттер – сү йек миында қ ұ рылады. Дің жасушаларынан шығ а­тын В-лимфоциттер 4—5 тә улік ішінде сү йек миында жетіледі де, шеткі лимфоидты мү ше мен ұ лпаларғ а орналасады. Кө кбауырда, лимфа бездерінде антигеннің ә серімен, Т-лимфоциттердің жә не макрофагтар­дың кө мегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқ ылы белсеніп лимфобластқ а айналады да, 4 рет бө лінгенде жетілген плазмалық жасушаларғ а айналады. Екінші бө лінуден бастап, арнайы антигенге қ арсы иммуноглобулиндер шығ ара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттен 400-ден артық антиденелер шығ аратын жасушалар пайда болады. Ә рбір буын 4—5 кү н сайын жасушалар шығ арады. Антигеннің бірінші тү суіне қ арай антиденелер 3 тә уліктен кейін, ал қ айталап тү скенде – бірінші тә уліктің аяғ ында шығ а бастайды (7 сурет).

Антигеннің ә серімен В-лимфоциттер лимфобластқ а айналып, одан ү лкен жә не кіші лимфоциттер пайда болады. Кіші лимфоциттер антигенде арнайы еске сақ таушы лимфоциттер болып есептеліп, кө п ө мір сү реді, қ анайналыммен шеткі лимфойдты мү шелерге орналасады. Осы жасушалар сол антигенмен қ айта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.

Иммуноглобулин М жә не G кластарын шығ аратын жасушалар лимфа бездерінде, кө кбауырда, ал иммуноглобулин А жә не Е шығ аратындар пейер табақ шасында жә не басқ адай шырышты қ абатта орналасқ ан лимфа бездерінде жиі кездеседі.

Антиденелердің ә серлік механизмі: антидененің жасушамен қ осыл­ғ ан комплексі белсенген комплементпен лизиске ұ шырайды.

Егерде антиденелер шамадан тыс кө п шық са (антигеннің белсенді орталығ ы тү гел жабылғ аннан кейін), аллергиялық патология дамиды.

В-лимфоциттердің бір бө лігі Т-хелперлердің жә не цитотоксикалық Т-жасушаларына супрессиялық ә сер етіп, олар арқ ылы В-лимфо­циттердiң кө беюін жә не жетілуін басады.

В-лимфоциттердің басқ а бір бө лігі, керісінше, осы субпопуля­цияларын белсендіреді.

В-лимфоциттердің ү стіндегі рецепторлары:

1) Антиген спецификалық рецепторлар немесе жасуша ү стіндегі иммуноглобулиндер (s1g), мономерлер тү ріндегі 1gM жә не IgG-ден қ ұ рылғ ан. Антигендердің В-жасушасының антиген спецификалық рецепторларымен байланысуы В-лимфоциттердiң ө згеруін, антидене шығ аратын жасуша­лардың кө беюімен бірге, В-лимфоциттердiң антигенді есте сақ тайтын иммунологиялық естелік жасушаларын тудырады.

2) В-лимфоциттерiнде ө су жә не жетілу рецепторлары: В-жасушалардың бө лініп кө беюін, иммуноглобулиндердің секрециясын (шы­ғ уын) шақ ырады.

3) FC-рецепторы арнайы детерминаттарды танитын, иммуногло­булин­нің FC фрагментінде орналасқ ан, иммуноглобулинді байланыстырады. FC-рецепторлары иммунды жауапты реттеуде маң ызды рө л атқ арады.

4) Комплементті байланыстыратын рецептор (С3). Ол В-жасушаларының белсенуінде, толеранттылық тың дамуында, жасуша бірігуінің кү ­шеюінде, жасушааралық байланысты жең ілдетеді.

Т-лимфоциттері жетілуі кү рделі жә не кө псатылы жү реді. Оның антигенба­ғ ынышты жә не антиген бағ ынышсыз екі фазасы белгілі.

Антигенбағ ынышсыз фазасы сү йек миында жә не айырша безде жү реді. Дін жасушаларынан шық қ ан алғ ашқ ы Т-жасушалардың бә ріне тә н антигені бар пре-Т-жасушалары пайда болады. Пре-Т-жасушалары айырша безге кіріп, жетілген Т-жасушалар шығ ады. Айырша безге Т-лимфоциттері екі субпопуляцияғ а бө лініп, Т-хелперлер жә не Т-супрес­сорлар, цитотоксикалық Т-жасушалары қ ұ рылады. Олардың ә р қ айсысының ө зіне тә н антигендік беткей маркерлері жә не ә серлеу функциялары бар. Осымен антигентә уелсіз фазасы бітеді.

Жетілген Т-лимфоциттер айырша безден шығ ып, қ анайналыммен екінші­лік лимфойдты мү шелерге орналасады. Онда антигентә уелді жетілу фазасы жү реді: жетілуі, белсенуі жә не антигендер кірген, рецепторы бар Т-лимфоциттер кө бейеді. Бө лінудің нә тижесінде ү лкен, орташа жә не кіші лимфоциттер – эффекторлар пайда болады, бұ лар қ ысқ а (24 сағ.) ө мір сү ретіндер. Солармен бірге, мор­фологиялық қ ұ рылысында ерекшілігі жоқ, ұ зақ жылдар ө мір сү ретін кіші лимфоциттер, естелік торшалар да тү зіледі.

Барлық лимфоциттердің 60%-ы Т-лимфоциттер: хелпер жә не супрессор жасушалары – иммунитет реттеушілер, ал киллерлер жә не ГЗТ (баяу жү ретін гиперсезімталдық) ә серленгіштер.

Т-киллерлер ісік жасушаларын жә не жұ қ пауғ а ұ шырағ ан жасушаларды жояды. Табиғ и киллердің (NK) – ү лкен гранулярлы жасушаларының грануласында перфорин белок бар. Бұ л белок мишень жасушаларына кіріп, мембрана бұ затын, комплекс қ ұ рып, осмотикалық жарылыспен клетканың ыдырауына ә келеді.

Т-лимфоциттерінің тө рт популяциясы бар: Т-хелперлері, Т-супрессорлары, Т-киллерлер, Т-эффекторлары (ә серленгіштері). Бұ лардың бә рінің қ ойдың эритроциттеріне, иммуноглобулиндерге (FC), комплементтің белоктарына (тек СЗв-ғ а жоқ), интерлейкиндерге, антигендерге рецепторлары бар. Т-хелперлер Т-хелперлері-1 жә не Т-хелперлері-2 болып бө лінеді. Хелпер-1 жасушалық, ал хелпер-2 гуморальды иммунитетті белсендіреді. Т-лимфоциттер вирусқ а, басқ аларғ а қ арсы жасушалық иммунитетті, ГЗТ қ амтамасыз етеді.

Сө йтіп, айырша безде Т-хелперлер, Т-супрессорлары, цитотоксикалық Т-жасушалары қ ұ рылса, ал шеткілік лимфатикалық органдарда (кө к бауыр, лимфа тү йіндері, мү шелердегі лимфа ұ лпаларында) кіші лимфоциттер (эффекторлар) қ ұ рылады. Олардың 80%-ы бір тә улік ө мір сү реді, ал 20%-ы ұ зақ ө мір сү рушілерге жатады.

Т-хелперлер иммунитет жауабының басында нысана жасушаларының мембранасына орналасқ ан HLA-DR антигенімен (гистосә йкестіктің II-класс антигенімен) бірге патогенді таниды. Хелперлер интерлейкин-2 шығ арып, В-лимфоциттердің кө беюін, жетілуін (сондай фактор) белсендіріп, гуморальды иммунитетті кө тереді.

Белсенген супрессорлар Т-хелперлерді тежеп гуморальды иммунитет жауабын басады. Супрессорлар табиғ и жә не антиген ық палмен пайда болғ ан иммунологиялық толеранттылық тың қ ұ рылуына қ атысады. Т-супрессорлардың функциясының бұ зылуы аутоаллергиялық ауруларғ а ә келеді.

Т-киллерлер нысана - жасушаларды антиденелер мен комплементтің қ атысуынсыз-ақ жояды. Т-жасушалардың арнайы рецепторы антигенмен байланысып, ө зінен қ ышқ ылды ферменттерді шығ арып, нысана-жасушаларды бұ зады.

Т-лимфоциттердің реттеу функциялары олардан шығ атын арнайы биологиялық белсенді заттарғ а байланысты: хемотаксис, нейтрофилдер мен макрофагтардың миграциясын тежейтін, апару, армирлі факторлар жә не басқ алар.

Т-лимфоциттердің антиденелер синтезіне қ атысуына байланысты антигендер «тимус тә уелді» немесе «тимус тә уелсіз» болып бө лінеді. Бірінші тү рінде антиденегенездің жолы: антиген → Т-хелпер → В-лимфоцит → плазмалық клеткалар → антиденегенез. Сол сияқ ты антигендерге ертінді полисахаридтер жә не бактериальдық липополисахаридтер жатады.

Сонымен, Т-лимфоциттер организмде екі тү рлі функция атқ арады: ә серленгіш жә не реттеушілік.

Т-лимфоциттерінің негізгі функциясы бө где жасушаларғ а арнайы ци­тотоксикалық ә сері, ә сіресе ол трансплантаттың некрозында, ісікте, ауто­иммундық процестерде жә не вирусты ауруларда анық кө рінеді. Цито­токсикалық ә сер бө где жасушалардың антигеніне арнайы рецепторы бар цитотоксикалық Т-лимфоциттерге тә н.

Т-лимфоциттердің реттеу функциясына олардың ә р тү рлі биология­лық белсенді заттарды шығ аруы жатады. Олар – хемотаксис, нейтро­филдердің миграциясын тежеу, кө шіру жә не армирлық факторлар.

Т-лимфоциттер – хелперлер иммундық жауапты белсендіреді. Т-лим­фоциттер – супрессорлар иммунды жауапты басады. Т-супрессор­лар­дың белсенуі ә ртү рлі кезең мен сатылы жү реді, соның біріне Т-хел­перлер де қ атысады. Мұ ндай белсенулер бө тен антигенмен байланыс­ты (спецификалық) немесе байланысы жоқ (бейспецификалық) болуы мү мкін. Белсендірілген Т-супрессорлар Т-хелперлердің белсенділігін басады.

Т-лимфоциттерінің ү стінде антигендерді танитын, спецификалық (FСg, FСМ, Е) рецепторлар бар. Рецептор – вариабельді, жә не тұ рақ ­ты бө ліктері бар полипептидтік тізбектен тұ ратын гетеродиллер. Вариабельді бө лім бө где антигендермен жә не гистосә йкестіктің антигенімен байланысады.

Шеткі лейкоциттердің 5-10% нө лді жасушалар (О-клеткалар, В-емес Т-емес лимфоциттер). Функциялары бойынша олардың ішінен табиғ и киллерлер (NK-клеткалары), антиденелермен байланысты жасушалы цитотоксикалық (К-клеткалары) болып бө лінеді. Олармен бірге ескірген немесе уақ ытша рецепторларын жоғ алтқ ан Т- жә не В-лимфоциттері де болады. О- жасушалардың кө беюі Т- лимфоциттердің азаюымен жү реді.

К- жә не НК- жасушалары генетикалық бө где жасушаларды, мутанттарды (ісік жасушаларын), вирусы бар жасушаларды, трансплантат клеткаларын жойып, генетикалық гомеостазды сақ тайды.

К - жасушалары тек арнайы цитотоксикалық ә сер етеді. К - жасушалар арнайылығ ы антигенге байланысты ө згергеннен кейін пайда болып, цитотоксикалық ә серін антиденемен (IgG) жабылғ ан жасуша-нысанағ а тигізеді. Антиденелер К- жасушалар мен нысана-жасушаларының арасында кө піршенің рө лін атқ арады.

NK-жасушалары генетикалық бө тен жасушаларды бірінші жанасуда жояды. NK-жасушалардың цитоплазмасында цитотоксикалық табиғ и киллер-фактор (перфорин) бар. NK - жасушалары сү йек миында пре-Т-лимфоииттерден қ ұ рылады. NK - жасушалары 1-2-интерлейкиндерді, интерферонды, В- лимфоциттерінің ө су факторларын шығ арады.

Фибробластар жә не эпителиальды жасушалар лимфоидтық мү шелердің айналасында орналасып, микробтарды жә не қ абынуды шектейтін гранулемалар қ ұ рады да, фибробластар интерферон шығ арады.

 

2-кесте. Адам Т- жә не В-лимфоциттерінің негізгі сипаттары

Сипаттары Т-лимфоциттер В-лимфоциттер
Шығ атын ә сері Тимус, дін клеткаларынан келген Сү йек миы, асқ азан-ішек лимфойдты ағ за­ла­рынан шығ уы мү м­кін
Кө кбауырда жә не лим­фа бездерінде орнала­суы Милы қ абатта жұ мсақ тізбек, ақ пульпа, артериолдар айналасы (тимус бағ ынышты аймақ та) Қ ыртысты қ абатта, лим­фойдты фоллику­ла­ларда, кө бею орталы­ғ ы (тимус бағ ынышсыз аймақ та)
Негізгі функциялары Клеткалық иммунитет. Т-киллерлер, Т-кө мек­ші­лер (индукторлар), Т-супрессорлары Гуморальдық иммунитет
Негізгі рецепторлары Антигенспецификалық FCg, FCM, Е Антигенспецификалық FC, 1g, C3
Эритроциттері кенеттен розетка тү зуі Қ ойдың Тышқ анның
Шыны мақ тасына бей­спецификалық адсорб­циясы Жоқ Кү шті
Арнайы антигенге по­ли­ферациясы, мито­ген­дері Бар, ФГА, КОНА т.б. Бар ЛПС т.б, Т-бағ ынышсыз митогендер
АЛС-ғ а сезімталдығ ы Жоғ ары Нашар
Организмдегі рециркуля­циясы Жедел Баяу
Ө мір сү руі Ұ зақ (айлап, жылдап) Қ ысқ а (кү н, апта)
Лимфокиндер ө німдері ИЛ-2, g-интерферон ЛИФ, МИФ жә не басқ а Ө німдері шамалы (нашар)

 

Моноциттер – моноцитарлы-фагоцитоз жү йесінің негізгі жасушалары. Шеткі қ анда қ алыпты жағ дайда 0, 2—0, 8× 109/л моноциттер болады. Моноциттер сү йек миындағ ы дін жасушаларынан шығ атын моноциттарлы нейтрофилдер қ атарынан тү зіледі. Моноциттердiң негізгі функциялары:

1. Иммунды қ абілетті клеткалардың қ ұ рылуын реттейтін биология­лық белсенді заттарды шығ арады.

2. Киллинг жә не фагоцитоз арқ ылы организмді бө где микроорганизм­дерден қ орғ ау.

3. Ө згерген, ақ аулы, ескірген торшаларды, ө з жасушаларын зақ ымдай­тын, метаболизмғ а тү спейтін органикалық заттарды жояды, сондық ­тан моноциттерді «қ оқ ысшы» (мусорщик) деп атағ ан (И.И.Меч­ников).

4. Егерде ө з жасушаларының ү стінде генетикалық бө где ақ парат болса, олар киллинг жә не фагоцитозғ а ұ шырайды.

5. Моноциттер бө где антигендерді ұ сынады жә не лимфоциттермен екі жақ тық реттеу қ арым – қ атынасына қ атысады.

Макрофагтарғ а - перитонеальдық, купфер, бү йректің мезангиалы, Лангерганс жасушалары, остеокластар, микроглия жасушалары жатады. Олардың функциялары кө п, фагоцитоз реакциясы, гуморальдық иммунитеттің жү руіне қ атысады жә не антигендерді ұ сынады. Макрофагтар 40-тан артық ферменттер, монокиндер шығ арады. Макрофагтарда антигендерге арналғ ан FC жә не СЗв-рецепторлары, гистосә йкестіктің антигендері (HLA–II) бар. Иммунитет жауабының басында макрофагтар антигенді ұ сынады. Фагоцитозғ а ұ шырағ ан антиген ыдырап, оның эпитопы HLA II белогымен сыртқ ы мембранағ а шығ арылады. Ақ ырында макрофагтарды лимфокиндер белсендіреді (8-сурет).

Нейтрофилдер – кө п тү рлі ядролы лейкоциттер, қ андағ ы лейкоциттердің ең кө бі, 3—6× 109/л, қ алыпты жағ дайда жетілген нейтрофилдер қ ан айналымында жү реді. Нейтрофилдер де дін жасушаларынан шығ ады. Жетілу фазасы бө лінусіз ү ш кезең ­нен тұ рады: метамиелоцит, таяқ ша, сегментядролы тү рлері. Қ анайналы­мында жү рген нейтрофилдердің саны ә ртү рлі физиологиялық процестерге байланысты ө згеріп отырады. Мысалы: тамақ ішкенде, физикалық жұ мыстан кейін, тә уліктік ритмге байланысты. Нейтрофилдер қ анайна­лымында 5–6 сағ ат болып, ұ лпағ а кетеді, 3—5 кү ндей ө мір сү ріп, ө зінің ә серленгіш функциясын атқ арады. Нейтрофилдердің негізгі функциясы–фагоцитоз. Нейтрофилдер бө тен жасушаларғ а киллинг жә не фагоцитоз жү ргізеді, ал антигендер нейтрофил­дердің қ абыршағ ына тиседе ө леді.

Нейтрофилдердің ең басты функциясы басқ а иммунды қ абілетті жасушалармен қ абыну оша­ғ ын қ алыптастыру.

Нейтрофилдердің негізгі функциясы–бактерияларды киллингке ұ шырату.

Егер бактериялар иммуноглобулиндермен (опсонизация) немесе комплементтің C3в-компонентімен жабылғ ан болса, фагоцитоз кү шейеді. Опсонизация бактериялардың арнайы иммуноглобулин G-ге немесе нейтрофилдердің ү стіндегі комплемент рецепторларына байланысуына ә сер етеді. Жұ қ па басталғ ан кезде (ІgG-дің кеш пайда болуымен) комплемент белсенуі СЗв компонентінің фагоциттің мембранасына бекуімен, альтернативтік жолмен жү реді.

Нейтрофилдердің FC жә не С1-рецепторлары бар. Нейтрофилдер иммуноглобулиндерді FC жә не Faв-қ а ыдыратып, В-лимфоциттерге хемотаксистік фактор береді. Нейтрофилдер В-лимфоциттердің бласты трансформациясын белсендіретін митоген шығ арады.

Қ абыну ошағ ында фагоциттер, бактериялар, антиденелердің қ атысуымен биологиялық активті хемотаксисті заттар (С5а, прекалликреин, простагландиндер, плазмалық белсендіруші) шығ арып, нейтрофилдерді жинайды.

Фагоцитоз нейтрофилдердің ішіндегі метаболизмді белсендіреді. Қ орыту процессі кө птеген вакуольғ а келген жә не дегенерацияғ а ұ шырағ ан нейтрофилдердің гранулаларының босауымен, кө птеген ферменттердің шығ у ә серімен бітеді.

Эозинофилдер – дені сау адамдардың қ анайналымында 0, 12—0, 3× 109/л. Дің жасушаларынан шығ ып, 3—4 тә улікте жетіледі. Жетілгеннен кейін тағ ы да 3—4 кү н сү йек миында қ алып, оларда қ озғ алу қ абілеті пайда болады.

Қ анда эозинофилдер орта есеппен 10 сағ ат болып, ұ лпағ а ө тіп кетеді. Ұ лпада эозинофилдер диффузды қ оныстанады да, 48 сағ ат ө ткенде дегрануляцияғ а шалдығ ып, ө леді. Эозинофилдер қ абынудың, қ ан тамырлары­ның инфильтрациялы фазасын реттейді. Эозинофилдер қ абыну ошағ ында аллергиялық реакцияларын шектейтін ферменттер бө ліп шығ арады.

Эозинофилдердiң гельминттерге фагоцитоз жү ргізетін қ абілеті бар.

Қ анда барлығ ы 0, 025—0, 055× 109/л. базофилдер бар. Базофилдер эозинофилдермен бірге дің жасушаларынан шығ ады. Базофилдер шығ атын жасушалардан мес жасушалары да тү зіледі. Базофилдің жетілуі 1, 5—5 тә улік. Жетілген базофилдер қ ан айналымына тү седі. Оның жарты ө мірі 6 сағ ат. Ә рі қ арай базофил ұ лпағ а ө тіп, 1—2 тә уліктен кейін ө леді.

Базофилдер мес жасушалары сияқ ты гистамин, гепарин, серотонин бө ліп, антигеннің айналысында қ абыну ошағ ында экссудация фазасын дамытады.

 

3-кесте. Ересек адам қ анының кө рсеткіштері

(К.А. Лебедев, Н.Д. Понякина, 1990)

Қ ан клеткалары Популяциялар %
Елдің 70% Елдің 90% Елдің 95%
Нейтрофилдер:      
Сегментядролы % 56-58 52-72 45-75
Таяқ ядролы % 1-3 1-4 1-5
Эозинофилдер% 2-3 1-4 1-5
Базофилдер% 0, 3-0, 6 0, 2-0, 8 0, 1-1, 0
Лимфоциттер:      
Т-лимфоциттері % (барлық лимфоциттерден) 60-72 55-78 50-85
Т- хелперлер % 30-56 24-65 21-70
Т- супрессорлар % 7-20 5-30 3-40
В-лимфоциттері% (барлық лимфоциттерден) 8-16 5-22 3-30
О-жасушалары (нольді) % 8-25 4-30 1-35
Лейкоциттер 109 4-7, 5 3, 5-9, 0 3, 0-9, 5
NK-жасушалар Барлық лимфоциттердің 4-5%
Плазмалық жасушалар 1000 лейкоцитке 1-2

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.016 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал