Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сын есімнің шырайлары






Екі заттың сын-сипатының бір-бірінен артық немесе кем екенін көрсету үшін, шырай жұрнақтары қолданылады.

Салыстырмалы шырай-бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырып, кем не артық екенің білдіреді.

-ырақ,-ірек,-рақ,-рек.Мыс:кішірек.

-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу.Мыс:ақтау, биіктеу.

-қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-ғылтым,-аң,шыл,-шіл,-қай,-ғыш,-шілтім,-ілдір,-ша,-ше.Мыс.ақшыл, бозаң.

Күшейтпелі шырай-белгілі бір сындық белгінің екіншісінен өте артық не өте кем екенің білдіреді.

1.Сын есімнің күшейткіш үстеумен (тым, өте, ең, аса,нақ, әбден т.б) тіркесуі арқылы жасалады.Мыс:тым ауыр, ең әдемі.

2.Сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.Мыс:сап-сары,қып-қызыл.

Сан есім

Заттың саның ,ретін және қимылдың мөлшерін білдіреді.(қанша?неше?нешінші?нешеу?нешеден?)

Рамына қарай 2 бөлінеді.

1.Дара сан есім-бір түбірден тұрады.

Негізгі сан есім .Мыс:бес, жүз, екі мың.

Туынды санесім.Мыс:ондаған, жетеу.

2.Күрделі сан есім- кемінде екі сөзден тұрады.

Тіркескен сан есім Мыс: он бес,отыз бір

Қосарланған сан есім Мыс: бес-он, он-оннан.

Сан есімнің мағыналық түрлері;

Есептік-нақты санды білдіреді.Мыс: бес, он.

Реттік –заттың реттік қатарын білдіреді.Сан+(-ыншы,-інші-ншы,-нші).Мыс; екінші,оныншы.

Жинақтық- жинақталған санды білдіреді. Сан+(-ау,-еу) (1,2,3,4,5,6,7 сандарына жалғанады) Мыс: біреу, екеу.

Топтау-заттың санын топтап көрсетеді.Сан +шығыс септігі жалғауы. Мыс:үштен, он- оннан.

Болжалдық –заттың санын болжап көрсетеді.



1.Сан +(-даған,-деген,-таған,-теген,-дай,-дей,-тай,- тей,) Мыс:жүздеген, қырықтай.

2.Сан +көптік жалғау +септік жалғау.Мыс: отыздарда,елулерге.

3.Сан мен жуық, шақты, тарта т.б шылаудың тіркесуі. Мыс:оншақты, онға жуық.

4. Екі түрлі санның қосарлануы. Мыс:екі-.үш.

Бөлшектік –заттың бөлшектік санын білдіреді.Мыс: екіден бір, екі жарым,бір бүтін оннан екі.

Есімдік

Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы.

Құрамына қарай екіге бөлінеді:

1. Дара есімдік-бір ғана түбірден тұрады. Мыс:мен, олар,біреу, барлық.

2.Күрделі есімдік- кемінде екі сөзднг тұрады.

Қосарланған есімдік. Мыс:кімде-кім, өз-өзіне.

Біріккен есімдік. Мыс:әлдеқашан, ешбір.

Есімдіктің мағыналық түрлері:

1.Жіктеу есімдігі -белгілі бір жақ түрінде қолданылады.Мыс:жекеше:мен сен,ол. Көпше біз, сендер.

2. Сілтеу есімдігі-нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді. Мыс:ол, сол, бұл,анау, мынау.

3.Сұрау есімдігі-жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар.Мыс: кім?не?неше?қалай?

4.Өздік есімдігі-әр-түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз.Мыс:өз,өзіміздің,өз-өзіне.

5.Жалпылау есімдігі-жалпылау , жинақтау мағынасын білдіреді.Мыс:барлық, бәрі, бүкіл.

6.Белгісіздік есімдігі-заттты, сыңдық белгіні, санмөлшерді, жорамалдап көрсетеді.Мыс: кейбіреу, әлдекім, бірнеше.

7.Болымсыздық есімдігі-болымсыздық мағынаны білдіреді.Мыс:еш +(кім, бір, қайда, қашан,т.б)дәнене, ештене.



mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2022 год. (0.025 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал