Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс 3






 

Тақ ырыбы: Шортанбай Қ анайұ лының шығ армашылығ ы (1819-1881жж.).

 

Мақ саты: ХІХ ғ асырдың кө рнекті ө кілі Шортанбай Қ анайұ лының ө мірі мен шығ армаларын жү йелі ұ ғ ындыру.

 

Жоспары:

  1. Ө мірінен мә лімет, шығ армашылығ ының зерттелуі.
  2. Шортанбай- зар заман ақ ыны.
  3. Айтыстары.

Пайдаланылатын ә дебиеттер тізімі:

  1. Сү йіншә лиев Х. Қ азақ ә дебиетінің тарихы. А., 2006ж
  2. Сү йіншә лиев Х. ХІХ ғ асыр ә дебиеті.-А., 1992.
  3. Ә уезов М. Ә дебиет тарихы.-А., 1991.
  4. Омаров Б. Зар заман ақ ындары.-А., 1993.
  5. Мә дібай Қ. Зар заман ағ ымы.-А., 1997.
  6. Шортанбай жырау. Жинақ.-А., 1987.
  7. Қ азақ ә дебиетінің тарихы.4-т.-А., 2005.
  8. Мә дібай Қ. Қ азақ ә дебиетінің жауһ ар ғ асыры. А., 2012.

 

Ш.Қ анайұ лының туғ ан жер, ө скен ортасы туралы мә лімет біздің ә дебиет зерттеушілерінің ең бегінде біраз жаң сақ тық қ а ұ шырап жү р. Ә кесі Қ анай Балхаш кө лі тө ң ірегін мекен еткен. Шортанбай шығ армалары ел арасында кең інен тарап, халық тың мұ ң -зарын толғ ағ ан мұ расын ұ натып тың дағ ан. Ақ ынның «Бала зары» атты кітабы 1880 жылы Қ азан қ аласында басылды. Қ азақ станда 1941 жылғ а дейін мектеп оқ улығ ында, одан соң 1962 жылы жинақ та, ал кейін «Бес ғ асыр жырлайды» жинақ тарында жарияланды. Профессор Қ.Жұ малиев: «Шортанбай ө з дә уіріндегі ә леумет ө мірінің барлық мә селелерін тү гел шолып, ол мә селелер жө нінде ө зінің кө зқ арасын айтып береді. Қ ос қ ыртыс айшылық ты жуан ортасында болғ ан сыншыл ақ ын болмысты жасырмай, шын ө з қ алпында кө рсете алды», - деп бағ алайды.

Шортанбай езілген елдің намысын қ орғ ағ ан. Ол патшашыл би- болыстармен ө мір бойы айқ асып ө ткен. Езілген бұ қ ара қ амы ү шін ә ділеттілік ү лгісін іздеді, жаң а заманды аң сады, бірақ оғ ан жетер жолды тү сіне алмағ ан.

М.Ә уезов: «Зар заман» деген - ХІХ ғ асырда ө мір сү рген Шортанбай ақ ынның заман жайлы айтқ ан бір ө лең інің аты. Шортанбайдың ө лең і ілгері, соң ғ ы ірі ақ ындардың барлық кү й, сарынын бір арнағ а тұ тастырғ андай жиынтық ө лең болғ андық тан, бү кіл бір дә уірде бір сарынмен ө лең айтқ ан ақ ындардың барлығ ына «зар заман» ақ ындары деген ат қ ойдық», - дейді.

Шортанбай мұ раларының зерттелуі, жариялануы

1. Кең ес дә уіріне дейін Қ азандағ ы татар баспасынан 1880 жылы «Шортанбай», «Бала зары» деген атпен басылғ ан.

2. Қ.Жұ малиев. ХУІІІ-ХІХ ғ ғ. қ азақ ә дебиеті.-А., 1989.

3. К.Жү нісов. Шортанбай жырау.-А., 1993.

4. Б.Омаров. Мұ рат Мө ң кеұ лы.-А., 1993.

5. Х.Сү йінішә лиев. Қ азақ ә дебиетінің қ алыптасу кезең дері.-А., 1967.

6. Мә дібай Қ. Зар заман ағ ымы.-А., 1997.

7. Мұ қ анов С. ХУІІІ-ХІХ ғ ғ. қ азақ ә дебиеті.-А., 1987. Ө з ең бегінде Шортанбайдан 1500 жол ө лең жеткен дейді.

Шығ армаларының негізгі тақ ырыптары:

  1. Заман, қ оғ ам туралы жырлар: «Зар заман», «Тар заман», т.б.

Сорлы қ азақ қ амалып,

Тарылды кең қ оныстар...-деп отаршылдық қ а наразылық білдіреді.

 

Мынау заман қ ай заман?

Азусызғ а тар заман,

Азулығ а бар заман...

Азулылар- болыс, билер, ар-намыстан ада ел билеушілер.

  1. Дидактикалық сарындағ ы ө сиет, насихат сө здер:

Мә селен кітап шығ ардым

Кейінгі қ алғ ан пендеге.

Жеті ғ алам астында

Даусыз кетті алысқ а, - деп ақ ыл айтып, халық ты тү зету, жолғ а салуды мақ сат етеді.

  1. Капитализм элементтерінің келуі. Семейге ү ш рет барғ ан, жаң алық қ а кө ң іл бө лген.

Сиыр деген пұ л болды,

Қ атын деген тұ л болды.

Кейін келер заманда

Ә йел деген би болды.

  1. Арнау ө лең дер: «Асан қ ожағ а», «Айттым сә лем», т.б.
  2. Отырық шылық ты жырлағ ан. Баласы Аязбайғ а егін салдырып, тоғ ан байлатқ ан, су диірмен де орнатқ ан.

Сауып ішер сү ті жоқ,

Мініп кө рер кү ші жоқ.

Ақ ша деген мал шық ты,

Жеткізе алмай онысын,

Қ алтыраумен жан шық ты.

Шортанбай шығ армаларының лейтмотиві – заман, қ оғ ам, халық тұ рмысы, ел ө мірі, жер, қ оныс қ ысымы, отаршылар мен жергілікті ә кімдердің озбырлығ ы, жаң а қ арым-қ атынастан туындағ ан тонаудың жаң а тү рлері, сатқ ын ел билеушілер, бұ зақ ы топтар, т.б.

Шортанбай – ө з заманының жалынды ақ ыны, ақ ылгө й шешен жырауы. Ө зі ө мір кешкен замана шындығ ын барлық кө рінісімен айқ ын да дә л бейнелеп, ә леуметтік маң ызы зор шығ армалар жазды. Шортанбай шығ армашылығ ы ХІХ ғ асырдағ ы қ азақ ө мірінің айнасы, ә сіресе, кедей-кепшік, момын шаруалардың тұ рмыс-тіршілігінің шынайы куә гері. Жан-жақ ты талан-таражғ а душар боп жатқ ан туғ ан елінің ауыр тағ дырын тайғ а таң ба басқ андай бейнелей біоген білгір жазушы. Шортанбай шығ армалары ө ткен ғ асырдың соң ғ ы ширегінде кейбір жинақ тарда баспа бетін кө ре бастады. 1882 жылдан бастап ө лең -толғ аулары жинақ талып, бө лек кітап кө лемінде жарық кө рді. Кө рсетілген жинақ тарғ а ақ ынның «Тар заман», «Опасыз жалғ ан», «Байды қ ұ дай атқ аны», «Атамыз Адам пайғ амбар», «Ө сиет-насихат сө здер», «Айттым сә лем», «Асан қ ожағ а», т.б. енген.

ХІХ ғ асырдың кө птеген ақ ындары қ азақ тың тә уелділікке душар боп, қ оныс қ ысымына ұ шырағ анын кү йіне жырлады. Қ олынан шығ ып кеткен мекендеріне іштері қ азандай қ айнап, жоқ тау айтып, зар жылады. Патшалық тың ең ілкі тырнағ ына ілінген Сарыарқ а, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер-суларының шұ райлы бойларынан айрылу шымбайына қ атты батты.

Шортанбай туралы пікір айтқ ан кейбір зерттеушілер оны ө мірден тү ң ілген жігерсіз, қ айғ ы мен зардың ақ ыны деп келді. Жоғ арыда келтірілген ө лең жолдары ақ ынның бойындағ ы басым кү ш – тү ң ілу емес, жігерлілік, ү мітсіздік емес, батыл кү реске ү ндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін кө рсетеді. Шортанбай жасағ ан заманда бұ дан артық елі мен халқ ының қ амы ү шін адал қ ызмет ету екіталай. Біздің ше, халқ ының тағ дырын ойлағ ан ақ ынның жарғ ақ қ ұ лағ ы жастық қ а тиген жоқ. Ел-жұ ртының қ асіретін арқ алап, бойындағ ы бар кү шін сол ү шін сарп етті. Сол тұ стағ ы қ оғ амның жай-жапсарына қ арай ә рекет жасап, жатпай-тұ рмай халқ ын ү гіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі ә р тү рлі жетесіздіктерге, талан-таражғ а, алауыздық қ а, берекесіздікке, ойсыз опасыздық қ а қ арсы шық ты. Ә уелі ө з елінің мінезін, мінін тү зетпек болды. Жігерін оятып, тә уелсіздігі ү шін аянбай кү ресуге шақ ырды. Оны ақ ын жақ сы тү сінді. Отаршылар мен оның қ азақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына тү скен ақ ырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұ рт болашағ ын тұ йық қ а тіреген зар заман деп ө зінше қ орытты. Бұ л заманның енді бір кесапаты ол халық ты ө зінің ғ асырлар бойы қ алыптастырғ ан кә сібінен, тіршілік қ амынан, ү йреншікті, қ анына сің ген ә дет-ғ ұ рпынан, наным-сенімінен, иманнан, дағ дылы ел билеу салтынан айырды. Осылайша халық тың ұ лттық тұ рпаты, елдік сипаты бұ зылды. Адамы, азаматы, олардың мінез-қ ұ лқ ы, іс-ә рекеті ө згерді. Олар тә уелсіздігінен айрылды. Қ ұ лдық тә уелсіздік қ амытын киді. Ө зіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бә рі ақ ынның зарлы-шерлі толғ аулары арқ ылы сыртқ а шық ты. Ол халық тың мұ ң ы боп қ алыптасты.

Шортанбай шығ армаларының негізгі арқ ауы деп оның жырларының ақ ылгө й, ө сиетшіл келетінін айтқ ан жө н. Адамгершілік ақ ыл айтып, халық ты тү зу жолғ а салуды ө зінің зор мақ саты санағ андық тан болса керек. Ақ ын ә р тұ ста терең толғ ап, ө рнекті де ө нерлі сө з термелейді. Ақ ылдар айтады, нақ ылдар қ алдырады. Шортанбайдың ерлерге айтып кеткен ө сиет сө здері де бар. Ол ө сиеттерін қ алың қ азақ қ а, оның басшы адамдарына, ұ л-қ ызына, кә рі-жасына арнайды. Ө з атынан барлық қ ауымғ а сә лем жолдап, бақ ұ лдасқ андай болады. Келтірілген ақ ынның қ оштасу сө здері, ө сиеттері мә нсіз емес. Елдің бас кө терген адамдарын тә убағ а шақ ырып, мал, дү ние ү шін қ ор болмай, халық ү шін, бір қ ұ дай ү шін қ ызмет етуін тілейді. Ізгілік, ә ділет жолынан тайынбай іс қ ылып, саналы, салихалы ө мір кешуін уағ ыздайды. Ақ ырет жолы мен адамгершілік, ә ділет жолдарын тең ұ стап, ешкімге обал, қ иянат жасамай, тек қ ана ізгілік жасап ө ткенін тілейді. Ә рбір адамғ а ү лгі боларлық нақ ылдар тізбектеліп, ө зінің ө мір тә жірибесін жинақ тайды. Тойымсыздық қ а, опасыздық қ а қ арсы кү ресуге, қ анағ ат, рақ ым сияқ ты адам жан айналысар істерге мең зейді. Ақ ын адамның мінезіне ерекше кө ң іл бө леді, жақ сы адам ө з мінезіне қ арауыл қ ойып, жауап беріп отыру керек дейді. Бұ л мә селеде кейде ол Абайдың «мінезді тү зелмейді дегеннің тілін кесер едім» дегеніне қ осылмайтын сияқ ты. Адам санаулы ө мір жолын есепсіз, мә нсіз ө ткізіп алмай, нә тижелі, нә рлі, пайдалы ө ткізуі абзал. Керексіз, ө німсіз іспен шұ ғ ылданбай, еліне, халқ ына, ө зіне, жақ ын-жуығ ына керекті тиімді ә рекеттер істей білуге дағ дыланғ аны жө н деп термелейді. Жамандық пен жақ сылық, адамдық пен арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қ астық, шындық пен жалғ анды айырып, бірін жақ тап, екіншісіне қ арсы тұ руғ а шақ ырады.

Талапты жас, ең алдымен, оқ уғ а ә уес болуы керек. Ө нер, білім тек оқ умен келеді. Тә лім-тә рбие алғ ан жас ойлы, ө нерлі боп ө седі. Арамдық қ а, зұ лымдық қ а бармайды. Олар қ ұ дай жолына да, адам ү шін де аянбай ең бек етуге тиіс. Дү ние, ө мір қ ызығ ына алданбай, қ иындық қ а тө зіп, ізденуді қ олдайды. Жылы ү й, сә нді киім, мұ қ тажсыз ө мір жастарды бейқ ам ө сіреді. Асылы, болам деген жас ең бекке, ө нерге, ә уестеніп, аң аулап, қ ұ с салып, кә сіппен айналысуы керек. Шындығ ында да, ақ ын туындылары ә серлі, мә ң гі жасарлық мә нді. Кө п жылдар ө тсе де жырау сө здері ө зінің қ ұ нын жоймай, халық мақ сатына қ ызмет етіп келеді. Ә сіресе, адамгершілік ақ ыл, ө негелі ө сиет сө здері, шебер де шешен тұ жырымдары қ ұ нды. Басына қ айғ ылы, ауыр кү н туғ ан азамат, ел-жұ рт Шортанбай толғ ауларынан ө з ойына ү ндес сө з табады. Оның ө лең жолдарын жиі қ айталайды. Кү йзелген жанына жай тауып, кө кірегін кернеген қ асіреттерді жең ілдетіп, рухани кү ш табады. Шортанбай сө здерін тек қ асіретті адамдар ү шін пайдалы туынды деп біржақ ты тү сінікке жетелеуден аулақ пыз. Керісінше, оның шығ армалары алуан салалы, ө міршең, адамның бойына жігер, қ уат қ ұ ярлық оптимизмге де толы, оқ ушысын ө з ырқ ына бірден кө ндіріп, ілестіріп кетерлік логикасы мық ты туындылар. Сондық тан да ә рбір дә уір ол туралы ә р тү рлі пікірлер айтып, кейде айтыстар туғ ызып келеді.

Шортанбай туралы осы соң ғ ы жылдарғ а дейін етек алып келген кереғ ар пікірлердің орын алу негізі де оның талғ амының кү рделілігі, кү штілігі демекпіз. Шортанбай – бір топтың не бір таптың ақ ыны емес. Ол жалпығ а ортақ ө з елінің, халқ ының жырауы. Сонысымен де қ ұ нды. Шортанбай шығ армаларын бастан-аяқ дидактикалық сарында келеді деуге болмайды. Ірі талант иесі, ұ лы жырауғ а тә н ақ ынның ө зіндік кө ркемдік стилі қ алыптасқ ан. Ақ ын айтар ойын жай баяндай сала бермейді. Ә р тұ ста ақ ылғ а бай, ойлы сө здер ұ шқ ыр да ө ткір тілмен ө рнектеліп, кө ркем бейнеленіп, ө релі туынды болып шығ ады. Ақ ындық шалқ ар шабыт пен тө гілген сө з нө серлері қ азіргі оқ ушыларына да ә серлі естіледі. Ақ ын 1881 жылы қ азіргі Қ арағ анды мен Жезқ азғ ан облыстарына қ арасты Шет ауданы жерінде қ айтыс болды. Ол - ө лерде ү стіне ескерткіш орнатпауды, ү лкен ас бермеуді тапсырып, оғ ан шық қ ан шығ ындарды елдегі жоқ -жітік, кемтарларғ а ү лестіруді ө сиет еткен. Ақ ын кө з жұ мғ алы ғ асырдан астам уақ ыт ө тсе де, оны халық қ астерлеп, шығ армаларын жадында ұ стап, қ ымбат мұ ра ретінде қ адірлеп келеді.

Қ алық тағ ан сұ ң қ ар ем,

Қ анатым сынды ұ ша алмай,

Қ иындап қ уғ а тү се алмай, - деген ақ ынның ө з сө зіне назар салайық шы. Асылы, «қ ияғ а қ анат қ ағ ар сұ ң қ ар едім» деп бекерге айтпайды. Шортанбай шығ армашылығ ы да ә дебиетіміздегі ақ таң дақ тардың қ атарында жө нді зерттелмей, жабулы тақ ырыптар қ атарында келеді. Бұ рын-соң ды зерттеулерден Шортанбай туралы біркелкі пікір айтып, орта мектепке оқ улық жазғ ан немесе очерк ретінде танытпақ болғ андар – С.Мұ қ анов пен Қ.Жұ малиев. Олардың алғ ашқ ы зерттеу ең бектері 1940-1942 жылдары баспа бетін кө рген. Шортанбайдың ө з туындылары «ХУІІІ-ХІХғ. ақ ындары шығ армалары» (1962) мен «Бес ғ асыр жырлайды» (1989) жинақ тарында, «Жұ лдыз» журналында (1991, №3) басылды.

Айтыстары:

  1. Шортанбай мен Елеместің жұ мбақ айтысы.
  2. Шортанбай мен Орынбай айтысы.
  3. Шортанбай мен Шө женің айтысы.
  4. Шортанбай мен Асан Бұ ғ ының айтысы.

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2026 год. (0.076 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал