Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дик Сэнд






 

Ауа райы айта қ аларлық тай жақ сы, алғ ашқ ы бағ ыттан ауып, жолдан бұ рыс кететіндігі болмаса, сапар тамаша жағ дайда ө тіп жатты.

Миссис Уэлдон капитан Гульдің кеме кормосындағ ы1 кішкентай ғ ана жинақ ы каютасына орналасқ ан. Бұ л бө лме кемедегі орынның ең жайлысы еді. Осы тығ ырық тай бө лмеден кішкентай Джек пен кә рі Нан да келіп орын алды. Соның қ асындағ ы қ ұ рқ ылтайдың ұ ясындай ғ ана бір бө лмеге Бенедикт ағ айды орналастырды. Капитан Гульдің ө зі кеме тұ мсығ ындағ ы капитан жә рдемшісіне арналғ ан каютағ а кө шті. Жалақ ы ү немдеу мақ сатымен, «Пилигримнің» экипажын толық тырмағ ан болатын, сондық тан да капитан Гуль жә рдемшісіз-ақ амалдағ ан еді.

Шхуна-бригтің командасы – шебер де, тә жірибелі бес тең ізші – ынтымақ пен тату тұ рды. Бұ лар кит аулау кә сібінің ү ш маусымын ө ткізіп, енді тө ртіншісін де бірге аяқ тап келеді. Бұ л матростар Калифорния штатында туғ ан, бә рі де біріне бірі кө птен таныс.

Кемедегілердің тек біреуі ғ ана америка емес, тегі жат адам еді. Ол «Пилигримнің» аспаздық қ ызметін атқ арып жү рген Португалияда туғ ан Негоро деген біреу болатын. Ол португал болса да ағ ылшын тілін тамаша білетін-ді.

«Пилигримнің» бұ рынғ ы аспазы Окленд портында қ ашып кетіп, кеме аспазсыз қ алғ ан. Нақ сол қ арсаң да Негоро келіп ө зін сол қ ызметке алынуын ө тінген-ді. Бұ л адам кө рмеге тұ нжыраң қ ы, сө зге сараң, жолдастарымен ашылып сө йлеспей шеттең кіреп жү ретін, бірақ ө з ісін жақ сы білетін-ді. Сірә, капитан Гуль Негороны танып жалдаса керек, ө йткені

«Пилигримде» қ ызмет еткен уақ ытының ішінде оны ешкім кінә лап кө рген емес.


Ә йтсе де капитан Гуль ө зінің жаң а аспазының ө ткен ө мірі жайлы мә лімет ала алмай кеткеніне ө кінішті еді. Португалдық тың сырт пішіні, ә сіресе оның ойнақ ы кө зқ арасы капитанғ а ұ наң қ ырамайтын. Қ ұ ртымдай ғ ана кит аулайтын кемедегі шағ ын топтың ә рбір адамы бес саусақ тай мә лім болуы шарт, ынтымақ ты топқ а жат біреуді қ осудан бұ рын, ол адамның ө ткен ө мірін тү гел білу керек.

Негороның жасы қ ырық ты қ усырып қ алғ ан. Ө ң і қ ара торы, шашы мойылдай қ ара, ашаң дау келген жылпос адам, аласа бойлы болса да қ айратты жігіттің тү рін байқ атады. Ө зі нендей де болса бірер мамандық білім алғ ан болар? Оның оқ та- текте аузынан шық қ ан сө зіне қ арағ анда, оқ ығ ан адам сияқ ты. Негоро ө зінің бұ рынғ ы ө мірі мен ү й іші туралы лә м деп жақ ашпайды. Оның бұ ғ ан дейін қ айда тұ рып, қ айда жү ргені, не істегендігі ешкімге мә лім емес. Оның келешек ө мірінен кү тетіні не, ешкім бұ дан да хабардар емес. Кемедегі жұ рттың бар білетіні, Вальпарайсо жағ алауына жетісімен Негороның қ ызметтен босану ниетінде екендігі ғ ана.

Тегі, Негоро тең ізші емес. Себебі ө мірінің кө бісін тең ізде ө ткізген аспаздармен салыстырғ анда, Негороның тең із ісін анағ ұ рлым аз білетіндігін жолдастары байқ ап қ алғ ан-ды. Бірақ ол тең із сырқ атына шалдығ ып ауырғ ан жоқ бұ л жағ дай кеме аспазы ү шін аса зор ерекшелік болатын.

Негоро палубағ а сирек шығ атын. Ұ зақ кү нді, ішінің кө п жерін плита алып тұ рғ ан кішкене ғ ана камбузда1ө ткізеді. Қ араң ғ ы тү сісімен плитаның отын ө шіріп, кеме тұ мсығ ындағ ы ө зінің тығ ырық тай ғ ана ү йшігіне баратын да, басы жастық қ а тиісімен ұ йық тап қ алатын.

«Пилигримнің» экипажы кө птен бірге істеп келе жатқ ан бес қ арт матрос пен тең із ісін жаң а ү йреніп жү рген бір жасө спірім – не бары алты-ақ адамнан қ ұ рылғ ан.

Бұ л жас матрос ата-анасы белгісіз жетім бала еді. Ол сә би кү нінде бө тен біреудің есігі алдынан табылып, тә рбие ү йінде ө скен.


Бала Дик Сэнд атанып кетті, сірә, ол Нью-Йорк штатында туса керек, тіптен Нью-Йорктың ө зінде тууы да ық тимал. Тастанды нә рестеге Ричард деген аттан қ ысқ артып Дик деп есім қ ойылды; бұ л ат сә биді тауып алып, оғ ан аяушылық етіп, тә рбие ү йіне апарып тапсырғ ан мейірбан жү ргіншінің қ ұ рметіне қ ойылғ ан болатын. Балағ а Сэнд1деген фамилия берілді, Диктің табылғ ан жері Гурдон ө зенінің жағ асы, Нью- Йорк портына кіре берістегі Сэнд-Гуктың қ ұ мдауыт шығ анағ ы болатын, Сэнд деген фамилия нә рестенің табылғ ан жерінен

алынғ ан еді.

Дик Сэнд онша бойшаң болмаса да шымыр денелі, кө кшіл кө зінен от шашырап тұ рғ ан, қ оң ыр шашты бала еді. Тең ізшілердің ауыр тұ рмысы оны келешектегі тұ рмыс талқ ысына дайындап та қ ойғ ан. Оның пайымды кескінінен жігер кө рініп тұ р. Бұ л тек батыл адамғ а ғ ана тә н кескін емес, сонымен қ атар қ ажымас талапты да аң ғ артады.

Ол он бес жасынан-ақ белгілі бір мақ сат кө здеп, сол пікірін ақ ырына дейін аяқ тай білді. Ө з қ атарының кө бісінен Диктің бір ерекшелігі – сө зге сараң, тұ спалдап сө йлеуді білмейтін-ді. Балалық дә уренінде келешекті ойлайтын бала сирек кездеседі ғ ой, ал Дик Сэнд сол жастың ө зінде-ақ алдағ ы ө мірден ө з ү лесін аң ғ ара біліп, «ат болар қ ұ лын талпынып туар» дегендей, «адам боламын» деп ө зіне-ө зі серт берді.

Дик ө з дегеніне жетті де. Ө з қ атарлылары балалық тан ажырай алмай жү рген кезде, ол кә дімгі салауатты адам қ атарына косылды. Аяқ -қ олы бірдей жұ мыс істейтін талантты адамдардың бірі, қ олынан келмейтіні жоқ іскер бала еді Дик Сэнд. Ол шапшаң да икемді, қ айратты да тапқ ыр болғ андық тан, қ олғ а алғ ан жұ мысын жапырып жіберетін, кіммен болса да тең тү сетін-ді.

Диктің тә рбие ү йінде ө сіп, ер жеткенін айтып ө ттік. Ол тө рт жасында-ақ оқ и білді. Сегізге келгенде оң тү стік елдерге


қ атынап жү рген бір кемеге юнга1болып орналасты. Оның барлық ық ыласы бала шағ ынан-ақ тең ізге ауғ ан еді.

Дик Сэнд кемеде жү ріп тең ізшілік ө нерін ү йренді. Талантты баланы кеме офицерлері ұ натып, оның тең із ө нерін ү йренуіне шын ық ыласымен басшылық етті.

Ең бек ө мір заң ы екенін кімде-кім бала шағ ынан аң ғ арса, кімде-кім нанның тек қ ана маң дай терімен табылатынын жастайынан ұ қ са, соның қ олынан ерлік те келеді. Ө йткені ерлік істеу керек болса, ерлікті орындайтын кү ш пен жігер мұ ндай адамдардан керекті кү нінде, керекті сағ атында табыла береді.

Дик істеп жү рген кемені басқ аратын капитан Гуль қ абілетті балағ а ерекше назар аударды. Батыл бала жігерлі тең ізшіге аса ұ нады. Ол Сан-Францискоғ а қ айтқ ан соң, баланың жайын кеме қ ожасына баяндады. Джэмс Уэлдон баланың тағ дырымен танысқ ан соң, юнганы оқ уғ а беріп, оның мектеп бітіріп шығ уына жә рдем етті.

Дик Сэнд білім алуғ а бар ық ыласын сала кірісті. Ол ә сіресе география мен саяхатшылар тарихына ерекше кө ң іл бө лді. Мектепте жоғ ары математика мен навигациядан2сабақ берілмегеніне бала қ атты қ ынжылды. Ол мектеп бітірген соң Джемс Уэлдонның кит аулайтын кемесіне матрос болып қ ызметке орналасты. Нағ ыз матрос болып шығ у ү шін, алыс сапарғ а қ атынайтын сапардан гө рі, кит аулау кә сібінің маң ызды екендігін Дик жақ сы білді. Ойда жоқ та тап бола кететін қ иын жағ дайларғ а тайсалмай қ арсы тұ ра аларлық тай матростық мамандығ ына дайындалып жү рген жастар ү шін кит аулайтын кемеде қ ызмет ету – тә жірибенің ең жақ сысы еді. Сондай кеме ө зінің қ амқ оршысы басқ арып жү рген

«Пилигрим» болып шық ты. Сө йтіп, жас матросқ а ең қ олайлы жағ дай туды.

Ө зін оқ ытып адам еткен Уэлдонның ү й-ішіне Диктің барынша борышты екенін оларғ а Диктің шын берілгендігін

 

1 Юнга – кемеде жү ріп тең із қ ызметін ү йренуші жасө спірім, кіші матрос.

2 Навигация – кеме басқ ару шеберлігінің ғ ылымы.


айтып жатудың қ ажеттігі болмас. Миссис Уэлдон ө зінің бө бегін ала «Пилигриммен» сапарғ а шығ атынын естігенде, Диктің қ атты қ уанғ аны да тү сінікті. Миссис Уэлдон соң ғ ы жылдары Диктің анасындай боп кеткен еді, ал Дик кішкентай Джекті ө зінің бірге туғ ан інісіндей кө ретін-ді.

Диктің бұ л ү йге шын берілгендігін жә не оғ ан сенуге болатындығ ын миссис Уэлдон да білді. Жас ә йелдің Дикке шын сенгендігі – оның кішкентай бө бегі Джек соның қ арауында болды. Ө зін «ағ асы» жақ сы кө ретінін біліп, бала да Дикке тығ ыла тү сетін.

Ауа райы жақ сы болып, ашық тең із желкендердің бә рін желге кернетіп жү зген шақ та, матростар кө біне бос болатын. Дик Сэнд ө зінің бос уақ ыттарының бә рін Джекті ойнатуғ а жұ мсайтын-ды. Жас матрос баланы алдарқ ата жү ріп, оғ ан тең із ісінің неше тү рлі қ ызық тарын кө рсететін.

Кішкентай Джек мачтағ а шығ ып, тө мен шү йілген бү ркітше арқ аннан ұ стап, палубағ а қ арай зымыраса, оғ ан анасы қ орық пай қ арайтын. Бес жасар Джектің ә лсіз қ олы жазатайым арқ аннан айырылып қ алса, дереу ұ стай алу ү шін Дик ү немі ә зір тұ рушы еді. Ауыр науқ астан жаң а ғ ана кө терілген балағ а таза ауа мен дене шынық тыру ісі аса зор пайда етті. Тең із желі мен кү нделікті дене шынық тыру ісі баланың бордай бозарып кеткен ө ң ін қ ысқ а мерзімнің ішінде бұ рынғ ы тү ріне қ айта келтірді.

Жолаушылардың Жаң а Зеландиядан Америкағ а қ айту сапары осы сияқ ты тамаша жағ дайда ө те берді. Егер жел шығ ыстан соғ ып, кеме бет алғ ан бағ ытынан бұ рыс кетпесе,

«Пилигрим» экипажы мен ондағ ы жолаушылардың бұ л сапарғ а ренжірлік хақ ы жоқ -ты.

Дегенмен қ арсыласып қ арсы соқ қ ан желдің сың айы капитан Гульге ұ намады. Ол кемені бет алғ ан бағ ытқ а қ арай тұ ра жү ргізудің амалын таба алмай-ақ қ ойды. Экваториалдық ағ ыстың кемені батысқ а қ арай айдап ә кететінінен де қ орық қ ан жоқ, тек қ ана ақ ырында тропиктік Козерог тымығ ына тап боламыз ба деп қ ауіптенді. Сапарғ а ауа райының нашарлығ ы


 

 


тосқ ауыл болды, ә рине, бұ ғ ан капитан кінә лі емес, ә йтсе де миссис Уэлдонның жайын ойлап оның мазасы кетті. Егер Америкағ а бара жатқ ан трансокеандық пароходтардың бірі

«Пилигримге» кездесе қ алса, капитан ө з кемесіндегі жолаушы ә йелді соғ ан ауысып мінуге қ айтсе де ү гіттеп кө ндірер еді. Бірақ сапарың қ ырсық са болмайды екен, бұ л кездері

«Пилигрим» жоғ ары ендікте жү рген-ді. Панамағ а баратын пароходты бұ л маң айдан кездесер деп ү міттену қ иын еді. Оның ү стіне Австралия мен Жаң а Зеландия арасындағ ы қ атынас соң ғ ы кездердегідей жиі емес, ө те сирек болатын- ды.

Капитан Гульдің ендігі қ олданатын шарасы, тек ауа райының ө згеруін кү ту ғ ана. Бірқ алыпты ө тіп жатқ ан тең із саяхатшыларының кө ң іл-хошын ешнә рсе бұ за алмайтын сияқ ты. Ә йтсе де, ақ панның екісі кү ні, ә ң гімеміздің басында айтылып ө ткен ендік пен бойлық та ойда жоқ бір оқ иғ а болды. Кү н ашық та шуақ ты еді. Ертең гі сағ ат тоғ ыздың кезінде Дик Сэнд пен Джек бизан-мачтаның рейіне1шық ты. Олар биікте тұ рып кеменің палубасына қ арады, сосын толқ ып жатқ ан тең іздің кө кжиекпен ұ штасқ ан жеріне дейін кө з жіберді. Бұ лардың артында кө кжиектің шамалы жерін кө легейлеп кө лбеу гротты грот-мачта зің киіп тұ р. Алдың ғ ы жақ та, қ анат жайғ ан қ ұ с сияқ танып, стаксель мен кливерлі сү йір бушприт тұ р. Аяқ тарының астында жел кернеп кү мпиген фок, тастө беде фок-марсель. Кеме мү мкіндігі болғ анынша желге

қ арсы жү ріп келеді.

«Пилигрим» штирбортқ а2таман кө лбей тү ссе де, кеменің аударылып кетпеу себебі, ү стіндегі жү ктің тең тиелгендігінен

 

1 Рей – мачта басындағ ы желкен бекітетін кө лденең ағ аш; бизан-мачта –артқ ы мачта; грот-мачта – алдың ғ ы жақ тағ ы екінші мачта; грот – грот-мачтаның тө менгі желкені; бушприт – желкенді кеменің тұ мсығ ында тік немесе кө лбеу тұ ратын сырғ ауыл; кливер – бушприт пен алдың ғ ы мачтаның арасында қ иғ аш тұ ратын ү ш бұ рышты желкен; стаксель – қ иғ аш ү ш бұ рышты желкен, оны мачталар арасына немесе кейбір жағ дайларда бушприт пен алдың ғ ы мачтаның арасынада қ ояды; фок – алдың ғ ы мачтаның (фок-мачтаның) желкені; фок-марсель – алдың ғ ы мачтаның желкені.

2 Штирборт – кеменің оң жақ борты.


екендігін Дик Сэнд кішкентай Джекке тү сіндіріп тұ р еді, бала кенет айқ айлап, оның сө зін бө лді:

– Анау не?!

– Джек, сен бірдең е кө ріп тұ рсың ба? – деп сұ рады рей ү стінде тікесінен тұ рғ ан Дик Сэнд.

– Ие, ие! Ә не, ана жақ та! – деді Джек, кливер мен стаксель арасындағ ы ашық қ а қ арай сұ қ қ олын шошайтып.

Дик Сэнд Джектің сілтеген жағ ына бұ рылып қ арады да, бар даусымен айқ айлап жіберді:

– Алдымызда, жел жақ та, сол жақ бортқ а таман бір кеме кө рінеді!

 


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.011 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал