Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Синергетика методологиясы.






2. Диалектика жә не метафизика.

Енді танымдағ ы ең жалпы (универсалды, яғ ни, философиялық) методологияғ а келер болсақ, ол:

A) барлық ғ ылым саласында қ олданылады

B) оның негізгі қ ағ идалары нақ тылы жү ріп жатқ ан зерттеудің басынан аяғ ына дейін басшылық қ а алынады.

Ғ ылымда универсалдық методология қ ағ идаларының болуы Дү ниеиің біртұ тастығ ымен байланысты. Ө лі, тірі табиғ ат, қ оғ ам ө мірі, ойлау ү рдістері - бә рі де белгілі бір ең жалпы даму заң дылық тарына бағ ынады. Осы тұ рғ ыдан алып қ арағ анда, сонау кө не заманнан бастап Дү ниетану саласында екі бір-біріне қ арсы тұ рғ ан кө зқ арас пайда болды. Олар - диалектика жә не метафизика.

Кө не заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығ ыс пен Батыста бірдей қ алыптаса бастады. Дү ние - ағ ым, ө зен, - деді Гераклит. Қ ытай данасы Лао-цзы болса, қ арама-қ арсылық тың бір-біріне ө тетінін айтып қ ана қ оймай, одан ө мірге керек қ ағ идалар шығ арды. " Қ иындық ты жең у ү шін жең ілден баста, ұ лылық қ а жету ү шін кішіден баста, бақ ытқ а жету ү шін бақ ытсыздық тан ө ту керек (ә йтпесе, бақ ытты екенің ді қ айдан білесің)..." т.с.с. Грек топырағ ында ұ лы Сократ алғ ашқ ылардың бірі болып ой қ айшылық тарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қ озғ алысты қ алайша ой арқ ылы беруге болатындық ты зерттеді...

Жаң а дә уірде неміс философиясының ұ лы ө кілі Г.Гегель адамзат рухани ө рлеу тарихын ұ қ ыпты зерттеп диалектикалық ойлау методологиясын жасады.

XIX ғ. марксизмде Гегельдің идеялары ә рі қ арай дамытылып, тек ой ө рісі ғ ана емес, бү кіл Дү ниедегі барлық даму ү рдістері диалектикалық заң дар мен категориялардың негізінде жү ретіні, олай болса, таным мен қ исынның ө здері де соларғ а сә йкес келетіні жө нінде терең ойлар айтылды. Бү кіл XX г. жаратылыстану мен ә леуметтану нә тижелері - диалектикалық методологияның салтанатты ө рлеуі болды десек асыра айтпағ ан болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар коғ амтану пә ндеріне, содан кейін биология саласына, ХХғ. физика, астрофизика, химия, геология т.с.с. ғ ылымдарғ а кірді.

Ә рине, ғ ылым тану методологиясы да бір орнында тұ рып қ алмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста " синергетика" (бірге іс-ә рекет жасау мағ насын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қ алағ ан И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық жә не ө з-ө зіне толығ ынан тең емес жү йелердің ө зіндік ұ йымдасуы мен ө згеру, даму заң дылық тарын зерттейтін ілім. Ал, енді осы берілген анық таманы талдап кө релік.

Ашық жү йе, ә рине, ешқ ашанда ө з-ө зіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, ө йткені, ол жү йеге неше-тү рлі басқ а заттар мен қ ұ былыстар ө з ә серін тигізбей қ оймайды. Бірақ, бү кіл Дү ниені біртұ тас " Ү лкен Жү йе" ретінде қ арасақ, онда оның тепе-тең дігін кім, я болмаса, не бұ зады?, - деген сұ рақ пайда болуы мү мкін. Қ азіргі ғ ылым оны вакуумнан кө реді.

Енді " ө зіндік ұ йымдасу" ұ ғ ымына келер болсақ, бұ л идея философия тарихында кө птен бері бар. Материяның ішкі ө зіндік кү ші арқ ылы дамуғ а мү мкінгі бары жө нінде уақ ытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқ ты ойшылдар айтқ ан болатын. Бірақ, ө лі табиғ атты зерттейтін жаратылыстану ғ ылымдарында кө пке дейін " теормодинамиканың екінші бастамасы", яғ ни, табиғ атта болып жатқ ан энтропия (ыдырау, хаосқ а айналу) заң ы " ө зіндік ұ йымдасу" идеясына ө з кедергісін тигізген болатын. Сондық тан, биология саласына Ч.Дарвин ең гізген " эволюция, кү рделену" зандылық тары, жалпы жаратылыс тану ғ ылымында ү лкен қ айшылық ты тудырды. Бір жағ ынан энтропия зандылығ ы Дү ние бара-бара суып, тұ рпайыланып хаосқ а айналады десе, екінші жағ ынан, биология ғ ылымы тіршіліктің ү не бойы кү рделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қ айшылық ты шешеді.

Синергетика ғ ылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық ү рдістегі конструктивтік, тә ртіпті тудыру мү мкіндігін кө рсетеді. Бір жағ ынан Дү ниеде ыдырау, шашылу, тарау ү рдістері жү ріп жатса, екінші жағ ынан, кү рделену, тә ртіпке келу, дамуды байқ ауғ а болады.

Енді ө згеру, даму заң дылық тарына келер болсақ, ол Дү ниедегі барлық заттар мен қ ұ былыстарғ а (ө лі, тірі табиғ атқ а, қ оғ ам ө міріне, ой ө рісі дамуына) ортақ болып шық ты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағ ы ашық та тепе-тең дікте емес жү йе алғ ашында бірте-бірте кү рделене жә не тә ртіптене тү сіп, ақ ырында ө зінің бейтұ рақ тық бифуркациялық (ә р тараптық) нү ктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық тү рде, ә рі қ арай тұ рақ ты дамудың сан-қ илы жолдары ашылады. Жү йенің қ ай жолғ а тү сетіні - белгісіз, тек оны анық тайтын " Ұ лы Мә ртебелі Кездейсоқ тық ". Ол даму механизмінің қ ажетті кілті. Сонымен, бұ л теорияның " ақ ылғ а симайтын" ғ ажап жағ ы - кездейсоқ ттың дамудағ ы ерекше рө лі. Шексіз кездейсоқ тық тардың біреуі " таң далғ аннан" кейін, жү йе жаң а тұ рақ ты даму барысына кө шеді (келесі бифуркациялық нү ктеге дейін).

Ә ң гіменің қ иындығ ы мынада. Мұ ндай жү йенің ә рі карай даму жолын алдын-ала анық тау тіпті де мү мкін емес. Ә рине, компьютерлік бағ дарламалар арқ ылы біршама даму жолдарын анық тауғ а болады. Дегенмен де, жү йенің қ ай жолмен ә рі қ арай дамитыны ә рқ ашанда белгісіз болып қ ала береді. Сонымен, даму барысындағ ы кө птінділік мойындалды да, бұ рынғ ы классикалық біртінділік даму зандылық тары (заттың дамуының бастауын, қ азіргі ақ уалын зерттеп болашақ та не болатынын болжау) сирек кездесетін қ ұ былысқ а айналды.

Синергетика іліміндегі флуктуация ұ ғ ымының (болар-болмас нә рсенің бейнақ тылық дә режеге кө терілген ү лкен кү рделі жү йені жаң а даму жолына тү сіріп жіберу мү мкіндігі) қ оғ амтануда, саясаттағ ы рө лі зор. Қ оғ ам ө міріндегі даму ү рдістері бифуркациялық нү ктеге жақ ындағ ан кезде, қ айсыбір кездейсоқ тық оқ иғ а, тіпті жеке адамның іс-ә рекеті, ойламағ ан жерде ү лкен ә леуметтік дү мпулерге ә келуі мумкін.

Сонымен, синергетика - философиялық -методологиялық дә режеге кө терілген соң ғ ы жылдардағ ы теория десек қ ателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқ асында біршама диалектикалық категориялар - мү мкіндік пен шындық, кездейсоқ тық, біртінділік пен кө птінділік, ақ парат, қ айшылық, себептік т.с.с. - ө здерінің жаң а жақ тарымен кө рініп, ғ ылымда басқ аша елеулі мағ ынада қ олданыла бастады.

Кілт сө здер: Хаос, Ұ йымдасу, Заң дылық, Флуктуация

 

12-ТАҚ ЫРЫП. Танымның мү мкіндіктері мен шекаралары. Ғ ылыми таным ерекшеліктері


Поделиться с друзьями:

mylektsii.su - Мои Лекции - 2015-2024 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал